May 10, 2021

Жиырма сегіз, Жиырма тоғызыншы тапсырма.

Міне әне міне деп Рамазан айының соңғы парақтарына келіп жеттік,Рамазан айының шарапатын түсінгенге қимастық болады. Пендеміз ғой, уақытында берген нығметтің қадірін түсінбей біткенде осылай —осылай осылай істер едім кішкене тағы кұра тұрса ғой деп іштей тілеп Рамазан айымен қоштасудан бас тартып жатқандар да болар,Амал нешік берген уақыт бітті, кетті енді келер Рамазан айына аман есен жетіп сол кезде осы —осы амалды жасаймын деп жазып қойсаңызда ниеттенсеңіз де болады.Амалдар ниетке байланысты ғой.

Бірақ Шәууал айының 6күндік оразасына да ниеттенсеңіздер болар еді. Бірақ Рамазан айындағыдай ораза сезілмейтіні анық Себбебі Рамазан айында тек нәпсіден басқа еш кедергі адам баласын арбап азғырып,шатастырмайды өз нәпсімізбен өзіміз қалып тәрбиелейтін ерекше ай ғой. Айта берсек те Рамазан айының оразасы мен құлшылық, ғибадаттарын қайталап та,айтудан жалықпас едім.Шіркін Рамазан айы жылында бір рет емес 3-4рет берсе ғой мінезіміз ғана емес адамгершілік мейіріміміз артар ма еді әттең —ай сәл тұра тұршы деп жатқан жандардың дұға тілектері қабыл, құлшылық ғибадаттары кәміл болғай. Ал енді соңғы Рамазан айында жасалатын тапсырмалар топтамасын ұсынамын.

ЕКІ КҮНДІК ТАПСЫРМАЛАР:

  • Рамазан айы соңғы сәттері құлшылық ғибадаттарыңызды арттырып дұғаларыңызды көбейтіңіз.
  • Соңғы тақ сан бойынша бүгінде қадір түні болуы мүмкін телеграм каналындағы дұға таспихтарды,зікірлерді тартып сәресін уақытына дейін құлшылық жасасаңыз болады.
  • Балаларыңызға немесе бауырларыңызға ораза жайлы айтыңыз! Он екі айдың сұлтаны болған Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, сауаптар еселеніп жазылатын шарапаты мен шапағаты мол ай. Құдси хадисте Алла Тағала: «Ораза – тек Мен үшін. Оның сыйын (сауабын) Өзім ғана беремін...» деп оразаның қадірі мен қасиетін баяндаған. Исламның бес парызының бірі болған оразаның осы айда орындалатыны да сондықтан. Ораза жан мен тәнді рухани тазартатын үлкен сабыр мектебі екенін бөлісуді ұмытпаңыз.
  • Алланы зікір етіңіздер
    Жаратқанды зікірдің қандай түрімен еске алсаңыз да еш айырмашылығы жоқ. Алайда өздеріңіз білетіндей, егер зікірдің әртүрін көбірек қайталайтын болсақ, онда бұлардың әрбірі үшін сауаптың еселеніп жазылатыны аян, тиісінше, бұл сізді Аллахқа жақындатады. Бұл үшін тұрақтылық және әртүрлі Азкарларды жүйе орындау қажет. Құран Кәрімдегі Алла тағала былай деген: فَاذْكُرُونِي أَذْكُرْكُمْ وَاشْكُرُوا لِي وَلَا تَكْفُرُونِ «Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын» (Әл-Бақара, 152-аят). Сондай-ақ «Жүректер Алланы еске салуымен тыныштық тауып, орнығады» (Әл-Раъд, 28-аят). «Қашан намазды орындап болсаңдар, Алланы тұрған, отырған және жамбастап жатқан хәлде еске алыңдар» (Ән-Ниса, 103-аят).
  • Достарыңызға хабарласып, жағдайларын сұраңыз

    Алла Тағала адам баласын бір-біріне мұқтаж етіп жаратқан. Әрбір адамға қуанышы мен қайғысын бөлісетін, шерін тарқататын, мұңын шағатын, керегінде ойнап-күлетін, іс түскенде ақылдасатын дос керек. Сол үшін  халқымыз «Адамның күні адаммен» дейді.

    Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Сондықтан жақсы достың адам өмірінен алар орны ерекше.

