June 25, 2020

Жұма күні таңертең үш истиғфар оқу

С.Әбәдийа кітабындағы хадис шәрифте 

«Жұма күні таң намазынан бұрын үш рет "Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи лә илаһа илла һууәл хаййәл қаййума уә әтубу илайһ" деп оқыған адамның өзінің, ата-анасының барлық күнәлары кешіріледі» делінген.

Бұл истиғфарды оқу өте сауапты. Қай кезде оқылса да, оқыған адам көп сауап алады, күнәлары кешіріледі, дерттерден, қиыншылықтардан құтылады. Бірақ бұл жерде ерекше жағдай білдірілген, ата-анасының да күнәлары кешіріледі делінген. сүйікті пайғамбарымыз «Жұма күні таң намазынан бұрын» деп айтқан
Білдірілген сауап тек жұма күні таң намазының алдында оқылғандарға ғана тиісті.

Осындай шартсыз айтылған хабарларда көптеген шарттар болады. Бірнешеуі төменде:

  1. Мұсылман болу. Мұсылман болмаған адам оқыса да сауап ала алмайды.
  2. Намаз оқымайтын адам, таң намазынан бұрын оқыса, сауап ала алмайды.
  3. Намаз оқыса, бірақ Әһли сүннет сенімінде болмаса, сауап ала алмайды.
  4. Құл (кісі) ақылары мен қазаға қалған парыздарды өтеу және харамдарды тастау шарт. (С.Әбәдийа)