October 7, 2019

ТАПСЫРМА

АНАНЫ ТАНУ

Анаңызды жақын түсіну үшін, ең алдымен анаңызды ТАНУЫҢЫЗ керек.

Ол туралы көбірек ақпарат білуге тырысыңыз.

Өзінен сұраңыз немесе бауырларынан, жақындарыңыздан сұраңыз:

Анаңыз қашан, қай жерде дүниеге келді?

Оны қалай тәрбиеледі?

Отбасында нешінші бала болды?

Ата-анасына ол қалаулы бала болды ма, жоқ әлде жәй көп баланың бірі болды ма?

Оның ата анасы қандай болды?

Сіздің анаңыз өз анасынан махаббат пен жылу ала алды ма?

Киер киімі, тамағы тоқ болды ма?

Ол балалық шағында қандай болды?

Қандай мектепте оқыды? Үлгерімі қандай болды?

Ол қандай адамдардың арасында өсті?

Тұрмысқа шыққанда анаңыздың жағдайы қандай болды?

❤ Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз. Жауап бере отырып, оның өткен өмірі қазіргі оның жағдайына, мінезіне, көңіл күйіне қалай әсер еткені жайлы ойланып көріңіз.

❤ АНАҒА ХАТ

Анаңызға психологиялық хат жазыңыз.

БАСТЫСЫ - хатта анаңыздың өзіне айта алмаған сөздеріңізді жазыңыз!

Көп жағдайда біз анамызға айта алмаған, айтылмаған сөздерімізге «тұншығып», қарым-қатынасты жылыта алмаймыз.

❤Ол хатты әрине анаңызға жібермейсіз!

Сондықтан да, ОЙЫҢЫЗДЫ АШЫҚ ЖАЗЫҢЫЗ!

Мейлі жақсы болсын, жаман болсын осы хатта сіз шынайы ойыңызды, сезіміңізді, ренішіңізді, өкпе-назыңызды, сыйластығыңызды, сағынышыңызды бәрін-бәрін жазыңыз.