    Бүгін-ертеңдер көптен бері көңіл бөле алмай жүрген жақын достарыңызға, группаластарыңызға, класстастарыңызға хабарласып қал- жағдайын сұрап, сыр шертісіп қойыңыз

Рамазанның әр күнінде орындалуы керек әрекеттерді
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖАСАУ керек:

Истиғфар айту

Алладан кешірім сұраудың ең жеңіл әрі қарапайым дұғасы – Истиғфар айту, яғни, «Астағфируллаһ!»деп айту. Мағынасы: «Аллаһ мені кешірсін!». Истиғфар – Алланың құлына деген үлкен мейірімі. Алла Тағала құлынан ешқашан бетбұрмайды, Оның кешірім есіктері үнемі ашық. Алла – Кешіруші, кешіргенді жақсы көреді. Сондықтан, тәубе етуді кейінге қалдырмай, дәл қазірден бастап Алланың кешіріміне ұмтылуымыз керек.

Салауат айту

Рақымыңнан қуылған шайтаннан сақтай гөр деп, Алладан пана тілеймін! Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен! Уа, Алла Тағалам! Сен − менің Раббымсың! Сенен басқа Тәңір жоқ. Мені Сен жараттың. Мен − Сенің құлыңмын, қолымнан келгенше Өзіңе берген уәдеме берік боламын. Істеген істерімнің кесір-кесапатынан бір Өзің сақтай гөр! Берген нығметтеріңнің бәріне шүкіршілік етемін һәм жасаған күнәларымды толық мойындаймын. Мені кешіре гөр! Шынында, күнәларды Өзіңнен басқа ешкім кешіре алмайды.
Олай болса Раббымызға сансыз шүкірімізді арттырайық. Бүкіл әлемге рахым-мейірім етіп жіберілген Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болғай.

Дұға жасаңыз

Бүгін қадір түні болуы мүмкін сондықтан көп көп дұғалар жасаңыз.

РАББЫМЫЗДАН кешірім сұрап үлгеріңіздер!!!
Дұға тілектеріңіз қабыл болсын!!!

Алланың 6 көркем есімін жаттау/зікірету

🔹Әл-Уәжид есімінің мағынасы (Бай,Табушы)
Кімде кім күн сайын "Я, Уәжид"деп 14 мәрте қайталаса іздеген және жоғалтқан нәрсесін табады.
🔹Әл-Уәкил есімінің мағынасы (Басқарушы)
Бұл есім Ризық есігінің кілті іспетті.Бұл есімді көп қайталаған адамдарға Алла Тағала күтпеген уақытта көптеген мөлшердегі ризық береді.
🔹Әл-Уәли есімінің мағынасы (Қамқоршы)
Бұл есімді көп қайталаған жанды Алла Тағала қамқорлығына алады.Кез-келген істе Алланың жәрдемін алу үшін күн сайын осы есімді 56 мәрте қайталауы керек)

🔹Әл-Уәрис есімінің мағынасы(Мұра Иесі)
Барлық мұра Алла Тағалада.
Кімде-кім осы есімді 700 рет қайталаса, бай дәулетті болады.
🔹Әл-Уәсиғ есімінің мағынасы (Қорғаушы)
Ол тақуаларды (әулиелерді) жақсы көреді және оларға мықты қуат береді. Кәпірлердің беделін бұл дүниеде де, о дүниеде де түсіреді.
Бұл есімді көп қайталаған адамға Алла Тағала ризық-несібесін,білімін арттырып,ажалын кешіктіреді.
🔹Әл-Уахид есімінің мағынасы(Жалғыз)
Барлық Құдайлық сипаттар Оған тән. Одан басқа Құдай жоқ. Алла Тағала расында жалғыз, сондықтан Аллаға ғибадат етіледі.

Кітап оқу
Тахаджуд намазын оқу
Шүкіршілік жазу

Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала: «Сендер Мені еске алсаңдар, Мен де сендерді еске аламын. Маған шүкір етіңдер, күпір етпеңдер» («Бақара» сүресі, 152-аят) деп, Өзін еске алғандарды еске алып жарылқайтынын айтып, шүкір етуге бұйырған. Ал шүкір етпеу Аллаға күпір еткені екенін аңғартуда.