Алматылық жүгірушілер Петроглифтер саябағын құруды қолдады
Өткен жексенбіде Баум тоғайында Summer Relay эстафеталық жарысы өтті. Бұл – мұндай жарыстардың жаңа форматы. Жүгіру әуесқойлары бар болғаны ерлер, әйелдер, аралас және корпоративті санаттарынан тұратын 5 адамдық команда жинап, сайыстарға қатысуы керек. 👌
Өткен жарыстарда Айжан атты тамаша есімді және жүгіруді ұнататын бес батыл қыз Aizhan&Co командасына жиналды.
Мұнда тек екі қатысушы ғана тұрақты түрде жүгіреді, бір Айжан жүзуге құмар болса, екеуі қазір декреттік демалыста. Бірақ бұл олардың «Арқалан» жобасын қолдау үшін бірге өнер көрсетуіне кедергі болмады! 💪
Қыздар ерекше дизайндағы жейделермен жүгірді. Ол Қазақстандағы шоғырлардан табылған петроглифтерге негізделген. Петроглифтерді «Петроглифтер ізшілері» қоғамдық қорының үйлестірушісі Ольга Гумирова таңдады, ал жейделердің дизайны мен жасалуын Индира Хаметчина мен оның алматылық тауарды өндіретін almaty.soul компаниясы қамтамасыз етті.☝️
Сіз де Отанымыздың тарихын сақтауға және насихаттауға үлес қоса аласыз.
Ол үшін петроглифтер салынған дизайнерлік жейделерді сатып алу жеткілікті. Түскен қаражаттың бір бөлігі Петроглиф саябағын құруға жұмсалады.
Немесе https://www.start-time.kz/project/details/2585/description краудфандинг платформасы арқылы жобаны қолдай аласыз.
Қаржы жинауды «Петроглифтер ізшілері» қоры жүзеге асырады. Сондай-ақ «Арқалан» деп белгіленген «Петроглифтер ізшілері» QR кодын пайдаланып, саябақты құруға үлес қоса аласыз.
Бірлігі күшті ел озады!❤️
Біз қыздарға қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамыз және оларға жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!🔥