June 7, 2024

Баян-Жүрек шоғырының петроглифтері

Жақында біз Баян-жүрек шоғырындағы бақсылардың бейнелерін атап өттік, бүгін соған кеңірек тоқталайық.😉
Шоғырға Баян-Жүрек (Баянжүрек) тауының аты берілген. Бұл атау «құдіретті жүрек» деген мағынаны білдіреді. Таулар салыстырмалы түрде аласа болып келеді және бірнеше ұсақ сілемдері бар. Биіктігі теңіз деңгейінен 2079 метр. Жетісу облысы Ақсу ауданында орналасқан. Батыс бөлігіндегі беткейлерінде ерте қола дәуіріне жататын петроглифтердің шоғырлары кездеседі.
Оларды ХІХ ғасырдың аяғында орыс зерттеушісі, шығыстанушы Николай Пантусов ашқан.☝️
Бұл бейнелер біздің заманымызда 1993 жылы профессор Зейнолла Самашев басқарған қазақ-француз экспедициясы кезінде сипатталды. Шамамен осы уақытта оларды тағы бір аты аңызға айналған ғалым Алексей Марьяшев зерттеді.
Таулар тек сырттан қарағанда аласа болып көрінеді. Егер сіз тастардың өткір сынықтарына толы беткейлерге көтерілсеңіз, бұл ойыңыздан тез қайтасыз. Сызбалар көбінесе мөлдір террассаларда орналасқан, бұл ежелгі суретшілердің физикалық дайындығына таңғалудан басқа шара қалдырмайды. 🫶
Мұнда кәдімгі жануарлар, аңшылық көріністері және адам бейнесі бар ғұрыптық өмір суреттелген. Сондай-ақ салт аттылар, кейде түйеге мінген бейнелер де кездеседі.
Мұндағы сызбалар әртүрлі кезеңдерге – қола, темір, түркі дәуірлеріне жатады.👌
Таулардың Тасбас (тас басы) деп аталатын шығыс бөлігінде де бірен-саран бейнелер кездеседі, бірақ мұнда ғалымдар көбіне қола дәуірі мен одан кейінгі кезеңдердің қоныстарының қалдықтарын табуда. Азия, Қытай және Алтайдың қиылысқан жерінде жатқан бұл аймақ қола дәуірінде олардың мәдениетінің тоғысқан ортасы болды, ол петроглифтерде де көрініс тапқан. 🤗
Суретті түсірген: Сергей Алексеенок