Асыл бұғы
Тасқа қашалған таңғалдыратын әрі жиі кездесетін бейнелердің бірі – бұғы бейнесі, ол бұтақталған мүйіздерімен ерекшеленеді. 🤗
Кеңінен таралған бұл бейнелер ерте темір дәуіріне жатады. Бұғы сақ тайпалары арасында тотемдік жануар болған. Кейбір ғалымдардың айтуынша, сақтар бұғыларды өздерінің арғы атасы санаған. Тайпа атауының өзі скифтердің сақ – «бұғы» деген сөзінен шыққан.☝️
Асыл бұғы олар үшін космогониялық бейне болды. Ол аспанмен, күнмен және жекелеген шоқжұлдыздармен бірдей болды.
Аналық бұғының лақтарымен бірге бейнеленген суреттері кездеседі. Зерттеушілер бұл әйелдер құдайы – Ұмайдың алғашқы прототиптері деп есептейді (оған табыну кейінгі түркі дәуірінде пайда болған).
Түркі дәуірінде петроглифтік өнерден бұғының бейнелері бірте-бірте азайып, сақ дәуірінің ең жарқын нышандарының бірі болып қала берді.🤔
2007 жылы Қазақстанның Ұлттық банкі сегіз тиыннан тұратын «Қазақстанның петроглифтері» сериясын шығарды. Әрбір монета еліміздің аумағынан табылған петроглифтердегі бейнелерге арналған. Сериядағы монеталардың бірінде асыл бұғы бейнеленген.🫶
Суретті түсірген Сергей Алексеенок