October 31, 2018

Мұғалімдерге арналған біліктілік тестілеу

Ағымдағы жылдың 10 тамыздан - 6 қыркүйек аралығында Ұлттық біліктілік тестілеуге өтініштерді қабылдау жүргізілді.

Ұлттық біліктілік тестілеу- педагог қызметкерлері мен оған теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыреттілігінің деңгейін айқындауға бағытталған рәсім.

Жалпы республика бойынша - 54368 адам өтініш берді, оның ішінде; 

  1. Педагог-модераторға – 15218 адам,
  2. Педагог-сарапшыға – 19858 адам,
  3. Педагог-зерттеушіге – 17910 адам,
  4. Шебер педагог – 1382 адам.

Тестілеу қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек және тәжік тілінде өткізіледі. 

Ұлттық біліктілік тестілеу екі блоктан, жалпы 100 сұрақтан тұрады: «Қызмет бағыты бойынша» - 70 тапсырма, екінші блок «Педагогика және оқыту әдістемесі» - 30 тапсырмадан тұрады.

Тестілеудің жалпы уақыты - 3 сағат 20 минут (200 минут), ал «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін – 3 сағат 50 минут (230 минут). Тестілеудің нәтижесі әрбір блог үшін балл жинаған кезде, оң нәтиже ретінде қарастырылады: «Қызмет бағыты бойынша»: педагог-модератор - 50 %; педагог сарапшы - 60 %; педагог-зерттеуші - 70 %; шебер педагог - 80 %. «Педагогика және оқыту әдістемесі» бағыты бойынша:

  • педагог-модератор - 30 %;
  • педагог сарапшы - 30 %;
  • педагог-зерттеуші - 30 %;
  • шебер педагог - 30 %.

Тестілеудің өткізілу мерзімі – ағымдағы жылдың 3 – 5 қараша аралығында.


Біздің әлеуметтік желілер

Telegram

Instagram