March 20, 2019

Tarıhı termınder

Авеста – ертедегі парсылардың діни кітабы

Автономия (грек. өзін-өзі басқару) – 1) мемлекеттің белгілі бір аймағындағы кең көлемді ішкі басқару; 2) бірыңғай Конституцияның негізінде басқарылатын мемлекеттің бөлінбейтін бөлігі.

Авторитаризм (лат. билік) – қоғамның барлық жақтарын өзі не бағындырған, демократиялық қағмдаларды жоятын; жеке адамның шексіз билігі орнаған саяси билік жүйесі.

Аграрлық дағдарыс – ауыл шаруашылығындағы өнімді артық өндіруден немесе кем өндіруден туатын дағдарыс. Ауыл шаруашылық тауарларының іске аспаған қорларының өсуінен, оларға деген базаның төмендеуінен, сұранысқа ие емес ауыл шаруашылық тауарларының бір бөлігін жоюдан, ауыл шаруашылығындағы ұсақ және орташа өндірушілердің күйзелуінің жылдамдауынан көрінеді.

Аграрлық мәселе (лат. agrius) – 1) жер иелену, жерді пайдалануға байланысты мәселе; 2) өнеркәсіптен гөрі ауыл шаруашылық өндірісінің басымдығын сипаттайтын мәселе.

Адамдар тобы – алғашқы адамдардың бірлесіп тамақ табу мен жабайы аңдардан қорғау үшін әуел бастағы ұжымы.

Адаптация – қалыптасқан жағдайға бейімделу.

Адат (әдет) (араб. Адат – салт-дәстүр) – құқық, ислам таралған елдердің дәстүрлері мен салттарын қамтиды.

Адьютант – әскери бастықтың жанында қызмет бабындағы әртүрлі тапсырмаларды орындайтын офицер.

Азамат соғысы – бір мемлекеттің ішіндегі әлеуметтік күрестің неғұрлым өткір формасы, бір-бірімен жауласушы жақтардың (азаматтардың) үкімет билігі үшін күресі.

Азық-түлік салғырты – «Әскери коммунизм» (1918-1920) кезеңіндегі ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау жүйесі, азық-түлік диктатурасы орнаған соң енгізілді. Шаруалардың күнкөрісі мен шаруашылық мұқтаждықтарына қажет азық-түлік, астықпен басқада өнімдердің артық бөлігін нақты бағамен мемлекетке міндетті түрде өткізу. Азық-түлік салғырты ауыл шаруашылығының дамуына кедергі болды.

Азық-түлік салығы – азық-түлік салғыртының орнына 1921 жылы енгізілген жаңа экономикалық саясаттың (ЖЭС) негізін қалаған салық. Мөлшері көктемгі егін себуге дейінгі шаруашылықтың әлқуатына байланысты белгіленді. Азық-түлік салғыртынан анағұрлым аз болып, артық өнімдерін сатуға рұқсат етілді.Бұл шаруаларға өнім көлемін арттыруға ынталылық тудырды. 1923жылға дейін қолданылды.

Айбалта – соғыс қаруы

Айқап журналы – 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласында айына бір рет, кейін екі рет шығып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби журнал.

Айтыс – суырыпсалма ақындардың ауызша өлең түріндегі сөз жарысы.

Айып – қылмыс жасап, жазады болғандығы үшін заттай не ақшалай төленетін ақы.

Акция – акционерлік қоғам қаржысына белгілі бір үлес қосқанын және соның табысына ортақ екендігін куәландыратын бағалы қағаз.

Акция – құнды қағаз. Ол кәсіпорынға акционердің белгілі мөлшерде үлес-жарнасының қосылғанын куәландырады және оған меншікті иеленуге, түскен табысты бөлісуге құқық береді.

Ақ гвардия – Қазан революциясынан кейін Кеңес республикасына, большевиктерге қарсы күштердің әскери құрамалары. Ақтар қозғалысының әскери күші – Кеңес тәртібіне (Қызыл гвардияға) қарсылардың қарулы бірлестігі.

Ақсақал – аталас туыстар билігін жүргізетін адам.

Ақинақ – қолма-қол шайқаста қолданылған, ұзындығы 40-60 см, қысқа семсер. Скиф-сақ және иран тілді халықтарда кең таралған. Ақинақ қоладан құйылған, балдағы аң, жануар бейнесімен әшекейленген.

Ақсүйек – хан, сұлтан, қожа ұрпақтары.

Ақын – суырып салма, яки жазба өлең шығару қабілеті бойына туа дарыған шығармашылық өнер иесі.

Алаш – ежелгі қазақ тайпаларының алғаш қауым болып біріккен одағы. «Қазақ» атауының көне баламасы.

Алаш автономиясы – 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен ІІ Жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық-аумақтық мемлекеттілігі (1917-1920 ж.)

Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс.

АЛЖИР (Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері) – Сталиндік тоталитарлық жүйе кезінде «халық жаулары» саналып, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған мемлекет және қоғам қайраткерлері мен қарапайым адамдардың әйелдері мен қыздары жазықсыз жазасын өтеген Ақмола облысындағы лагерь.

Алмас қылыш – болаттың ең асылынан соғылатын батырлардың бес қаруының бірі.

Аманат – кепілдікке берілген адам. Көрші мемлекеттің басшылары жасалған шартқа адалдық белгісі ретінде қазақ хандарының, сұлтиандарының, билері мен батырларының беделді отбасынан балаларының біреуін кепілге алатын болған.

Анимизм – жануарлар мен заттарда және табиғи құбылыстарда мекен ететін ғажайып, тылсым мақұлұқтар кейіпіндегі жан мен рухқа байланысты ең ежелгі діни сенім. Анимизм ата-баба әруағына табынудан, жанның мәні өмір сүретіне сенуден айқын көрініс тапқан.

Аннексия – бір елді немесе оның бір бөлігін екінші күшпен қосып алуы.

Антрапология – адамның шығу тегі мен даму эволюциясын, адам нәсіпелдерінің пайда болуымен сыртқы биологиялық қасеттерін зерттейтін ғылым.

Аң стилі – негізгі тақырыбы аңдарды және аңыздардағы қиял-ғажайыптарды бейнелеу болып табылатын, б.з.б. VIII-II ғасырларда далалы аймақтарда сәндік сипатқа қолданылған өнер түрі.

Аңыз – халықтың қиялынан туған таңғажайып оқиға.

Арба – көлікке жегілетін тасымал құралы.

Арқан – мықтылық үшін арнайы қыл қосылып жүннен есілетін ұзын жіп. Негізінен көші-қон, мал шаруашылығына қолданылған.

Арсенал – қару-жарақ, оқ-дәрі, әскери жабдық қоймасы.

Археология – заттай деректер бойынша адамзат тарихының ежелгі кезеңін зерттейтін ғылым. Археология атауы грекше «архео» - көне, «логос» - зерттеймін деген мағынаны білдіреді. Алғаш рет бұл атауды ежелгі грек философы Платон қолданған.

Арыс – бірнеше рудың бірлестігі. Оны би басқарған.

Асар – маусымдық жұмыстарды жүзеге асырудағы тұрмыстардың өзара көмегі.

Ассамблея – Халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы

Ассимиляция – саны аз, саяси-әлеуметтік ахуалы төмен халықтың өзінен басым халықтың құрамына біртіндеп сіңісіп кетуі. Бір халықтың екінші халықпен алаласып, ұлт ретінде жойылып кетуі.

Ат тұлдау – қайтыс болған ер адамның тірі кезінде мініп жүрген атының жал-құйрығын күзеп, жылына дейін құр жіберу (мінбеу), асына сою.

Атабек – хан, сұлтандардың балаларын тәрбиелеуші әрі оның қамқоршысы.

Аукцион – көпшілік алдында кім бағаны асырса, соған сатылатын бәсеке сауда.

Аумақтық-ұлттық автономия – бір мемлекеттің шеңберіндегі саяси жағынан – өзін-өзі билейтін ұлттық құрылымы (республика, облыс, аудан).

Ауыздық – жүгеннің ат аузына салынатын темір бөлігі.

Ауыл басы – ауыл билігін жүргізетін адам

Әскери коммунизм – Кеңес мемлекетінің Азамат соғысы (1918-1920) жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық саясаты. Тез арада капиталистік элементтерді күштеп ығыстырып шығару жолымен социалистік қоғамды құру мүмкіндігі жөніндегі түсінікті бейнелейді.

Әскери-өндірістік кешен – әскери қару-жарақ, құрал-жабдық және басқа әскери өнімдер өндіретін кәсіпорындар кешені.

Баға – заттың құны, нарқы. Бағаны босату – заттың өзіндік құнын белгілеу еркіндігі.

Баж (бадж) – отырықшы гінші тұрғындардан жиналатын салық түрі.

Баж салығы – мемлекеттік органдар алып тұратын ақшалай салықтың ерекше төлем түрі.

Байырғы (автохтонды) халық – бұрыннан тұратын жергілікті халық.

Балама (лат. alter –екінің бірі) – бірін-бірі бекерге шығаратын екі немесе бірнеше мүмкіндіктің біреуін ғана таңдап алу қажеттігі.

Бал-бал - бабалар құрметіне қабыр басына қойылатын мүсін тас

Барбаросса жоспары – фашистік Германияның КСРО-ға қарсы басқыншылық соғысы жоспарының құпия атауы.

Барымта – жауласқан екі рудың бірін-бірі мал-мүлкін күшпен тартып алып, кек қайтаруы.

Басқа қалалық адамдар – 1917 жылға дейін казак әскерлерінің аумағында тұратын казак емес тұрғындар (шаруалар, мешандар, саудагерлер) осылай аталған.

Басқақ – моғол хандарының жаулап алған елдерден алым-салық жинауға және халық санағын жүргізуге тағайындалған адамы.

Бастауыш мектеп – медресе, мұсылмандардың орта және жоғары оқу орындары.

Басыбайлы шаруа – Ресейдың 1861 жылға дейін тағдыры іс жүзінде помещиктер мен дворяндардың еркіне толық тәуелді болған ауылдық жердің тұрғыны.

