«Арқалан» Петроглифтер саябағындағы қорытынды жұмыстар
«Арқалан» Петроглифтер саябағында соңғы жұмыстар басталды. Қазір түркі петроглифтерінің көшірмелері бар тастарды орнату жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл қазақтың белгілі суретші-петроглифшісі Санжар Жұбановтың авторлық интерпретациясымен жасалған Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі петроглифтердің көшірмелері. Оның туындылары табиғаттың көрікті жерлері мен Қазақстандық, шетелдік галереяларда да кездеседі. 👌
Кейінірек түркі мифологиясындағы мотивтерге негізделген стелаларды орнату басталады. Стеллаларды мүсінші Саид Айнеков жасаған.
Саябақ Алматы қаласының Бас ботаникалық бағының оңтүстік-шығыс бөлігінде, «Қазақстан» экспозициясының аумағында орналасқан. Ауданы шамамен 2660 шаршы метрді құрайды. Ол Ұлы даланың экожүйесін жаңғыртып, Қазақстанның дала өсімдіктерінің топтамасын ұсынады.
Саябақ биыл күзде ашылады. 😉
«Арқалан» Петроглифтер саябағы – Орталық Азияда теңдесі жоқ бірегей өнер нысаны. Жобаның мақсаты – Қазақстан тарихын сақтау және танымал ету.
Саябақ «Петроглифтер ізшілері» қоғамдық қоры мен «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК-ның бастамасымен құрылуда.
«Арқалан» Петроглифтер саябағын құру идеясы ұзақ уақыт бойы айтылып келген. Оның авторлары – мәдениеттанушы Зира Наурызбай, әуесқой тарихшы, «Петроглиф ізшілері» қорының атқарушы директоры Ольга Гумирова және сәулетші Светлана Лизунова.
Саябақ DNA Payments компаниясы мен оның негізін қалаушы Нұрлан Жағыпаровтың, сондай-ақ «Еуразиялық банк» АҚ қаржылық қолдауының арқасында пайда болды.
Жобаның ғылыми кеңесшілері «Қырым аралы» ғылыми реставрация зертханасының құрушысы және меңгерушісі, реставратор Қырым Алтынбеков және Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының аға ғылыми қызметкері, археолог Александр Горячев болды.😊
Краудфандинг платформасын пайдалана отырып, саябақты құруға көптеген адамдар үлес қосты (есепті кейінірек береміз).
Ашылғаннан кейін «Арқалан» Петроглифтер саябағы Алматының Бас ботаникалық бағына тегін беріледі.❤️