15 ақпанда Алматыда Ұлттық баспасөз клубында «Талдықорған өңіріндегі бірегей петроглифтердің жойылу қаупі» тақырыбында брифинг өтті.
Бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 9 ақпанында кешке Қызылтас жотасының ауданында (Талдықорған қаласынан 4 шақырым жерде) екі өндірістік жарылыс болды. Оның бірін қала тұрғындары видеоға түсіріп алған. Бұл аймақта әлі ғалымдар зерттеп үлгермеген, тарихи ескерткіштің ресми мәртебесі жоқ петроглифтердің көп жинақталуы бар. Дегенмен сарапшылар мен ғылыми еріктілердің барлау нәтижелеріне сәйкес, мұнда бірегей, теңдесі жоқ жартас суреттері бар.🙏
⠀
«Петроглифтердің ізшілері» ҚҚ үйлестірушісі Ольга Гумированың айтуынша, «Өткен жылы «Атамекен» РКП алаңында жұртшылық, әкімдік өкілдері мен диорит өндіруші «Темірбетон» кәсіпорны (холдинг құрамында АСПМК-519 ) диалогы арқылы келісімге қол жеткізілді. Ол үшін еріктілер соған қатысты құжаттар топтамасын, оның ішінде техникалық-экономикалық негіздемесін, қоғамдық тыңдаулар хаттамасын, археологиялық сараптаманы, апаттық қазба жұмыстары туралы есептерді және т.б. алуы керек болды, сонымен қатар Мәдениет министрлігінің қамқорлығындағы комиссияны тарту ұсынылды. Қоғам белсенділері құжаттарын сол күйі алған жоқ.😮
⠀
Комиссияның қорытындысына қатысты сұрақтар көп.
⠀
Ал 9 ақпанда кәсіпорын жұмысын қайта бастады. Қызылтас жотасы алып кешен болғандықтан дау-дамай таусылар емес және ол шешілмей жатуы да қалыпты нәрсе. Біз мұқият тексеруді ұсындық. Қазір біз басқа да әзірлемелер болуы мүмкін екенін білеміз».
⠀
Қоғам белсенділері жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, археологиялық және экологиялық сараптама материалдарын, қоғамдық тыңдау хаттамасын және 32 сақ қорғанында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының есебін сұрады. Алайда «Темірбетон» ЖШС мен «Казархеология» ЖШС (археологиялық сараптама жүргізген) археологиялық зерттеулер бойынша халыққа толық есеп беруден бас тартады.
⠀
Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан: «Ескерткіштерді қорғауда жүйелі заң бұзушылықты көріп отырмын. Рұқсат алу үшін бір жеке компания екінші жеке компанияға ақша үшін – рұқсат алу үшін жүгінеді. Бұл тікелей мүдделер қақтығысы. Мен 200-ден астам жеке ұйымдардың мұндай рұқсаттарды беруге құқығы бар екенін білдім. Бұл, менің ойымша, біздің заңнамадағы жүйелі қателік. Депутаттарға осыған назар аударуға кеңес беремін. Ескерткіштерді сақтаудың барлық мәселелері мемлекеттің құзырында болуы керек».
⠀
Текелі қалалық қоғамдық палатаның өкілі Наталья Хабарова: «Өткен жылы Талдықорған қаласының әкімі ескерткіштерді жоюды тоқтатамыз деп жұртшылық алдында уәде берген болатын. Бірақ бұл сөз болып қалды. Жергілікті қоғам қайраткері Динара Бәкірова 2020 жылдан бері облыс, қала әкімі аппаратынан бастап, барлық құзырлы органдарға жүгінгенімен, оның өтініштері елеусіз қалып отыр».
⠀
«Зеленое спасение» («Жасыл құтқару») экологиялық қоғамының жетекшісі Сергей Куратов: «Петроглифтер сияқты ескерткіштерді жылжыту мүмкін емес, өйткені жартастағы бейнелер, қорғандар мен жартастар біртұтас дүние болып кірігіп кеткен. Бұл мәдени ландшафт. Олар адам мен табиғаттың біріккен туындылары, тарихи, мәдени және экологиялық тұрғыдан алғанда ерекше жалпыадамзаттық құндылыққа ие археологиялық ескерткіштер».
⠀
Брифингке қатысушылар көпшілікті тарта отырып, тексерісті қайта ұйымдастыру қажеттігін айтты.☝️
⠀
Қоғам қайраткерлерінің ЖШС "Темірбетон" және ЖШС "Қазархеология" өкілдерімен кездесу. Фотограф - Әнел Айбасова.👌