Арпаөзен аумағындағы петроглифтер
Сәуірдің 14-і күні «Петроглиф ізшілері» ҚҚ еріктілері Арпаөзенге бір күндік сапармен барды. Еріктілер таңбалы тастың бірін жүріп өтті, онда культтік және аңшылық көріністер мен көптеген түйе бейнелері салынған таңбалар кездеседі . Сызбалардың көлемі 100 теңгелік монета көлеміндегі миниатюралардан бастап, түйенің бейнесіне дейін, шамамен 2 метрді құрайды.🫣
Олар үлкен тақтаға және дұға жасайтын адамдар бейнеленген көріністің орталық бөлігінде орналасқан. Көрініс ғасырлар бойы толықтырылып отырды және қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың салт-дәстүрін көрсететін орталық орын болды. ☝️
«Ізшілер» осында үлкен экспедиция жүргізіп, жақын маңдағы жартасты жерлерді егжей-тегжейлі зерттемекші. Өйткені таңбалы тастардың құпиялары әлі де көп болуы әбден мүмкін. 🤗
Арпаөзен – Қазақстандағы әйгілі петроглифтік кешендердің бірі. Түркістан облысы Созақ ауданы Қаратау жотасының етегінде орналасқан.
Ғалымдар мұнда 3000-ға дейін сызбалар мен көріністерді тапты. Петроглифтердің негізгі бөлігі қола дәуірі мен ерте темір дәуіріне жатады. Сонымен қатар түркі дәуірі мен жаңа дәуірдегі бейнелер де кездеседі.
Мұндағы петроглифтер жануарлар мен адам бейнелерінен бастап ғұрыптық көріністерге дейін алуан түрлі болып келеді.
Кешенді алғаш рет 1972 жылы М.Қадырбаев пен А.Марьяшев ашқан. 1974-1975 жылдары ОКАЭ Қаратау жасағы зерттеді.👍
Қазіргі уақытта кешен ЮНЕСКО-ның халықаралық мәдени мұра тізіміне енгізуге дайындалуда.
Фото: Сергей Алексеенок