May 8, 2021

Жиырма алтыншы, жиырма жетінші тапсырмалар.

Әне міне деп Рамазан айының 26 күніне де келіп жеттік, яғни бүгін екінті намазынан кейін Қадір түні (Ләйлә-тул-қадр) құлшылық ғибадаттарыңызды бастап кетсеңіздер болады.

Қадір түні Рамазан айының ішіндегі,Құран кәрімде мадақталған ең қадірлі түн болып табылады. Аяти каримада: «Қадір түні мың айдан қайырлы»делінген. Құран кәрім Расулуллаһқа осы түні түсе бастады. Рамазанның соңғы он күндері және түндерінен іздеу керек. Сондықтан бүгінгі түнмен шектелмей,соңғы 28нен 29 қараған түнде құлшылықпен өткісеңіз болады.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Аллаһу та’аланың алдында ең қадірлі түн – Қадір түні». (У. Нәжат)

Екі күндік тапсырма:

  • Бүгін кешкі ауыз ашарға дайындалып, түніңізді құлшылықпен өткізу мақсатында жақсылап жоспар құрып алыңыз.
  • Қадір түні сіздің бір жылдық несібе— ырыздығыңыздың бөлінетін,бір жылдық тағдырыңыздың шешуші түн. Сондықтан қадір түніне арнайы дұғаларыңыз бен құлшылық ғибадаттарыңызды қазірден бастап дәптеріңізге жазып алыңыз.
  • «Қадір түнінде бір рет Қадір сүресін оқу Құран кәрімді хатым етуден де сауапты. Бұл түні қой сауымындай уақыт намаз оқу, ғибадат ету, бір ай барлық түнді ғибадатпен өткізгеннен де артық». (Тәфсири муғни) Қадір сүресін жаттаған боларсыздар соны 100рет тартып дұға жасаңыз.
  • Пайғамбарымыз Қадір түнінде «Аллаһумма иннәкә афуун кәримун тухиббул афуа фа’фу анни» дұғасын оқу керектігін білдірген. Мағынасы: «Ей Раббым! Сен әрине кешірімдісің. Кешіруді жақсы көресің, мені де кешір». Бұл дұғаны әр жасаған өз дұғаларыңызға қосып,салауатты 3рет қайталау арқылы аяқтаңыз

«Мың айдан да құнды болған Қадір түнінің игілігінен мақрұм қалған адам бүкіл игіліктерден мақрұм қалған болып саналады.» (У. Нәжат)

Хазреті Айша анамызға да «13-ші түн еді, өтіп кетті, Қадір түнін жіберіп алсаң, 27-ші түні қауышасың. Ол түнді ғибадатпен өткізсең, ахиретке сапар үшін азық ретінде ол түндегі ғибадат саған жеткілікті» деді

Рамазанның әр күнінде орындалуы керек әрекеттерді
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖАСАУ керек:

Салауат айту

Салауаттың түрлері көп. Ең қысқасы Пайғамбарымыз есімін естігенде «алейһис
соләту уәс сәләм» немесе «салла Аллаһу алейһи уәс-сәләм» деп айту. Бұл жөнінде Имам Науаи: Пайғамбарға дұға салауат пен сәлем қоса айтылып жасалады. Бұл «Әй, мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер[6]»,-аятынан алынған[7],деген.
Риуаятта сахабалар пайғамбарымыздан ﷺ: уа, Алла елшісі! Сізге қалай
салауат айтамыз?,-дегенде пайғамбар ﷺ: «Аллоһумма солли ала Мұхаммадин уә әзуәжиһи уә зурриятиһи, кәмә солләйтә ала әли Ибраһимә, уә бәрик ала Мұхаммәдин уә әзуәжиһи уә зурриятиһи, кәмә бәрактә ала әли Ибраһимә, иннәкә Хамидум Мажид»,деп айтыңдар[8],-деген екен. Мағынасы: Аллаһым, Мұхаммедке, оның жұбайлары мен ұрпағына Ибраһим отбасына салауат еткендей рақымет ет.

