November 27, 2020

Тапсырма №3 (Этап 1)

Бренд таңдау

  • Блогер, журналист, дүкен, үлкен компаниялар, тауар, бизнесмен, инфобизнесмен, өнер адамы, онлайн-дүкен, т.б.

Талаптары:

  • кемінде 50 000 жазылушысы бар
  • дизайны қарапайым болу
  • арсыз, зиянды нәрселер болмау (түнгі клуб, темекі, арақ т.б.)

Тапсырмалары:

  • Брендті таңдау себебіңіз жайлы кішігірім мақала
  • топ 3 баннерлерін тауып, қателерін зерттеу
  • брендтің сапалы фотоларын алу
  • логотипін алу (болмаса ештеңе етпейді)
  • брендпен байланысқан чаттың скриншоты
  • брендпен кездессе фотосы болу
  • бренд аудиториясын анықтау (кімдерге арналған, жас ерекшеліктері, т.б.

Брендпен сөйлесу үлгісі төмендегідей болу керек.

Сәлеметсіз бе! Мен қазір SMM-ге арналған дизайн курсын оқып жатырмын. Сіздің брендіңізге жақсы дизайндар жасап бергім келіп жүрген еді. Курстың тапсырмасы бойынша өз қалауыммен сіздің брендіңізді таңдадым. Жұмысты тегін жасап, 2-3 аптада сізге көрсетемін.
Сізден тек сапалы суреттеріңіз бен логотипіңіз керек.

Барлық тапсырманы телетайпқа салып сілтемесін группаға жіберіңіз.

Дедлайн: 20.01.2021 (сәрсенбі) 18:00-ге дейін!

Сәттілік!