Басымдық (лат. dominans – басымдық, үстемдік ету) – 1) үстемдік етуші идея; бір нәрсенің негізгі бөлігі немесе оның маңызды құрамдас бөлігі; 2) физиологияда – адамның және жануарлардың орталық жүйке жүйесіндегі белгілі бір аймағының күшті қызу нәтижесінде басқаларына уақытша басымдық танытып, үстемдік көрсетуі.

Бата беру – жақсы тілек білдіру

Бек – феодалдық иелік қожасы, ру мен тайпа басшысы.

Беклер бегі – ханның арнайы жарлығымен аймақты, ірі тайпаны немесе халықтар тобын басқаратын әскери қызметкер.

«Бесеудің хаты» - қазақ зиялыларының БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И.Голощекинге жолдаған хаты (1932 жыл 4 шілде). Бастапқыда И.В.Сталинге арнап жазылған хат қазақ зиялыларының тоталитарлық тәртіпке наразылығының бір көрінісі саналады.

Бесжылдық, бесжылдық жоспар – Кеңес өкіметінің 1929 жылдан бастап КСРО-ның әлеуметтік – экономикалық дамуын межелеген мерзімді жоспарларының жалпылама атауы. Бірінші бесжылдық жоспары 1929-1932, Екінші бесжылдық жоспары 1933-1937 жылдарға арналды.

Бескіл – түрік тілдес тайпа

Би – әділдігі әрі тапқыр шешендігімен төрелік айту беделіне ие болған адам.

Бифас – екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш құрал.

Боғдыхан – қытай императорының монғол тіліндегі атауы.

Болос – кейінгі полеолитте жіпке байланып, оқ есебінде қолданылған жомалақ тастар, Бұл тастар лақтырған кезде жануарлардың мойнына немесе аяқтарына оралып, құлататын өте тиімді қару болған.

Болыс – әкімшілік-аумақтық бөлік, сондай-ақ осы бөлікті басқарушы лауазымды қызмет иесі.

Большевизм – В.И.Ленин бастаған саяси қозғалыс пен саяси ойдың ағымы. РСДЖП ІІ съезінде (1903 ж.) басқарушы органдарды сайлау кезінде В.И.Лениннің жақтастары көпшілік дауысқа ие болып, большевиктер деп атала бастады.

Боз – мақта матадан тоқылған кездеме.

Бөрі – ежелгі түрік қағанатының дербес жасағының атағы.

Буржуазиялық революция – негізгі міндеті феодалдық құрылыс пен оның сарқыншақтарын жою, буржуазия билігін орнату, буржуазиялық мемлекет құру болатын әлеуметтік революция.

Бұйда – түйенің мұрындығына тағылатын бас жіп.

Бұлақ – түрік тілдес тайпа.

Бұратана – бодан, бағынышты, кіріптер жұрт, халық.

Білікшілер – іс-қағазын жүргізушілер, хатшылар.

Бюрократия – қоғам мүшелеріне белгілі бір артықшылықтары бар үкімет аппаратының көмегімен іске асырылатын басқару жүйесі, шенеуніктердің билігі.

Вақф, Вакуф – мұсылман елдеріндегі діни немесе қайырымдылық ұғымдарының сыйға тартқан ие болмаса өсиет еткен түрде ұсынылған, салық салынбайтын, тартып алынбайтын мүлік (тиісті жер)

Вақф – мешіттер мен медселердің жер иелігі.

Валюта – бір мемлекеттің тұрақты ақша бірлігі.

Ведомство – нақты бір мемлекетте қоғамдық өмірдің бір саласын немесе аясын басқаратын жіне мемлекеттік басқару органдары жүйесіне кіретін орталық мекеме.

Волюнтаризм (лат. voluntas – ерік) – 1) ерікті болмыстың жоғарғы қағидасы ретінде қарастыратынфилософиялық бағыт; 2) объективті шарттарды ескермейтін, ерікті шешімдермен сипатталатын әрекет.

Гарпун – ұшы сүйектен жасалған, аңға қадалғанда шықпай қалатын ілмек кертігі бар сүңгі найза.

Геноцид – халықтың жекелеген топтарын нәсілдік, ұлттық және діни белгілеріне қарай жою.

Геосаясат – мемлекеттердің немесе мемлекет блоктарының аумақтық-кеңістік ерекше жағдайларының жергілікті, аймақтық, құрлықтық және әлемдік хал��қаралық үдерістердегі орны мен нақты тарихи ықпалын түсіндіретін теория.

Геосаясат – мемлекеттің сыртқы саясатының географиялық факторларға – аумағына, ауа райына, қазба байлықтарына, т.б тәуелділігі мен байланысын көрсететін тұжырымдама.

Гомонидтер – адам тектес маймылдардың ең жоғары дамыған түрі.

Государственная дума – заң шығарушы жоғары өкілетті орган.

Губерния – облыстық ауқымдағы әкімшілік аймақ

ГУЛАГ – лагерьлердің Бас басқармасы.

Гуньмо – ежелгі үйсіндер басшысының, мемлекет билеушісінің лауазымы.

Гурхан – Қарақытай мемлекетін билеушісінің лауазымы.

Ғазнауи әулеті – Ғазнауи мемлекетіндегі түріктерден шыққан әулет.

Ғаныш – бор тасты күйдіру арқылы алынатын құрылыс материалы. Ол қалау жұмысына және сылаққа қолданылған.

Ғибадатхана – жалбарыну, сиыну, Құдайға құлшылық ететін орын.

Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы.

Даруғ, даруға – ханның қаладағы әкімі, салық жинайтын т.б жұмыстар атқаратын өкілі.

Дастан – Орта және Таяу Шығыс халықтарының жазба және ауызша әдебиетіндегі көлемді батырлық немесе махаббат поэмасы.

Дәнүккіш – ұн жасау мақсатында бидайды үгітуге қолданылған тас құрал

Дәстүр (лат. tradition – беру) – ұзақ уақыт бойы белгілі бір қоғамдар мен әлеуметтік топтарда сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік және мәдени мұралардың элементтері.

Декабристер – 1825 жылы Петербургтағы Сенат алаңында болған көтеріліске қатысушылар.

Декларация (лат. жариялау) – мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының бағыты, партиялармен халықаралық ұйымдардың бағдарламалық ережелері жөніндегі ресми мәлімдеме.

Декрет (лат. қаулы) – мемлекеттік жоғарғы органдардың заңдық күші бар құжаты (мысалы, Бітім туралы декрет, Жер туралы декрет – 1917 жылы 27 қазанға (9 қарашаға) қараған түні Кеңестердің ІІ съезінде қабылданды).

Делегация – мемлекеттің өкілетті-құқықты өкілдігі.

Демобилизация – әскери қызметкерлерді міндетті қызметтен босату не отставкаға, резервке шығару.

Демобилизация – соғыс үшін, сонымен бірге халық шаруашылығының барлық саласын бейбіт қалпына көшіру.

Демография – халықтың құрамын, санын және өсуін зерттейтін статистика саласы.

Демократияландыру – қандай да бір шараларды демократиялық (немесе неғұрлым демократиялық) негіздерде ұйымдастыру.

Депортация (лат. қуу) – 1920-1940 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін кезеңінде КСРО-ның бірқатар халықтарын тарихи мекендеген жерлерінен қуу. Депортация ауыр қылмыстардың қатарына жатады.

Депутат – қалалық өзін-өзі басқару органының мүшесі.

Десятина – 1,09 гектарға тең жер көлемі.

Дефицит – тапшылық, жетімсіздік.

Дешті қыпшақ – Қыпшақ даласы. ХІ-ХVІ ғасырларда қолданылған географиялық ұғым.

Диаспора – этностың басқа мемлекеттің аумағында тұратын шағын бір бөлігі, бұрынғы өз отанынан алыс жерлерге қоныстанған адамдар.

Диверсификация – өнім түрлерінің көрсетілетін қызмет түрлерінің, т.б. ұлғайтылуы, өзгертілуі.

Динар – Шығыс елдерінің ежелгі алтын теңгесі.

Дискриминация – адамды кемсіту, оның құқығын шектеу, әлеуметтік қорлау.

Диссидент – басқаша ойлаушы. Кеңес мемлекетінің саясаты мен идеологиясын сын көзбен қабылдап, оны өз шығармашылығы мен қызметінде бейнелегендердің бәрі диссиденттерге жатқызылды. Диссиденттер қуғынға ұшыратылды. Көпшілігі қуғын-сүргіннің құрбандары болып, кейбіреулері шетелдерге кетті.

Дистанция – Кіші жүз жеріндегі шекара шебі маңында тұратын қазақтарды басқару үшін құрылған әкімшілік бірлік.

Диуан – 1) Моғол мемлекетіндегі атқарушылық билікті жүзеге асыратын орган; 2)Ресей империясындағы округтік орган.

Диуан – мұсылман елдеріндегі әкімшілік және сот істері жөніндегі әкімшілік мемлекеттер.

Доктрина – ілім, ғылыми, саяси теория, тұжырым. Шешуші теориялық немесе саяси қағида.

Дромос – оба астындағы қабірге алып баратын, мәйітті тонаудан сақтап қалу үшін жасалған дәліз тәрізді үсті жабық өткел.

Дротик – аңшылық және соғыс қаруы ретінде кейінгі палеолитте қолданылған, ұзындығы 120-140 см-ден аспайтын, лақтырылатын қысқа сапты ағаш найза.

Дуал – балшықтан қаланып, биік етіп салынған қоршау.

Дулулар – түрік тілдес тайпа.

Дулыға – темір-телпек; соғыс кезінде қорғану үшін киілетін болған.

Дурут – Қыпшақ бірлестігіне енген тайпа.

Дүнгендер – ислам дінін ұстанатын қытай тілдес халық.

Дүниежүзілік соғыс – капиталистік елдердің ықпал ету аймақтары, шикізат көздері, дүниежүзілік үстемдік жолындағы қарама-қайшылықтарының шиеленісу нәтижесі.

Діни-наным – қандай да бір дінге, конфессияларға қатысты болу, сондай-ақ өзінің діни ілімі, табынуы, ұйымы бар діни бірлестік.

