Шабандоздар
Бір нұсқа бойынша, адам алғаш рет біздің дәуірімізге дейінгі үш мың жыл бұрын қазіргі Солтүстік Қазақстанның аумағында жылқыны қолға үйреткен. Бұл энеолит кезеңіндегі Ботай мәдениеті кезінде болды. Белгілі қазақстандық ғалым Виктор Зайберт оның шекарасы б. з. д. XXIX - XXI ғғ. шегінде деп анықтайды.☝️
Қазақстанның петроглифтік кешендеріндегі шабандоздардың алғашқы суреттері қола дәуіріне жатады. Шабандоздар атқа немесе түйеге мініп, ер-тоқымсыз және үзенгісіз күйде бейнеленген. Кейінгі қола дәуірінде айдаушылар басқаратын ат жегілген күймелі арбалар пайда болады.😉
Сақ кезеңінде кейбір суреттерде ер-тоқымдар, ал түркі кезеңінде – айқын сызылған үзеңгілер кездесе бастайды.
Үлкен шайқастарды бейнелейтін бүтін композициялар бар.😊 Арқарлы қорығында еріктілер ерлікпен құтқарған, адамның шаруашылық қызметінен зардап шеккен осындай көріністердің бірі – "Арқалан" петроглифтер паркінің экспозициясына кірді.
"Арқалан" – Орталық Азиядағы түркі петроглифтерінің бірегей көшірмелерінің алғашқы паркі.
"Арқалан" паркі – "Петроглиф аңшылары" ҚҚ, "Ботаника және фитоинтродукция институты", сондай-ақ А.Х. Марғұлан атындағы Археология Институты қызметкерлерінің бірлескен жобасы.
Ашылуы 2024 жылдың соңына жоспарланған.
Сіз осы паркті құруға "Арқалан" деп белгіленген "Петроглиф аңшылары" QR кодымен немесе краудфандинг платформасында төлем жіберу арқылы үлес қоса аласыз.❤️
http://surl.li/nrzyss