Истиғфар айту
  • «Ризыққа қауышқан адам көп “әлхамдулилләһ” десін.
    Ризығы азайған адам көп истиғфар (әстағфируллаһ) айтсын.
    Ренжіп көңілі түскен адам “Лә хаулә уә лә қууәта иллә биллаһ” десін.» (Бәйһақи, Хатиб)
    «Қиыншылыққа түскен немесе қарызданған адам мың рет “Лә хаулә уә лә қууәта иллә билләһил алиил азыйм” десе Аллаһу та’ала ісін жеңілдетеді.» (Шира)
    «Ясин сүресін оқыған адамның қиыншылығы кетеді.»(Дәйләми)
  • Истиғфар дегеніміз – жасаған күнә мен қателіктері үшін Алла Тағаладан кешірім сұрау.
    Хазірет Пайғамбар (с.ғ.с.) “сәййдил истиғфар” (истиғфарлардың ең көркемі) деп атаған дұғасы мынандай:
    “Алла Тағалам! Сен – менің Раббымсың! Сенен басқа құдай жоқ. Мені Сен жараттың. Мен – Сенің құлыңмын; күш қуатымның жеткенінше Сенің уәдеңе ұстануға тырысамын. Жасаған жамандықтарымның сорынан Саған сиынамын. Бойымдағы бар нығметтеріңді мойындаймын: күнәмді де мойындаймын. Мені кешір; себебі Сенен басқа ешкім күнәларды кешіре алмас”. [Бухари, Дәават, 2].
Дұға жасау

Бұл жалғанда адамзат баласы әркез екі қолын жайып аспан есіктерін қағып дұға етіп тұруға мұқтаж. Ал дұға мұсылман өмірінен ойып тұрып орын алатын маңызды құлшылық. Қажеттерді өтеушінің жанына жақындаудың бірден-бір жолы. Қаншалықты көп дұға-тілекте болсаң соншалықты Аллаға деген иманың нұрланып, тәуекелің артады.
Құранда Алла Тағала:
«Раббыларың: “Маған жалбарыңдар! Тілектеріңді қабылдаймын. Расында Маған құлшылық қылудан паңсынғандар, олар қор болып, тозаққа кіреді” дейді.
Ислам ғұламалары бұл аяттағы «құлшылық» сөзін мақсат «Дұға» деген. Себебі Алла Тағала бірінші дұғаны айтып оны қабыл ететіндігін уәде етті. Сосын дұғаны құлшылық деп атап, оны тәрк қылғанды тәкаппар деп, тозақы болатындығын ескертті.

Алланың 6 көркем есімін жаттау/зікір ету

•Ас-Самад есімінің мағынасы (Мұңсыз, Мұқтажсыз)
Кімде-кім бұл есімді күн сайын 134 қайталаса,Алладан басқа ешкімге мұқтаж болмайды.
•Әс-Сәләм есімінің мағынасы (Бейбітшіл)
Кімде-кім осы көркем есімді күнде 131 рет қайталаса, аман-сау болады және қорқыныштарынан құтылады.
Кімде-кім ауру адамға "Я, Сәләм" деп 161 рет оқып дем салса,Алла қаласа, оған шипа береді.
•Әс-Сәмиғ есімінің мағынасы (Бәрін естуші)
Кімде-кім осы есімді күнде 180 рет қайталаса,Алла Тағала барлық дұғаларын қабыл алады.

•Әт-Тәууәб есімінің мағынасы (Тәубені тез қабыл алушы)
«..Расында Ол – тәубені тез қабыл алушы әрі ерекше мейірімді» (Бақара, 37)
Осы көркем есімді көп мәрте қайталау арқылы, иншалла, алға қойған мақсаттар орындалады. Ал кімде-кім өзін жәбірлеген адамның қасында тұрып осы есімді ішінен 10 мәрте қайталаса, иншалла, жәбірлеушінің жәбірінен аман болады.
Сондай-ақ, осы көркем есімді күніне дұха намазынан кейін 360 мәрте қайталап жүрген жанды Алла Тағала шынай тәубенің жолына салады
•Әл-Уаали есімінің мағынасы(Әмірші)
Кімде-кім осы көркем есімді күн сайын 47 мәрте қайталаса,сөзі әсерлі және адамдардың сүйікті адамы болады.
•Әл-Уәдуд есімінің мағынасы(Ізгі құлдарын жақсы көруші)
Кімде-кім осы есімді күн сайын 20 рет қайталаса,адамдардың сүйіспеншілігіне бөленіп, барлық жерде құрметті болады және басқалардың дұшпандығы кетіп,арада достық сезімі орнайды.

Кітап оқу
Құран оқу (қазақша мағынасында оқысаңыз болады)
Тарауық намазын оқу
Шүкір жазу

Күніне кем дегенде 20-дан астам шүкіршілік жазыңыз!!!
Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан

«Енді, Meні еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкіршілік қылыңдар да қарсы болмаңдар» (2:152).

«Сол уақытта Раббыларың: “Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты” деп жариялады» (14:7).

•Хадисте былай айтылған:

«Ақиқатында, әрбір желінген тілім мен әрбір жұтым үшін Алла Тағалаға шүкірлік ететін пендесіне Ол міндетті түрде разы болады»