Екінші дүниежүзілік соғыс – 1939 жылғы 1 қыркүйекте басталған жаңа дүниежүзілік соғыс; адамзат тарихындағы ең үрейлі, қатал, апатты соғыс. 1945 жылы 2 қыркүйекте аяқталды.

Елбөрлі, бөрлілер – Қыпшақ бірлестігіне енген тайпа.

Елтебер – қағанат ақсүйектеріне берілетін лауазым.

Елтірі – туғаннан кейін 2-3 күн ішінде сойылған қозы терісі.

Енисей жазуы – VI-VIII ғасырларда түрік тайпалары қолданған жазу. Орхон-Енисей жазуы деп те аталады.

Ереуіл – жұмысшылар мен қызметшілер ұжымының өздерінің экономикалық және саяси талаптарын қанағаттандырғанға дейін жұмысты тоқтатуы, еңбек дауларын реттеудің бір әдісі.

Ер-тұман – салт атқа міну үшін керекті жабдықтардың жиынтық аты.

Еуроцентризм – ғылымның , өнердің, философияның, әдебиеттің және т.б. құндылықтардың түбегейлі дамуы тек Еуропада ғана жүрді деп саналатын ғылыми концепция.

Жабғу – Оғыз мемлекетінің билеушісі.

Жазалаушы экспедиция – Ресей империясының отаршылдыққа қарсы шығушыларды жазалау үшін жасақталған әскери бөлімі.

Жайық казактары – ХV ғасырдың аяқ кезі мен ХVІ ғасырдың бас кезінде қашқын шаруалардан құралған еркін казактардың қауымдары. Патша үкіметі оларды Ресейдің оңтүстік-шығыс шекараларын қорғау үшін пайдаланды.

Жалға беру – жер не мүлікті уақытша пайдалану үшін жалға беру.

Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) – кеңес басшылығы 1921 жылғы наурыздағы РК(б)П Х съезінен кейін енгізді, «әскери коммунизм» саясатына жаппай наразылықты басуға бағытталды.

Жаңару – саяси жүйе, ел өмірінің саны мен сапасына байланысты өзгеру.

Жарғы – белгілі бір ұйымның атқаруы тиіс қызметі туралы, оның құқықтары мен міндеттері туралы ережелер жиынтығы. Қазақ қоғамының әкімшілік заңдарының жинағы.

Жариялылық – ақпараттардың қоғамдық таныстыруға, талқылауға, ұйымдардың, мекемелердің және лауазым иелерінің қызметтерін бақылау үшін ашықтығы, қол жетерлілігі.

«Жасақ» («Яса») – Шыңғысханның заң ережелері мен қаулы-қараларының жиынтығы.

Жас тұлпар – Мәскеуде оқып жүрген қазақ жастарының бейресми қоғамдық ұйымы. 1963 жылы құрылған.

Жасауыл – патша армиясының казак офицерлерінің шені.

Жатақ – кедейленген малшылардан шыққан егіншілікпен айналысатын кедей-шаруалар.

Жәдитшілдік – мұсылмандар арасындағы ұлттық қозғалыс, саяси ағымды жақтаушылық.

Жебе – садақ оғының, назаның ұшы. Садақ оғы да осылай аталады.

Жеке басқа табыну (культ личности лат. табыну) – КСРО-дағы И.В.Сталинге табыну ретінде қалыптасқан, тоталитарлық тәртіптің жеке билігі. Бір адамның ролін дәріптеу, оған көзінің тірісінде тарихи дамудың барысына шешуші ықпал жасауды телу, жеке адамның елді алқалы басқаруды ауыстырып, демократияны жойып, диктаторлық тәртіп орнатуы.

Жекеменшік – азаматтық немесе заңдық тұлғаның нақты бір дүние мүлікке (жер, жылжымайтын және жылжымалы мүлік) шексіз құқық беретін меншікті форма.

Жекешелендіру – меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру үдерісі.

Желі – құлын байлауға арнап әдейі керілген арқан.

Жер аудару – қылмыс жасағаны үшін берілетін жаза. Оңдай жаза бойынша кінәлі адам қиыр шеттегі алыс аймақта белгілі бір мерзім ішінде айдауда болады.

Жер көріп қайтушылар (ходоктар) – құнарлы жер көріп, таңдау үшін жіберілген шаруалар.

Жерді бірігіп өңдеу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) – Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы жер үлестерін біріктіру мен бірігіп еңбек етуге негізделген ауыл шаруашылық кооперациясы.

Жертөле – кейінгі палеолитте пайда болған, жерден қазылған және жыртылатын үйдің ең көне және кең тараған түрі. Жертөленің шатырына сырғауыл немесе бөрене қойып, үстін топырақ және шыммен жапқан.

Жол жөндеу салығы – көшпелі қазақтардың Сібір казактарының меншігі мен бақылауындағы жерлермен жүріп өткені үшін төлейтін ақысы.

Жужань – ІV ғасырда Монғолия мен Батыс Манчьжурияда құрылған көшпелі тайпалар одағы.

Жұт – қыс қатты болған жылдары аштықтан, суықтан малдың қырылуы, мал өлімі індет.

Жүген – ер-тұман әбзелі.

Жүз – бірнеше ұлыстың тайпалар одағы негізінде бірігуі.

Жылу – малының қырылуына байланысты туысқандарынан сұрайтын көмек.

Жырау – жырды көп білетін және жанынан өлең шығаратын жыршы адам.

Жікіл – түрік тілдес тайпа.

Зайырлы – діни емес, азаматтық өмір салты, білім – ғылыми білім негіздері.

Зекет –шариғатқа негізделген, хандар мен сұлтандардың пайдасына мал шаруашылығымен айналысатын шаруалардан алынатын салық.

Зеңгі баба – сиыр малының пірі.

Зиялылар (интеллигенция лат.intelligens – түсінетін, ойлаушы, саналы) – ой еңбегімен, күрделі шығармашылық еңбекпен, мәдениетті дамыту және таратумен кәсіби түрде айналысатын адамдардың қоғамдық тобы.

Зооморфтық үлгі – діни ұғымға байланысты қиял-ғажайып өнері.

Зороастризм – ертедегі шығыс халықтарының дуалистік діні.

Зороастрлық фарн – ертедегі парсылардың үй жануарларына табынатын наным-сенімдері.

Идеология – адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін идеялар мен көзқарастар жүйесі.

Иерархия (сатылы бағыныштылық) – жоғарыдан төменге қарай реттелген түтін бөліктердің немесе элементтердің құрылымы.

Иқта – феодалдарға шартты түрде берілетін жер үлесі.

Имам (араб. – алдында тұрушы) – мұсылмандарда бірлесіп Құдайға құлшылық жасауға басшылық ететін табыну қызметшісі, Ірі дін қайраткерлерінің құрметті атағы.

Иман – ислам дініндегі ең қасиетті нанымдардың бірі. Оның ақиқаттығына сену, талаптарын бұлжытпай орындау.

Империя –император басқаратын монорхиялық мемлекет; бір орталықтан басқарылатын, экономикалық, саяси дербестігінен айырылған аумақтардан құралған мемлекет.

Инал – Оғыз мемлекеті билеушісінің мұрагері.

Инаугурация (лат. inauguro – арнаймын) – мемлекет басшысы мен басқа да сайланып қойылатын басшылардың өз қызметіне кірісуінің салтанатты рәсімі.

Инвестиция – қаржы бөлу, ақша салу, инвестициял��қ капитал.

Индустрияландыру – ірі машиналық өндірісті құру үдерісі, экономикадағы өнеркәсіп өндірісі үлесінің ұлғайтылуы.

Инициатива – ынта, өзіндік бастама, көпшіліктің шығармашылық ынтасы.

Инновация – жаңалық енгізу, жаңарту.

Интеграция – шоғырлану, бірігу, ықпалдасу (мемлекетаралық экономикалық одақтардың құрылуы)

Интеллектуалдық – парасат, ақыл, зерде, ой өрісі, рухани зияткерлік.

Интеллигенция – ғылым мен мәдениеттің түрлі салаларына арнайы білімі бар, оқыған, ой-еңбегінің қызметкерлері.

Интервенция – бір немесе бірнеше елдің басқа бір елдің ішкі істеріне зорлықпен қол сұғуы.

Инфляция (лат. inflation – желбуаз) – ақшаның күнсыздануы – ақша айналысы арналарының тауар айналымы қажеттерінен артық мөлшерде толуы.

Ислам – дүние жүзіне кең таралған діни сенімдердің бірі.

Кадет – жабфқ әскери-оқу орнының тәрбиеленушісі.

Кадет корпусы – әскери оқу орны.

Кадеттер – конституцияшыл демократтар, Қоғамның демократиялық құндылықтар негізінде біртіндеп дамуын жақтаушылар.

Казармалық социализам – қатаң, тоталитарлық тәртіпке негізделген социалистік құрылым.

Катаклизм – кенеттен болған астан-кестен өзгеріс, апатты жағдай, қуғын-сүргін.

Категория – санат, сапа және сан категориясы.

Кәсіподақтар – жұмысшылардың мүддесін қорғайтын ұғым.

Квалификация – белгілі бір еңбек түріне жарамдылық деңгейі.

Кворум – заңмен немесе нұсқаулықпен белгіленген белгілі бір органның жиналысына қатысушылардың саны.

Кебеже – азық-түлік сақтауға арналған үлкен сандық.

Кеден – шекарадан өтетін тауарларды тексеретін және осы тауарлардан салық алып тұратын мекеме.

Келі – тары, бидай, т.б. дәнді-дақылдарды түйетін, ұнтайтын қатты ағаштан жасалған құрал.

Келіншектас – Түрік қағанаты мен қыпшақ заманында қабір басына қойылған тас мүсіндердің бір тобы.

Кемпіртас – Түрік қағанаты мен қыпшақ заманында қабір басына қойылған тас мүсіндердің бір тобы.

Кеңестер – 1905-1907 жылдардағы революциялар кезінде пайда болған жұмысшылар мен қызметшілердің кеңестері, шаруа депутеттарының кеңестері, солдат (матрос) депутаттарының кеңестері тәрізді сайланбалы саяси ұйымдар.

Керуен – алыс жерге жүк тасуға немесе сауда жасауға арналған көлік тізбегі.

