April 24, 2021

Он екінші күн

ОН ЕКІНШІ ТАПСЫРМА

Рамазан - дұғалардың қабыл болатын, кешірімдердің қабыл болатын кешірім айы, рақымдылық айы! Рамазанның аяқталуына он сегіз күн қалды! Демек, бізге асығу керек!
Қаншама , тапсырмалар жазылып жатыр!
Орындап жүрсіздер ғой, ия?


БҮГІНГІ ТАПСЫРМА РЕТІ:
Бүгін сіздерге қиын тапсырма берілмейді: демалыс)

Бірақ, мына сұрақтарға жауап жазыңыз:
Осы күнге дейңн мен не бітірдім?
Қандай білімдер алдым? Рамазанда нені түсіндім?
Қайсысын қолданып жүрмін?


Рамазанның әр күнінде орындалуы керек әрекеттерді

МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖАСАУ керек:


Пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айту;

Бірде сахабалар Алла елшісінің қуанып отырғанын көреді. Олар: «О, Алланың елшісі! Біз сенің қуанышты жүзіңді көріп тұрмыз»-дейді. Ол: «Мен қалай қуанбайын, Жәбірейіл маған «кімде кім маған салауат айтса Алла соған он есе мейірім көрсететінін» жеткізді»-деген екен.
Салауаттың ең көп айтылатын түрі намазда оқылатын: «Аллаһуммә солли» және «Аллаһуммә бәрик» салауаттары.

Аллаһуммә солли: «Аллаһуммә солли ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммадин кәмә солләйтә ала Ибраһимә уә ала әли Ибраһимә иннәкә Хамидум Мажид».
Аллаһуммә бәрик: «Аллаһуммә бәрик ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммадин кәмә бәрактә ала Ибраһимә уә ала әли Ибраһимә иннәкә Хамидум Мажид».

Истиғфар айту;

Көптеген аяттарда: «Менi көп зiкiр етiңдер» және «Иза жәа»сүресiнде «Маған истиғфар етiңдер. Дұғаларыңды қабыл етемiн, күнәләріңді кешiремiн»- делiнген. Аллаһу та’алаға көп истиғфар етудi әмiр еткендiгi осыдан көрiнiп тұр. Сондықтан Мухаммед Масум хазреттерi екiншi том, сексенiншi хатында:
«Бұл әмірге ұйып, әр намаздан соң 3 рет истиғфар дұғасын оқимын және 67 рет «Әстағфируллаһ» айтамын. Истиғфар дұғасы мынадай:

Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи ла илаһа илла хууәл һайял қайюма уа әтубу иләйһ.

Сiздер де осыны оқыңыздар! Әрбiр айтқанда «Менi кешiре гөр Аллаһым» деп мағынасын ойлап айту керек. Оқығандарды және жанындағыларды дерттерiнен, қиыншылықтарынан құтқарады. Көптеген кiсi оқып пайдасын көп көрдi. Ұйықтарда «Иа Аллаһ, иа Аллаһ» және 3-рет

«Әстағфируллаһ мин кулли мә карихаллаһ» -

деп айтып, ұйықтағанға дейiн қайталау керек

Құран оқу;

Кітап оқу;

Адамзаттың асыл тәжі" кітабын оқуды жалғастырамыз. кітапта айтылған әрбір ақпаратқа, әрбір сөзге мұқият назар аударыңыз. Неге? Себебі келесі тапсырмаларда сұрақ жауаппен бір бірімізді тексереміз😉

Алланың 3 көркем есімдерін жаттау / зікір айту;

  1. - "Әл-Қуддус" есімі - аса қасиетті, тазалаушы.
    Кімде-кім осы есімді күнде 100 рет оқитын болса, Алла Тағала оны рухани кеселдерден сақтайды және уайым-қайғылардан арылтады.
  2. - "Әл-Латиф" есімі - бүкілінің барша қажеттілігін қамтамасыз етуші, мейірімді қамқоршы.
    Тілек дұғалардың орындалуы үшін, отбасы құру мен ризық несібенің мол болуы үшін күнде 129 рет оқу керек.
  3. - "Әл-Мәниғ" есімі - қаламағанын бермейтін.
    Кімде-кім осы есімді күнде 161 рет қайталаса, бәле-жала мен апаттардан аман болады.

Шүкіршілік жазу

“Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты” деп жариялады» (14:7)

Шүкіршілік дәптері - сізді Аллаға жақындататын тағы бір құрал. Оны бірде-бір күн бос қалдырмаңыз.

Тарауих оқу!