«Таза Қазақстан» акциясы
Қазіргі уақытта тұрмыстық вандализм мысалдарын қоршаған ортада жиі кездестіреміз. Бұл қалалар мен ауылдардың көшелеріне ғана емес, сонымен қатар табиғи қорықтар мен мәдени-тарихи ескерткіштерге де қатысты. 😡
Биыл Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясының бастамасын көтерді.💪
Қазақстандықтар бес апта бойы, яғни 8 сәуір мен 11 мамыр аралығында ортақ үйімізге, елімізге деген жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған мәдени және қайырымдылық шараларға қатысады.👌
«Таза өлке» атты алғашқы аптада елді мекендердің аулалары мен аумақтарын тазалайды.
Екінші «Киелі мекен» аптасы тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумақтарын абаттандыруға арналады.
«Жасыл аймақ» атты үшінші аптада айналаның көгалдандыруын қамтамасыз етіп, жасыл желек отырғызу.
Төртінші «Өнегелі ұрпақ» - ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумақтарын абаттандыру.
Бесінші «Мөлдір бұлақ» аптасында су айдындары – өзен-көлдердің айналасын қоқыстан тазартады.
Бүгіннің өзінде акцияның екінші аптасы аясында «Петроглиф ізшілері» қоғамдық қорының кейбір еріктілері будда суреттерімен әйгілі Тамғалы-Тас трактінің аумағындағы Іле өзенінің жағасындағы жұмыстарға қатысуда. 👍
Достар, айналамызды таза ұстап, елімізді көркейтуге атсалысайық. Өйткені кез келген өзгерістер, ең алдымен, өзімізден басталады.🫶
Акция аясында өтіп жатқан шаралар және оларға қалай қатысуға болатыны туралы ақпаратты жергілікті БАҚ сайттарынан біле аласыздар.