Керамика – сазбалшықты жоғары температурада (400с) күйдіру арқылы жасалған түрлі бұйымдар. Керамиканы шеберлер әртүрлі пішінде және сыртына сан алуан өрнектер салып жасаған.

Кереге – киіз үй сүйегінің шеңберлі төменгі қабырғасы.

Керсен – үлкен шұңғыл табақ.

Кесене – діни құрылыс, белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған.

Кескіш – кейінгі палеолитте сүйек, мүйіз және ағашты ойып өңдеу үшін шақпақтастан жасалған үшкір құрал.

Кетпен – неолитте пайда болып, жер өңдеуге қолданылған алғашқы егіншілік құралы. Кетпен – сап және оның ұшына бекітілген өткір жүзді шапқы тәрізді бөліктен тұрады.

Кешіктен – ханның жеке басын қорғайтын жасауыл.

Кластер – бір салада жұмыс істейтін, олардың үйлесуіне жол салатын, бір-бірімен байланысты және жақын орналасқан кәсіпорындар.

Клерикализм – католик шіркеуінің саяси және мәдени әсерін бекітуге тырысатын идеологиялық және саяси ағым.

Коллаборационистер – Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында фашистер жағына шығып, соларға қызмет еткендер.

Колхоз – Кеңес өкіметі тұсында құрылған ұжымдық шаруашылық нысандарының бірі.

Комиссар – мемлекеттен арнайы өкілдік алған, қызмет бабындағы адам.

Коммендация – жеке басын қорғағаны үшін феодалдардың әміршіге әскери қызмет немесе басқа да жұмыстар атқаруы.

Комсомол – Коммунистік жастар одағы.

Конгломкрат – әртүрлі заттардың ретсіз жинағынан құралған механикалық қосынды.

Конституция (лат. constitution – құрылым) – мемлекеттің қоғамдық құрылысын, биліктің өкілдік органдарын құру қағидасы мен тәртібін, сайлау жүйесін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын негізгі заңы.

Контрибуция – соғыста жеңген жақтың жеңілген жақтан соғыс шығындарын өндіріп алу жөнінде салатын салығы.

Контрреволюция – әлеуметтік топтардың күні біткен қоғамдық және мемлекеттік құрылысты қалпына келтіру немесе сақтап қалуға бағытталған күресі. Контрреволюцияның формалары мен әдістері әрт��рлі: бүліктер, кастандықтар, Азамат соғысы, саботаж, диверциялар, шетелдік интервенция, блокада.

Конфедерация (кейінгі лат. confederatio – одақ, бірлестік) – әрқайсысы өз тәуелсіздігін сақтайтын өзінің мемлекеттік өкімет және басқару органдары бар егеменді мемлекеттер бірлестігінің формасы. Конфедерация мүшелері белгілі бір салаларда барлық мемлекеттердің мүддесіне сай мәселелер мен әрекеттерді үйлестіру мен талқылау үшін арнайы органдар құрады.

Конфискация – сот үкімінің қаулысына сәйкес мемлекет пайдасына жеке мүліктің тәркіленуі.

Концепция – тұжырымдама, белгілі бір мәселеге немесе құбылысқа қатысты көзқарастар жүйесі.

Кооперация (лат. ынтымақтастық) – шаруашылықты бірігіп жүргізу, кәсіпкерлікті, ұсақ өндіріс пен маусымдық еңбек қызметін ұйымдастыру жөніндегі ерікті серіктестік, акционерлік қоғам нысаны.

Кооперация – ортақмақсатты жүзеге асыру үшін адамдардың өзара бірігіп жұміс істеуі.

Космополитизм – Отан қорғауды, өз мәдениеті мен дәстүрін мойындамайтын, патриотизмнен бас тартуды уағыздайтын көзқарас.

Көкбөрі – ежелгі түрік тайпасының құты (тотемі)

Көкеркіндер – түрік тілдес тайпа.

Көкілташ – хан мұрагерін тәрбиелеуші ұстаз.

Көлеңкелі экономика – үкіметтің, құзырлы мекемелердің бақылауынан тыс тауар-материалдық құндылықтар өндіру, арқылы қызмет көрсету. Мемлекеттен жасырылатын заңсыз экономикалық қызмет.

Көпвекторлық – белгілі бір мәселені шешудің алуан түрлі бағыты.

Кредо – біреудің кәміл сенімі, дүниеге көзқарасы.

Кремация – неолит соңында пайда болған, мәйітті өртеп, қалдығын жерлеу ғұрпының бір түрі. Қазақстан аумағында қазылған обалардан қазақ жерін мекендеген ежелгі тайпалар да кремация дәстүрінің кең таралғанын байқаймыз.

Кроманьон – адамның эволюциялық дамуы сатысында неандерталь адамынан соң қалыптасқан қазіргіге ұқсас саналы адам. Бұл адамның қаңқасы 1868 жылы Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылғандықтан, оны «кроманьондық» деп атайды. Оның миының көлемі – 1500-1800 см3, бойы – 1,68-1,94 метр, жасы б.з.б. 40 мың жыл.

Кулак – ауқатты шаруа.

Кундар немесе командар – венгр тіліндегі қыпшақ атауы.

Купон – бағалы қағаздардан кесіп алынатын талоны.

Күй – қазақ халқының музыкалық шығармасының бір түрі.

Күйші – қазақтың ұлт-аспаптық музыкалық жанрын орындаушы.

Күл-еркіндер – билік иелері өкілдерінің құрылған кеңесші ұйым.

Күлтегін тас жазуы – VIII ғасырдағы көне түрік ескерткіші.

Кісе – күміс, жез қаптырмалармен безендіріп, қалташалар салған жалпақ былғары белдік.

Қағба – ислам дінін ұстанушылардың негізгі қасиетті орны, Меккенің бас мешітінің ішінде орналасқан қасиетті «қара тас». Ол адамдарға Алланың жіберген құдіретінің символы саналады.

Қадақ – 0,5 кг-ға жуық салмақ өлшемі.

Қазақ АКСР-і, Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы 1920-1936 жылдардағы Кеңестік автономиялық мемлекеттік құрылым.

Қазақ газеті – 1913-1918 жылдар аралығында Орынборда аптасына бір рет шығып тұрған қоғамдық, саяси және әдеби газет.

Қазақ революциялық комитеті (Қазревком) – Кеңес өкіметінің қазақ өлкесін уақытша басқару үшін 1919 жылы 13 шілдеде құрған органы.

Қазы – билік айтушы, төреші. Мұсылмандық сот, мұсылман құқығын жақсы білетін адам.

Қазына – түрлі бағалы заттар, дүние-мүлік; материалдық байлық.

Қайта құру – ХХ ғасырдың 80-жылдарының ортасында пайда болған саяси-экономикалық атау.

Қалан – монғолдар билігі орнаған жерлерде егіншілерге салынатын салық.

Қалқан – арнайы металл мен қалың теріден жасалатын қорғаныс құралы, батырлардың бес қаруының бірі.

Қамбар ата – жылқы малының пірі.

Қаңқаш – Оғыз мемлекетіндегі шонжарлардан құрылған кеңес.

Қара бұдундар – қағанатты қарапайым халық

Қара металлургия – руда және руда емес шикізат өндіретін және байытатын, отқа төзімді материалдарды, кокс химия өнеркәсәбінің өнімдерін, шойын, болат, прокат, темір қорытпаларын өндіретін ауыр өнеркәсіптің саласы.

Қара шығын – алдын ала көзделмеген, төтенше шығындар жұмсауға тура келген жағдайда халықтан тез жинап алынатын салықтың түрі.

Қаражүздіктер – патшалық Ресейдегі барып тұрған реакционер, шовинист әрі монархистер тобы.

Қарақол – туғанына 1-3 күн болған қаракөл тұқымдас қозылардан алынған елтірі. Қаракөл әртүрлі пішін мен мөлшерде бұйраланған қалың, жібек тәріздес түгімен ерекшеленеді.

Қарақалпақтар – Оңтүстік Арал аймағында көшіп-қонып жүретін түркі тектес халық. Қазір қарақалпақтар Өзбекстан Республикасының аумағында тұрады.

Қарақытай – монғол тектес қидандардың атауы.

Қараша – қарапайым халық, кедейлер

Қарлаг – Қарағанды лагері.

Қауым – әлеуметтік ұйымдардың бір формасы. Алғашқы (рулық) қауым, ең алдымен, ұжымдық еңбек пен тұтыну, ал кейінгі формасы – көршілік қауымдар.

Қидандар, қытайлар – моғол тобына жататын тайпалар.

Қоғамдық қатынастар – әлеуметтік топтар, ұлттар, діни қауымдастықтар арасындағы көптүрлі байланыстар, сондай-ақ олардың өз ішіндегі экономикалық, ә��еуметтік, саяси, мәдени, т.б. қызметтері.

Қола дәуірі – қола құралдардың өндіріске енген кезеңі қола дәуірі деп аталады.

Қонтайшы – жоңғар хандығындағы ең жоғарғы билеуші, хан.

Қоныс аудару – халықтың тұрғылықты мекенінен қоныс ауыстыруына байланысты көшіп-қонуы. Орыс шаруаларын Ресейдің орталық аудандарынан шеткері аймақтарға қоныстандыру.

Қос өкімет – Ақпан революциясынан соң (1-2 наурыз – 5 шілде, 1917 ж.) Ресейдегі екі өкімет билігінің өзіндік қатар өмір сүруі. Екі буржуазия мен помещиктер бір бөлігінің диктатурасын жүзеге асыратын билік. Бұл үкімет парламенттік монархияны орантқызы келді. Жұмысшылар мен солдат депутаттарының кеңстері өз мақсатын жұмысшы тобы және шаруалардың революцияшыл-демократиялық диктатурасы мен демократиялық республика орнату деп жариялаған өкімет.

Қосшы одағы – 1921 жылы Әулиеата (қазіргі Тараз қ.) Ауыл, қыстақ, кедей шаруаларынан құрылған бұқаралық ұйым. «Қосшы» одағы ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер-су реформаларын жүзеге асыру, азық-түлік салығын жинау, мәдени ағарту жұмыстарымен айналысты.

