April 27, 2021

15—16Күнге тапсырма

Екі күнге арналған тапсырма

Уақыт неткен жылдам, ия?!
Рамазан айының зуылдап тез тез өтіп бара жатқанын көріп , Расымен осы жолы тым жылдам сияқты ма? алда тек 14ақ күн қалды. Екі күндік тапсырманы сол үшінде қатарынан бере салайын деп шештім:

Екі күндік тапсырма:

  • Аллаға шүкір: Ораза ұстадыңыз,рамазан айына аман есен жетіп бұны оқып отырсаңыз Алланың сізге берген бір хикметі деп түсініңіз,себебі Рамазанайында бұны білмей құр ораза ұстап бос өткізіп жатқан адам қаншама.
  • Сұрақ: Пайғамбарымыз неше жыл Рамазан айымен қауышып ораза ұстады? Сол тапсырманы орындасаңыз іздеп көрсеңіз болады. Бұл сіздің Пайғамбарымыз жайлы тануға бір себеп.
  • Рамазан аяқталғанша ауызшар беруге тырысыңыз: көршіңіз бар, жақын маңда тұратын туыстарыңыз бар. Бұл міндетті емес, бірақ сауапты іс!
    «Кімде-кім ораза ұстаған біреуге ауыз аштырса(ораза ұстаған кісінің сауабы кемітілмей), оның сауабын алады» деген.
  • Бар жоғы екі апта ғана уақыт қалды. Құранды оқып жүрсіз бе?
    Салауат айтып жүрсіз бе? Садақа беріп жүрсіз бе?
    Тарауих намазын оқып жүрсіз бе,
    Білесіздер: Рамазанның екінші онкүндігі - кешірім айы. Яғни, истиғфарды көбейтіңіз.

Сүннет амалдар

  1. Жақсылық жасау "Жақсылыққа жол көрсеткен сол жасаған адамның сауабындай жақсылық алады". Яғни, кез келген жақсы амал жасау да - сүннет
  2. Ақшамда үйге оралу Ақшамда үйге кіргенде мына дұғаны оқу керек: "Биссмиллаһи дәхәлнә уә бисмилләһи харажнә уә ала рәббинәә тәуәккәлнәә". "Алланың атымен кіріп, Алланың атымен шықтық. Раббымызға тәуекел еттік"

Рамазанның әр күнінде орындалуы керек әрекеттерді
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖАСАУ керек:

Салауат айту

Салауат айтудың пайда зор. Ол біздің барлық өмірімізді қамтиды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

«Кім маған күніне 100 рет салауат айтса, Алла соның қажетін ашады»-деген.

Салауат айту уайым мен қайғыдан арылтады. Пайғамбарға салауат айту – құлшылықтың қабыл болуының, деннің сау болуының кепілі. Бұл жүрек нұры. Алла елшісіне салауат айту – Алла Тағаланың өз құлының құлшылығы мен ісін қабыл етуіне себеп болмақ. Оқылуы:«Аллаһуммә салли ‘алә сәййдинә Мухаммәдин уә ‘алә әәли сәййдинә Мухаммәдин кәмә салләйтә ‘алә сәййдинә Ибраһимә уә ‘алә әәли сәййдинә Ибраһимә иннәкә хамиидун мәжиид» Мағынасы: «Уа, Алла тағалам, хазреті Ибраһимге (ғ.с.) және оның отбасына салауат еткеніңдей (мейірімің мен разылы-ғыңа бөлегеніңдей) хазреті Мұхаммедке (с.ғ.с.) және оның отбасына салауат еткейсің. Шын мәнінде, Сен бар мақтау мен мадаққа лайықсың әрі ең Ұлысың!».

Истиғфар айту

Күндіз жəне түнде оқуға болатын, Пайғамбарымыз ﷺ
«Алладан кешірім сұраудағы дұғаның патшасы» (саййид ул-истигфар) деп атап кеткен дұға келесідей:


اَللّهُمَّأَنْتَرَبِّيلَاإِلٰهَإِلَّاأَنْتَخَلَقْتَنِيوَأَنَاعَبْدُكَوَأَنَاعَلَىعَهْدِكَوَوَعْدِكَمَااسْتَطَعْتُأَعُوذُبِكَمِنْشَرِّمَاصَنَعْتُأَبُوءُلَكَبِنِعْمَتِكَعَلَيَّوَأَبُوءُلَكَبِذَنْبِيفَاغْفِرْلِيفَإِنَّهُلَايَغْفِرُالذُّنُوبَإِلَّاأَنْتَ
(Аллахумма, Əңта Робби, лəə илəəхə иллə Əңта, холақтəни уə əнə 'əбдукə, уə əнə 'əлə 'əхдикə уə уə'дикə мəстато'ту. А'узу бикə миң шəрри мə сонə'ту, əбу'у лəкə бини'мəтикə 'əлəййя, уə əбу'у бизамби, фəғфир ли, фə иннəху лə йəғфируз-зунубə иллə Əңтə!)

«Уа, Алла, Сен - менің Жаратушымсың, жəне Сенен басқа Тəңір жоқ, Сен мені жараттың, ал мен Сенің - құлыңмын, жəне Саған деген адалдығымды күшім жеткенше сақтаймын. Менің жасаған жамандығымнан Өзіңе сыйынамын, Сенің маған жасаған мейіріміңді жəне өзімнің күнəмды мойындаймын. Мені кешір, өйткені, расында Сенен басқа ешкім күнəларды кешірмейді!» Бұл дұға жайлы Пайғамбарымыз ﷺ былай дейді: « Кім бұл сөздерді күндіз айтып, сол күні кешке дейін қайтыс болса, онда ол Жəннəт иелерінен болады жəне кім бұл сөздерді түнде айтып, таң атқанша өлсе, Жəннəт иелерінен болады» (Бухари).

Дұға жасау

Киім шешкенде айтылатын дұға
Алланың атымен (бастаймын).
«Бисмилләһ”

Алланың 3 көркем есімдерін жаттау / зікір айту

- "Әл-Мужиб" есімі - дұғаға жауап беруші, тілекті қабыл етуші

Дұғалардың қабыл болуы үшін күнде 55 рет оқу керек.

- "Әл-Муғид" есімі - өмірден кейін өлімді, өлімнен кейін өмірді қайтарушы Қолдан кеткен табысты кері қайтару үшін осы көркем есімді 124 рет оқу керек.

- "Әл-Муғни" есімі - байытушы, жан дүниені дарқан етуші
Кімде-кім осы есімді күн сайын 1100 рет қайталаса, ризық-несібесі мол, бақуатты болып, таршылық көрмейтін болады. Рухани кеселі барлар кеселінен айырылады.

Кітап оқу
Құран оқу (қазқша ннұсас болсын)
Шүкіршілік жазу

Осы шүкіріңіз үшін де сіздің дұғаңыз қабыл болды және болады, ИншАлла. Шүкірді тоқтатпаңыз.