February 14

БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫНА ШАҚЫРУ

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 18 ақпан күні сағат 12:00-де Қазақстан баспасөз клубына Көксу өзенінде ГЭС каскады құрылысының ықтимал зардаптарына арналған баспасөз мәслихатына шақырамыз.

Көксу өзенінде су электр станцияларының каскадын салу жоспарлануда. Кербұлақ ауданының (Жетісу облысы) аумағында жалпы орнатылған қуаты 42 МВт Рудничный ГЭС-1 және Рудничный ГЭС-2 құрылысы жүргізілуде. Қуаттылығы 7 МВт Жоғарғы-Талапты су электр станциясының құрылысы да аяқталуға жақын.

Құрылыс жұмыстары Орхус конвенциясының 4 және 6-баптары және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 13, 14 және 17-баптары талап еткендей, қоғамды тиісті түрде хабардар етпестен басталған.

Құрылыс нәтижесінде:

● Құрылыс алаңдарынан төмен орналасқан Көксу өзенінің алқабында орналасқан елді мекендер техногендік апат қаупіне ұшырауы мүмкін, себебі бұл аумақ сел және сейсмикалық қауіпті аймақ болып саналады.

● Көксу өзенінің аңғарында орналасқан көптеген археологиялық ескерткіштер, қоныстар, қорымдар, қола дәуіріне жататын жартастағы суреттер қайтарымсыз жоғалуы мүмкін.

● 2021 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне ұсыну үшін Қазақстан Республикасынан Болжалды тізімге енгізілген халықаралық маңызы бар Ешкіөлмес ескерткішінің табиғи археологиялық ландшафтына қауіп төніп тұр.

● Су спорты түрлері бойынша тұрақты спорттық жарыстар (соның ішінде халықаралық жарыстар) тоқтатылады. Осының салдарынан аймақ іс-шаралық туризм нысандарынан айырылады, бұл өңірдегі және бүкіл елдегі туризм индустриясының дамуын бәсеңдетеді.

Баспасөз мәслихатының спикерлері:

Ольга Гумирова, «Охотники за петроглифами» ҚҚ атқарушы директоры;

Мұхтар Тайжан, қоғам қайраткері;

Константин О, Қазақстан рафтинг федерациясының президенті;

Сергей Куратов, «Жасыл құтқару» экологиялық қоғамының төрағасы;

Александр Горячев, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері.

Өтініш: іс-шараға қатысуыңызды растаңыз, орындар саны шектеулі.

Уақыты: 18 ақпан 2025 ж.

Басталуы: 12:00.

Өткізілетін орны: Қазақстан баспасөз клубы. Сатти ТК​, Самал-2 шағын ауданы, 58, ​7 қабат.

https://2gis.kz/almaty/firm/9429940000873240

Байланыс телефоны: +7 707 677 2878 - Юрий Дорохов.

Фотосурет: Юрий Дорохов