Қосын – ерікті жасақ, жауынгерлер тобы.

Құрық – жылқышының мал баққанда ұстайтын құралы.

Құйысқан – ат әбзелі. Ер-тоқымның алға сырғып кетпеуін қамтамасыз етеді.

Құн – кісі өлтірген адам тарапынан төленетін төлем.

Құран – мұсылман қауымының ең басты, қасиетті кітабы. Мұхаммед пайғамбардың «пайғамбарлық аяндар»түрінде айтылған уағызларының жазба жинағы.

Құрылтай – ресми кеңес, қоғамдық бірлестіктерінің аса маңызды мәселелерге байланысты басқосу жиылысы.

Құрылтай – көшпелі ақсүйектердің аса маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдайтын жиналысы, яғни түркі-монғол халықтарының ең жоғарғы өкімет билігі органы.

Құшыр – жан басынан алынатын салық

Қылует – сопылық құлшылық етушілерге жер астынан салынған мінажат үйі

Қырғыш – теріні, ағашты және сүйекті өңдеу үшін орта палеолитте кеңінен қолданылған жүзі өткір тас құрал.

Лагерь – соғыста қолға түскен тұтқындаррды, қылмысты деп табылған, айдалған адамдарды ұстап қалмайтын жазалау орны.

Либерал-демократтар – барлық азаматтардың саяси теңдігін, халық билігін жақтаушы зиялылар.

Либерализм – демократиялық еркіндік пен кәсіпкерлікті жақтайтындары біріктіретін идеологиялық және саяси ағым

Ликидация – белгілі бір ұйымның жұмысын тоқтатуы, жойылуы.

МАГАТЭ – атом энергиясын бейбіт мақсатқа қолдану жөнінде 1957 жылы құрылған халықаралық агенттік.

Мамонт (зіл) – полеолит дәуірінде Еуропа, Азия, Африка және Солтүстік Америкада кеңінен таралып, мұз басу кезінде құрып біткен, салмағы 5 тоннаға дейін жететін алып піл.

Манап – қырғыздардың ақсүйек рубасылары.

Мауараннахр – Әмудария өзенінің оң жақ жағалауындағы жердің аты.

Махаллалар – шеберханалар орналасқан көшелердің түйіскен жері.

Мәжіліс – Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі палатасы.

Мәмлүктер – ХІІ ғасырларда түрік тектес халықтардың және кавказдықтардың құлдықтағы жастарынан жасақталған Египет сұлтандарының ұланы.

Мегаполис – көптеген қалалар мен елді мекендердің қосылуы нәтижесінде пайда болатын ірі қоныстану аймағы.

Медресе – ислам дінін оқытатын орта және жоғары дәрежелі оқу орны.

Межелеу – мөлшерлеу, шамалау, белгілі бір аумақтың көлемін белгілеу.

Мекен – бұл белгілі бір дер аумағына орналасқан елді мекені. Мекеннің маңызды ерекушелігі – бұл жерге адамдар жыл сайын (маусымдық) келіп, тұрақты қолданып отырады.

Мелиорация – жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық-ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы.

Мемлекеттік Дума – Ресейдегі 1906-1917 жылдардағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы.

Меншік – кез келген субъектіге тиесілі (адамға, отбасыға, қауымға, руға, мемлекетке, т.б) және бір адамның толық иелігіндегі мүлік

Мес – қымыз т.б. сусын құюға арналған ешкі терісінен жасалған ыдыс.

Метафизика – болмыстың сезімінен тыс (тәжірибеге бағынбайтын) принциптерін зерттейтін философиялық ілім.

Метрополия (грек. metrypolis; «meter»-ана, «polis»-қала деген сөз) – отарлары бар мемлекет. Ондай мемлекет отарлары үшін метрополия болып есептеледі.

Мешіт – мұсылман қауымының намаз оқуға жиналатын. Аллаға сиынатын орны.

Мещеряктар – түркі тілдес халықтар тобына жататын ұлыстың аты.

Миграция (қоныс аудару) – халықтың өз елінің ішінде немесе бір елден екінші елге қоныс аударуы, тұрғылықты орындарын ауыстыруы.

Микролит – мезолитте пайда болған, ұзындығы 1-2 см болатын геометриялық пішіндегі құралдар жасалған ұсақ сына тастар.

Милитаризм – әскери күш-қуатты арттыру, қауырт қарулану мен соғысқа дайындықтағы белсенділік саясаты.

Минарет – мінажат етушілерді намазға шақыратын, мешіт жанынан салынатын биік мұнара.

Миршикар – ханның аң аулау ісін басқарушы.

Миссионерлер – халық арасына жат дінді насихаттау үшін жіберілетін адамдар.

Мистика – табиғаттан тыс таңғажайып күштің бар екендігіне сену.

Мобилизация – 1) мемлекеттің қарула күштерінің, азаматтық қорғанысы мен халық шаруашылығының немесе қарулы күштері бір бөлігінің әскери жағдайға көшірілуі; 2) запастағы әскери міндеттілерді армияға шақыру.

Монархия – жоғарғы өкімет билігі жеке-дара (әдетте, мұрагерлік жолмен) билеушінің қолындағы басқару түрі, сонымен бірге осындай билеуші басқаратын мемлекет.

Молда (араб. Лула – билеуші, қожайын) – исламдағы Құдайға табыну қызметшісі.

Мораторий (лат. moratorium – кейінгі қалдыру, соза тұру) – мемлекеттің өз іс-әрекетінің халықаралық міндеттермселерінің, шарттарының орындалуын тоқтата тұруы.

Мөр – қағазға басу үшін жұмсақ материалға (балшық, балауыз т.б.) ойылып түсірілген суретті таңба.

МТС – машина-трактор станциясы

Музари немесе барзига�� – шаруалардың үлеске алған жерлерінен алынатын алым-салық.

Мұз дәуірі – б.з.б. 100-13 мыңжылдықта орта палеолит пен мезолит аралаығында жер бетін ұзақ уақыт мұз басқан кезең.

Мұфти – мұсылман дініндегі жоғары лауазымды тұлға

Мыңбасы – ертедегі монғол, түрік әскерлеріндегі бір мың жауынгер басшысының атауы.

Мысал – тәрбиелік мәні бар қысқа өлең, әңгіме.

Міндеткерліктер – жергілікті халық міндетті түрде атқаратын қызмет түрлері.

Награда – марапат, ұзақ және адал еңбегі үшін берілетін марапат.

Найза – жебесі асыл темірден жасалатын қару. Мықты ағашқа сапталып, басына жылқы қылынан шашақ таралған. Батырлардың бес қаруының бірі.

Неандерталь адам – 1856 жылы Германияның Неандерталь жотасынан қазып алынған орта палеолит кезеңінің адамы. Табылған жерінің атына байланысты «неандерталь адам» деген атау алған.

Неолит – б.з.б. 5-3 мыңжылдықта мезолит пен қола дәуірі арасындағы тас дәуірінің жаңа кезеңі. Неолит кезеңіне мал өсіру мен жер өңдеудің басталуы, керамикадан ыдыстар жасау, жылтырата тегістеу әдісімен жасалған тас құралдардың пайда болуы т.б. тән.

Неолит төңкерісі – адам баласының терімшіліктен өзі өнім өндіретін щаруашылыққа көшуі. Бұл төңкеріс адамзаттың отырықшы өмірге көшуіне, артық өнімнің пайда болуына байланысты әл-ауқаттың артуына жағдай жасады.

Несие – бағалы заттарды (ақша, тауарлар) қарызға беру.

Несториандық – христиан дінінің ағымы.

Номадизм («номадус» - көшпелі шаруашылық) – көшпелі шаруашылық ұғымын белгілеу үшін еуропалық ғалымдар енгізген термин.

Нуклеус – қару және олардың салмаларын жасау үшін тасты опыру арқылы алынған түрлі пішіндегі өзектастар.

Нушебилер – түрік тілдес халықтар.

Оба – қабір үстіне топырақтан үйілген төбешік. Обалардың жеке тұрған және топтасқан түрлері болады. Топтасқан түрлері «қорым» деп аталады. Обалар неолит соңында пайда болып, темір дәуірінде көптеп салынған.

Облигация – құнды қағаз, сол арқылы өз иеленушісіне осы қағаздың өзіндік құнынан үстеме ақша ретінде кіріс кіргізіп отырады.

ОГПУ – Біріккен Мемлкеттік Саяси басқарма. 1923-1934 жылдары мемлекет қауіпсіздігін қорғау мақ��атында құрылған ұйым.

Ойсылқара – түйе малының пірі.

Оккупация – басқа елдің жерін әскери жаулап алу.

Олдувэй – Шығыс Африкадағы Килиманджаро тауы мен Виктория көлінің арасында орналасқан шатқал. Олдувэй шатқалынан «епті адамның» қаңқасы табылды. Бұл жерден табылған тас құралдар өндірісі – «олдувэй мәдениеті» деп аталады.

Оппозиция – қарама-қарсылық, қарасылық көрсету.

Ориенталисттер – шығыстанушы ғалымдар.

Орхон-Енесей жазуы – түрік тайпаларының көне жазба мұрасы.

Оссурий (қыш табыт) – мәйітті жерлеуге арналған қыш жәшік.

От жағу – адамдар ерте палеолиттің соңы мен орта палеолит кезеңінде отты қолдан жағуды үйренген.

Отан соғысы – а��рессорлармен болатын бүкілхалықтық, әділетті, азаттық күрес.

Отар – мемлекеттік тәуелсіздігінен айрылған ел.

Отарлық саясат – экономикалық жағынан нашар дамыған, басқа халықтардың өкілдері басым тұратын елдер мен аумақтарды әскери, саяси және экономикалық жағынан мәжбүрлеудің көмегімен қанаушылық және құлдану саясаты.

Отырықшылық – халықтың бір жерде қоныстануы, тұруы.

Ошақ – тастан немесе саз балшықтан қаланған, үйді жалытуға және тамақ пісіруге арнап от жағатын қасиетті орын.

Өндіріс – еңбек заты (өңделген зат), құрал-саймандар және адамдар күшінің қосылуы. Өндіріс үдерісінде адамдардың өзара әртүрлі қатынастарға түсуін – өндірістік қатынастар дейміз.

Паек – белгілі бір мерзімді күнге арнап тиісті мөлшерде берілетін азық-түлік.

Палеолит – б.з.б. 2млн 600 мыңнан – б.з.б. 12 мың жыл аралығындағы ең ұзақ кезеңді қамтитын ежелгі тас дәуірі. Палеолитте ежелгі адамның дамуы бірнеше кезеңдерден өтіп, қазіргі адамдар қалыптасты. Бұл кезде тас өңдеу әдістерінің жетілуіне байланысты еңбек өнімділігі артып, материалдық және рухани мәдениет дамыды. Палеолит ерте, орта (мустье) және кейінгі болып бөлінеді.

Патриот – Отанына, туған халқына жан-тәнімен берілген адам. Ол өз Отанының мүддесі жолында кез келген құрбандыққа баруға, ерлік жасауға әрқашан әзір тұрады.

Патриотизм, отансүйгіштік – адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі.

Патша қорғандар – қола және темір дәуірінде аса бай қабірдің үстіңе ағаш, шым, тас және топырақ үйілген төбелер. Патша қорғандардың астында үлкен қабір орналасып, жанына бағалы жиһаздар мен алтын бұйымдар қойылған.

Петиция – мемлекет басшысына немесе жоғары өкімет органына көпшілік атынан тапсырылатын жазбаша өтініш.

Петроглиф – тас, жартас бетіне қашау арқылы сызып немесе ойып салынған сурет. Петроглифтер кейінгі палеолит кезеңінде пайда болған бейнелеу өнерінің ежелгі түрлерінің бірі.

Пикет – үкіметке талап қоя шыққан ереуілші топ.

Питекантроп – б.з.б. 1 млн жал бұрын өмір сүріп, тік жүру қабілетін меңгерген ерте палеолит дамыды. Алғашқы питекантроп 1891 жылы Индонезиядағы ява аралынан табыл��ы.

Пленум (лат. plenum – толық) – 1) қандай да бір ұйымның сайланып қойылған басшылық органы мүшелерінің толық құрамында өткізетін жиналысы; 2) жоғарғы сот органы барлық мүшелерінің мәжілісі.

Плюрализм – 1) дүниенің өзара бірлігін жоққа шығаратын, оның негізінде тек бір-біріне тәуелсіз көптеген бастамалар жатады деп уағыздайтын философиялық ілім; 2) көптеген әдістердің көзқарастардың, партиялардың, бағыттардың болуы заңды деп танушылық.

Позиция – белгілі бір мәселе жөнінідегі көзқарас, беталыс.

Полигон – әскери жаттығулар, сынаулар жүргізілетін орын, жер.

Полихром стилі – безендіру кезінде бұйымға сәндік үшін түрлі түсті асыл тастар, алтын түйіршіктерін жапсыру.

Половшылар – далалықтар; ХІ ғасырда Еділ бойынан Қара теңіз жағалауына орын тепкен түрік тілдес тайпалардың орысша атауы.

Постсоциалистік – социалистік лагерь күйрегеннен кейінгі қалыптасқан жағдай.

Прагматизм – 1) іс жүзінде пайдалы нәтиже беретінді ғана ақиқат деп білетін философиялық бағыт; 2) іс жүзіндегі, қажеттілік тұрғысындағы мүдделерді көздейтін қаракет, ойлау салты, мінез-құлық.

Преамбула – заң немесе басқа құқықтық актілердің, сондай-ақ декларация немесе халықаралық шарттағы барлық мақсат пен міндеттер көрсетілген кіріспе бөлім.

Президент (лат. praesidens, сөзбе-сөз – алдыңғы қатардағы) – қазіргі заманғы мемлекеттердің көпшілігінде мемлекеттің сайланып қойылатын басшысы

Президенттік басқару – төтенше жағдай жарияланған аймақтардағы азаматттардың мүдделерін қамтамасыз ету үшін заңмен қарастырылған, президент енгізетін уақытша басқару (мысалы, Үндістанда, АҚШ-та). Президенттік басқару кезінде мемлекеттік билік пен басқару органдарының өкілеттілігі уақытша тоқтатылады, ал олардың міндеттерін атқару президент құрған органға немесе ол тағайындаған қызмет адамына тапсырылады.

Президиум (лат. prfesidium, сөзбе-сөз – қорғаныс; ауыспалы мағынасында – төрағалық) – жиналысты, мәжілісті алқалы түрде жүргізу үшін сайланған адамдардың тобы; бірқатар саяси, қоғамдық т.б. ұйымдардың басшылық органы.

Пристав – Ұлы жүз қазақтарын басқару үшін бекітілген лауазымды қызмет.

Присяжный суд – сайланып қойылған қосшы билер қ��тысатын сот.

Прогресс – алға жылжу, даму үдерісіндегі жақсару, регреске қарама-қарсы құбылыс. Әлеуметтік прогресс, ғылыми-техникалық прогресс, ғылыми прогресс болып бөлінеді.

Пролетариат – капиталистік қоғамдағы негізгі таптардың бірі, өндіріс құрал-жабдықтарын меншіктеу құқығынан айырылған жалдамалы жұмысшылар табы; өмір сүруінің жалғыз қайнар көзі өзінің жұмыс күшін меншік иелеріне (капиталистерге) сату болып табылады.

Протекторат – екі жақтың тең емес келісімі негізінде бекітілген және тәуелді елдің мемлекеттілігінің сыртқы белгілерін сақтай отырып, екінші бір елдің қол астына толық өтуімен сипатталатын үстемдік.

Путч (нем. рutch) – шағын топтың мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатын көздеген бүлігі.

Пұт – құдайдың адам, жануар және құс бейнесіндегі мүсіні. Адамзат тарихының ерте кезеңінде пұт жасауға тас, сүйек, ағаш қолданылса, кейіннен металдардан жасайтын болған.

Пұт – салмағы 16,3 кг-ға тең ауырлық өлшемі.

Рабад – ортағасырлық қаланың егін егушілер мен мал өсіруші қарапайым хлық тұратын сыртқы бөлігі.

Радикализм – терең, батыл шаралар қолдану әрекеті. Мәмілеге келмейтін саяси ұйымдар тобы.

Расправа – Кіші жүздегі ру ақсақалдары кіруге тиісті болған әкімшілік орган.

Рационализация – өндіріс үдерісін жақсарту, жетілдіру, арзаңдату мақсатымен қолданылатын шаралардың жиынтығы.

Реабилитация – бастапқы құқықтар мен бастапқы жақсы беделді қалпына келтіру.

Реабилитация – тағылған айыпты жоққа шығару, сот арқылы ақтап, заңды құқығын қайтару.

Реакция – қоғамдық прогреске белсене қарсы күрес жүргізу саясаты.

Революция – қоғам өміріндегі түбірлі өзгеріс, төңкеріс.

Резиденция (лат. residentia) – мемлекет басшысының, үкіметінің, шет мемлекеттің елшісі орналасқан жер.

Реквизиция – азаматтың не ұйымның меншігіндегі мүлікті олардың ықтиярынсыз, құнын төлей отырып мемлекеттің меншіктенуі.

Реконструкция (қалпына келтіру) – жеке бөлшектерді, адам және жануар қалдықтарын, түрлі бұйымдар мен құрылыстарды қайта қалпына келтіру. Ежелгі адамның сыртқы келбетін қалпына келтірудің негізін салушы – белгілі антрополог М.М.Герасимов (1907-1970 жж.)

Рентабельділік – тиімділік, фирманың, оның қызметінің табыстылық көрсеткіші.

Репатриация – қоныс аударылғандарды отанына қайтару.

Репрессия – мемлекет органдары қолданатын азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіру, жазалау.

Республика (лат. – қоғамдық іс) – мемлекет басшысын (мысалы, президент) халық немесе арнайы сайлау коллегиясы сайлайтын басқару формасы. Заң шығарушылық билікті сайланып қойылатын өкілдік орган (парламент)жүргізеді.

Ресурс – қор, елдің сарқылмас қоры.

Ресурстар – кез-келген заттың қоры, қайнар көзі.

Ретушь – араның жүзі сияқты кертіктермен тастарды түзету арқылы өткірлейтін тас өңдеу әдісінің жетілген түрі. Ретушьтік әдіс арқылы екі жағында пайдаланатын құралдар жасалған.

Референдум – аса маңызды мемлекеттік мәселе бойынша жалпы халықтық дауыс беру; мемлекеттік құқықта сайлаушылар корпусының конституциялық, заңдық түпкілікті шешім қабылдауы.

Реформа – қайта құру, өзгерту, қайта жасау.

Ру – өзінің шығу тегін бір желіден (аналық немесе аталық) алатын, көбінесе өздерін бір атаның ұрпағымыз деп сезінетін, ортақ рулық атты алып жүретін, қандас туысқандар тобы.

Рубасы – ру билігін жүргізетін адам.

Руна жазуы – түркілердің көне жазуы.

Саба – қымыз ашытуға арнап жылқы терісінен жасалатын сыйымдылығы мол ыдыс

Сабау – жүнді сабап қопсытуға арналған таяқшалар.

Саботаж – өндірістік жұмысқа әдейі кедергі келтіру.

Сағанатам – діни құрылыс, төрт құлақты етіп тұрғызылатын мазардың бір түрі.

Садақ – жебе ататын қару. Оның адырнасы мықты қайыстан жасалып, жағына керіледі.

Сайлау құқығы – азаматтардың өкіметтің органдарын сайлау және оларға сайлану құқығы.

Салжұқтар – түрік-оғыздардың үрім-бұтағы. Оғыз тайпалық одағынан бөлініп шыққан кездегі басшы көсемі. Салжұқтардың атымен аталған.

Сал-серілер – ақындық пен әншілік бойына туа дарыған өнер иесі.

Самодержавие – революцияға дейінгі Ресейдегі патшаның шектеусіз жоғарғы билігі мен осындай билікке негізделген басқару жүйесі.

Саналы адам – ақыл-ой қабілеті мен дене құрылысы бойынша алғашқы жартылысынан әлдеқайда жетілген адам. «Саналы адамның» түр-тұлғасы мен ойлау дәрежесі бүгінгі адамдармен теңдес келеді.

Сандық – киім-кешек т.б. зат салуға арналған үй жиһазы.

Сардарбек – сарбаздардың басшысы, қолбасы.

Сардоба – су сақтау әрі белгі мақсатымен тұрғызылған күмбезді құдық.

Сауыт – шар болаттан көз салып тоқыған, кеудеге киетін қорғаныс киімі.

Селекция – будандастыру арқылы малдың не өсімдіктің жаңа түрлерін шығару, джақсарту, сұрыптау алу әдісі.

Семинария – мұғалімдер даярлайтын кәсіби оқу орындарының бір түрі.

Семсер – болаттың ең асылынан жасалатын ұрыс қаруы.

Сенат – 1) Ежелгі Римде жоғарғы мемлекеттік органдардың бірі; 2) Қазақстан Парламентінің жоғарғы палатасы.

Сенім – жеке адамдар арасындағы не жеке адамдар мен қоғам арасындағы қатынастардың сапалық өлшемі, наным.

Сепаратизм – өзінше бөлініп шығуға, жеке билікке ұмтылу.

Серіктестік – бірлестік, мүдде бірлестігі негізінде құрылған серіктестік.

Синантроп – ерте палеолитте өмір сүрген «тік жүретін адамның» екінші түрі. Алғаш рет 1927 жылы Қытайдағы Чжоу-коу-дянь үңгірінен қазып алынған.

Собор – христиан діни құрылыстарының бір түрі.

Совхоз (советское хозяйство – кеңес шаруашылығы) – мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорны, КСРО-дағы алғашқы совхоздар 1918 жылы құрылды. Олардың дүние-мүлкі мемлекеттік меншік болып саналып, ол совхоздарға шаруашылық жүргізу құқығымен бекітіліп берілді.

Сойыл – ат үстіне пайдалануға лайықты, мықты ағаштан жасалған қару.

Сойырғал – моңғолдық кезеңнен кейінгі Қазақстан аумағында кең таралған салық және мұрагерлік жер иелігінің бір түрі, әскери қызметі үшін мұраға түпкілікті берілетін жер.

Соқа – егін егу үшін жер жыртуға арналған металл тісті негізгі жер өңдеу құралы.

Сопылық – аскеттік қозғалыс ретінде пайда болған исламдағы мистикалық бағыт.

Социал-демократ – социал-демократиялық партияның мүшесі.

Социал-демократия – дүнежүзілік демократиялық жұмысшы қозғалысындағы ықпалды күші, ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың бас кезінде пайда болды. Кең көлемді демократиялық қайта құруларды жүргізіп, революциялық жолмен социализмге жетуге ұмтылатын жұмысшы тобының партиясы.

Сөзсіз тізе бүгу (капитуляция) жеңілген соғысушы мемлекеттің қарулы қарсылықты тоқтатуы мен жеңімпаз мемлекетке қарулы күштерін тапсыруы.

Стан – лагерь, тұрақты орын.

Стандарт – 1)қалып, үлгі; 2) өлшеуіш

Станица – елді мекен

Старшын – ру басшысы.

Стелла – ескерткіш құлпытас

Степлаг – Жезқазған маңында (Кеңгір) болған лагерь атауы.

Суверенитет (егемен) – мемлекеттің өзінің ішкі істері мен сыртқы саясатын жүргізудегі басқа мемлекеттерден толық тәуелсіздігі.

Сұлтан – билеуші, әмірші.

Съезд – партия, кеңес және басқа қоғамдық ұйымдар өкілдерінің әлеуметтік, келелі мәселелерді қарайтын талқылайтын, шешетін жиналысы.

Сырмақ – ақ және қара немесе басқа түсті киізді оюмен ойып, түрлі түсті жіппен сырып құрастыратын төсеніш.

Сібір қоғамы – зиялылардың Сібірді Ресейден бөлуді көздейтін демократиялық қозғалысы.

Сюбашы – әскербасы.

Табыс табу – село тұрғындарының күнкөріс үшін табыс табу мақсатымен маусымдық уақытша жұмыс іздеп қалаға не басқа жаққа кетуі.

Тағар – әскерді қамтамасыз ету үшін заттай алынатын салық.

Тайпа – адамзат қоғамындағы этникалық қауымдастық пен әлеуметтік ұйымдардың түрі. Тайпа белгілерінің ерекшілігі – оның мүшелерінің арасында қатынас туыстық байланыстардың болуы, руларға бөліну.

Тайпин көтерілісі – 1850-1864 жылдары Қытайда болған ірі шаруалар көтерілісі.

Талас жазуы – VIII ғасырдағы түрік тайпаларының көне жазба мұрасы.

Тамыр – алыс-беріс жасап жүретін жақсы жолдас, сыйлас адамдар.

Танап – жер учаскелерінен алынатын ақшалай салық.

Тандыр – нан пісіретін пеш

Тарих – адамзаттың басынан өткен оқиғаларды зерттейтін ғылым. Тарих сөзі арабша «зерттеу» оқиғалар туралы «әңгіме» деген мағына береді.

Тарихи деректер – тарихи процестерді айқындайтын және адамзат қоғамының өткенін зерттеуге мүмкіндік беретін барлық объектілер; материалдық мәдениеттің, жазба ескерткіштердің, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың, т.б. заттары.

Тарихилық – дүниеге келтіру себептермен табиғи байланыста, өмір мен құбылыстарды қалыптасу және даму сатысында тану қағидасы.

Тархан – феодалдардың салықтан босатылған жерлері мен иеліктері.

Тас дәуірі – адамзат баласының тас құралдары өндірген және пайдаланған уақыты.

Тасаттық – құрғақшылық кезінде тәңірден жаңбыр тілеп құрбандық шалу рәсімі.

Тасымал жасау – атпен, түйемен адам немесе жүк тасу кәсіпшілігі.

Ташнау – жуынды су ағызатын құдық. Оны жер астынан қыш құбырмен қала сыртына да шығаратын болған.

Тәлімді егіс – қолдан суарылмайтын егін.

Тәркілеу (конфискация) – қандай да бір дүние-мүлікті мемлекет меншігіне ақсыз пұлсыз тартып алу.

Тәті (диадема) – төбесі мен шүйде тұсы ашық, кішігірім тәж тәрізді әшекейлі баскиім. Тәті негізінен асыл металдардан жасалған.

Тегін – хан ұрпағы.

Текемет – бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз төсеніш.

Теле – тайпа, көптеген түрік тілдес тайпалардың ортақ атауы.

Темір дәуірі – адамзаттың темірді ойлап тауып, одан құрал жасаған кезеңі.

Темірші – ұста, зергер.

Теология – құдай жайлы ілім.

Терракота – ғимаратқа сән беру үшін қолданылатын шағын көзе кірпіш.

Террор – лаңкестік.

Терімшілік – жинау, теру. Алғашқы адамдар жер бетінде ағаш, бұта басындағы өсіп тұрған әртүрлі жеміс-жидектерді терді. Жеуге жарамды тамырларды қазып алды. Құстардың жұмыртқасын жинап қорек етті. Бұл адамдардың ең алғашқы өмір сүру тәсілі, кәсібі болды. Мұндай кәсіп терімшілік деп аталды.

Технология – ғылыми-практикалық негізде шикізатты дайын өнімге айналдыру әдісі, тәсілдерінің жүйесі.

Тоғай – сазды жерлерде өсетін бұта түріндегі шағын тал шоғыры.

Тоқсоба – Қыпшақ бірлестігіне енген тайпа.

Тоныкөк тас жазуы – VІІІ ғасырдағы түрік тайпаларының көне жазба мұрасы.

Топырақ эрозиясы – топырақтың неғұрлым құнарлы қабатының еріген қар суымен немесе нөсер жауынмен шайылуы, желмен ұшырылуы. Қазақстандағы топырақ эрозиясы тың жерлерді ойластырмай жыртудың, егін шаруашылығының агротехникалық шараларын сақтамаудың нәтижесінде мүмкін болып, апатты экологиялық салдарларға әкеп соқты, көптеген егін алқаптары көп жылдарға дейін құнарсыз болып қалды.

Торсық – қымыз т.б. сусын құюға ешкі немесе жылқы терісінен жасалған ыдыс.

Тоталитаризм – қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандықтары мен құқықтары жойылатын басқару түрі.

Тотем – адамдардың шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен немесе табиғат құбылыстарымен байланыстыру негізінде қалыптасқан сенімі.

Төлеңгіт – хан мен сұлтандар кезіндегі жасақтар, олар, әдетте, тұтқындардан немесе азат етілген құлдардың ішінен, кейбір жағдайларда өзінің рулық қауымның жырақ кеткен қазақтардан жиналды.

Трагедия – апатты зардаптары болатын қайғылы оқиға.

Тухси – түрік тілдес тайпа.

Тұрақ – тас дәуіріндегі адамдар мекендеген орын. Тұрақтар үңгірдегі және аспан астындағы болып екіге бөлінеді. Үңгір тұрақтарын адамдар бірнеше күннен мыңдаған жылдарға дейін мекендеген.

Түркістан автономиясы – 1917 жылы 28 қарашада Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік құрылым.

Тың игеру – КСРО-да астық өнімін артыру мақсатында 1954-1964 жылдар аралығында жүзеге асырылған мемлекеттік іс-шара.

Тілмаш – бір тілді екінші тілге аударатын адам.

Уәзір – хан кеңесшісі.

Уәлаят – аймақтық-әкімшілік бөлік.

Уезд – ХVІІІ-ХХ ғасырлардың бас кезіндегі Ресей империясының әкімшілік-аумақтық бірлігі.

Унитарлы – құрамында федеративтік құрылымдары болмайтын мемлекеттік құрылыс формас��.

Унитарлық мемлекет – федерациядан өзгеше, өз құрамында федерациялық бірліктер (штаттар, жерлер, автономиялар, автономиялық республикалар мен округтер) болмайтын, тек әкімшілік-аумақтық бірліктерге (аудан,облыс т.б.) бөлінетін мемлекеттік құрылымының формасы.

Урбанизация – қала тұрғындарының өсуі.

Утилизация – пайдаға асырып қолдану.

Учредительное собрание – мемлекеттік мәселелер қарастырылатын үлкен жиын.

Уық – шаңырақ пен керегені жалғастырып тұратын иінді ағаш.

Ұжымдастыру – 1) қоғамдастыру. Социалистік елдердегі ауыл шаруашылығын ұжымдавстыру – ұсақ шаруа шаруашылықтарын біріктірудің негізінде ірі социалистік ауыл шаруашылық кәсіпорны, ауыл шаруашылық артельдері т.б. етіп қайта құру: 2) КСРо-дағы 20-жылдардың соңы – 30-жылдардың басындағы ауыл шаруашылығын өкіметтің қысым жасауымен жаппай ұжымдық шаруашылықтар (колхоздар) етіп құру.

Ұлттық мүдде – үкімет белгілейтін мемлекет мүддесі.

Ұлтшылдық – ұлтты қоғамдық бірліктің жоғарғы формасы ретінде қарастыратын идеология мен саясат.

Ұлы Жібек жолы – сауда-керуен жолдарының жалпы атауы; б.з.б. ІІ ғасырдан ХVІ ғасырға дейін Орта Азия арқылы Қытайдағы Алдыңғы Азиямен байланыстырады.

Ұлыс – бірнеше арыстың жері.

Ұмай ана – ежелгі түрік тайпасының құты (тотемі).

Үндеу – белгілі ұрандар, іс-қимыл төңірегінде халыққа мәлімдеу.

Үшір – еңбекке жарамды адамдар табысының алынатын салық.

Федеративтік республика – дербес мемлекеттердің біртұтас болып өзара біріккеннен құрылған мемлекет.

Фискаль – іс-әрекеттің, негізінен алғанда қаржының жұмсалу заңдылығын қадағалайтын шенеунік.

Флора – белгілі бір аумақта өсетін өсімдіктер түрі.

Фольклор – қазақ халқының бұқаралық көркемсөз шығармашылығы.

Форум – алқалы жиын, мәслихат.

Халық Комиссарлары Кеңесі (ХКҚ) – Кеңес мемлекетінің 1917-1946 жылдар аралығындағы жоғарғы атқарушы және жарлық етуші органы (үкіметі). 1946 жылы Министрлер Кеңесі болып қайта құрылды.

Халық миграциясы – тұрғылықты орнын ауыстыруға байланысты адамдардың қоныс аударуы.

Халықшылар – ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы төңкерісшілдер.

Хан, қаған – тайпа көсемінің, кейін мемлекет билеушісінің лауазымы.

Ханақа – дін жолын ұстаған тақуалар мен кезбе дәруіштер үшін салынған қонақ үйі

Харадж – феодалдық рента, өңделетін жерге салынатын салық.

Хорунжий – казак әскерінің төменгі офицерлік шені, жаяу әскердегі подпоручик немесе атты әскердегі корнет шеніне сәйкес келеді. Қазіргі армиядағы лейтенант атағы.

Целлюлоза – қағаз, жұқа пленка, т.б. бұйымдар өндірілетін табиғи өнім.

Ценз (лат. census) – статистикалық халық санағының ескіліктегі атауы. Онда азаматтардың дүние-мүлкі, қоғамдағы әлеуметтік, саяси орны, әскери қызметі көрсетілді.

Цитадель (қамал) – ортағасырлық қалалардың бекініс құрылыстарымен қоршалған орталық әкімшілік бөлігі.

Чехословак корпусы – Бірінші дүниежүзілік соғыста қолға түскен 45 мыңдай соғыс тұтқындарынан құралған, Еділ бойы, Орал мен Сібір жерінде орналасқан корпус.

Шағатай тілі – бүгінде қолданыстан қалған, ортағасырлық түркі тілі.

Шад – Түрік қағанаты ақсүйектеріне берілетін лауазым.

Шанышқы – ағаш сапқа орнатылған, үш ашалы сүйектен және темірден жасалған ұштығы бар балық аулайтын құрал.

Шаньюй – Ғұн мемлекеті билеушісінің лауазымы.

Шаңырақ – киіз үй сүйегінің негізгі бір бөлігі.

Шапан – қалың матадан арасына жүн, мақта салып, астарлап сырып тігілген сырт киім.

Шапқы – жұмыр тастың екі жағында өңдеп, ұшын үшкірлеп жасаған ерте палеолитте кең тараған қару. Шапқының ұзындығы – 10-20 см, салмағы 0,5-2 килограмдай болған.

Шариғат – мұсылмандық құқық.

Шаруа бастығы – лауазымды әкімшілік қызмет. Ол Қазақстанға 1902 жылы енгізілді. Ондағы мақсат Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруаларын, сондай-ақ жергілікті қазақтарды басқару болатын.

Шаруалар – жеке-дара отбасылық еңбекпен айналысатын ауыл шаруашылық өндірушілері. КСРО –дағы шаруалардың негізгі бұқарасы 135 жеке тап ретінде ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы ұжымдастыру кезеңінде жойылды.

Шаруашылық есеп – кәсіпорындарда шаруашылықты жоспарлы жүргізу әдісі, ол өндірістің өнім өндіруде жұмсалатын шығындары мен нәтижелерін салыстыруға, шығындардың орнын өз табыстарының есебінен толтыруға және өндірістің тиімділігін қамтамасыз етуге негізделген. Шаруашылық есептегі кәсіпорын шаруашылық есебін жүргізуде өз дербестігін сақтайды.

Шахристан – ортағасырлық қалалардағы қолөнершілер, саудагерлер мен жасақшылар мекені.

Шежіре – қазақтардың генеологиялық кестесі, тарихи жылнама.

Шекшек ата – ешкі түлігінің пірі.

Шерби – ұлыс істерін басқаратын қызметшілер.

Шикі кесек – малдың қиы мен сабан араластырып иленген балшықтан құйылған кірпіш.

Шовинизм – ұлтшылдық саясаттың бір бағыты.

Шопан ата – қой түлігінің пірі.

Шылбыр – салт аттың жүрегіне тағылатын бас жіп. Шылбыр тек жылқы малына ғана тән.

Шыңғыснама – Шыңғыс хан және оның ұрпақтары жайлы жазылған шежіре.

Інжу – монғолдың «ханның жері» деген мағынадағы сөзі.

Эвакуация – көшіру, соғыс жағдайында кәсіпорындарды тылға көшіру.

Экология – тірі организмдердің тіршілік ортасымен арақатынасын зерттейтін ғылым.

Экономикалық аудан – жалпы ел аумағының тұтастай бірігіп жатқан ірі бөлігі.

Экономикалық дағдарыс – өндірістің бүкіл қайшылықтарының аяқ астынан пайда болуын сипаттайтын экономикалық цикл фазасы. Сұраныс қабілетінің аздығына қарамай тауардың артық өндірілуі, өндірістің шұғыл қысқаруы және өндірістік аппараттың толық пайдаланылмауының күшеюі, өндіргіш күштердің бүлінуі, бағаның құнсыздануы, жұмыссыздықтың өсуі, жұмысшылардың нақты жалақысының және еңбекші шаруаның табыстарының төмендеуі, ұсақ өндірушілердің жаппай күйзеліске ұшырауы.

Экспансия – басқа елдерді экономикалық және саяси жағынан бағындыруға, бөтен аймақтарды басып алуға бағытталған саясат.

Экспорт – шетелдерге тауар шығару, импортқа қарама-қарсы ұғым.

Экспроприация – еркінен тыс мүлкінен айыру.

Элита – қоғамның қандай да бір бөлігінің неғұрлым көрнекті өкілдері.

Эмиграция (лат. emigro – кетемін) – азаматтардың өз елінен басқа елге саяси, экономикалық т.б. себептерге байланысты тұрақты өмір сүру үшін кетуі.

Эмиссия – ақшаны немесе құнды қағаздарды айналысқа қосу.

Энеолит – б.з.б. 3-2 мыңжылдықта адам баласы мыстан жасалған құралдарды игере бастаған, неолит пен қола дәуірі арасындағы өтпелі кезең.

Энтузиязм – құлшыныс, ықылас.

Эпитафия – қабір ескерткішіне жазылған жазу.

Эпос – ауыз әдебиетіндегі ел қорғаған батырлардың өмірін эпикалық сипатта жан-жақты суреттейтін жанр.

Эрозия – белгілі бер нәрсенің беткі қабатының бүлінуі.

Эрозия – қандай да бір нірсенің жоғарғы қабатының толық немесе ішінара бұзылу үдерісі.

Эсерлер – көп санды және ықпалды революцияшыл партиялардың бірі, социалист-революционерлер партиясы.

Этнос – халық, ұлыс, ұлт, этникалық қауымдастық. Жеке топ ретінде қалыптасқан ұлт

Этникалық қауымдастық – адамдардың әлеуметтік тұрақты топтары. Ол тайпа, халық, ұлт т.б. түрінде ерекше тарихи жағдайларда қалыптасты.

Этникалық сана – жеке адамдардың белгілі бір этникалық ортақтыққа жататынын түсінуі.

Этногенез – әртүрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы.

Этногенез – ежелден келе жатқан этнографиялық, лингвистикалық және антропологиялық ерекшіліктері мен әртүрлі этникалық компоненттер негізіндегі жаңа этникалық қауымдастықтың қалыптасу үдерісі.

Этнография – әртүрлі халықтардың тұрмыс-тіршілігін зерттейтін ғылым. Этнография грекше «этнос» - халық, «графо» - жазамын деген мағынаны білдіреді.

Этнодемография (грек. ethnos – халық, dermos – халық және grapho – жазамын) – этностардың табиғи өсуін және олардың санының динамикалық ерекшіліктерін зерттеуші этнография (этнология) мен демографияның түйісуіндегі ғылыми пән.

Этноним – тайпа, халық атауы.

ЮНЕСКО – Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым мен мәдениет жөніндегі мамандандырылған мекемесі, үкімет аралық ұйым. Өз қызметін 1946 жылы бастады.

Яғбу, жағбу – Түрік қағанаты билеушілерінің лауазымы.

Qazaqstan tarihy.