May 15, 2020
Ысырапшылдық жайлы хадистер
Дінімізде әбес, қажетсіз нәрселерді істеу жаиз емес. Мәселен бостан-бос қағазды шимайлап отыру ысырап және әбестік. Мұнда бірнеше ысырап бар. Уақыт, еңбек, қуат, қағаз, қалам, сия. Бәрінен маңыздысы пайдалы нәрсемен шұғылданбау.
Ысыраптың көлемі қанша болса да зияны үлкен. Кіші деп саналған нәрселерді біріктірген кезде үлкен сандар шығады. “Көп түкірсе көл болады” деген мақалды білетін шығармыз. Минутына он тамшы су жіберетін краннан айына 170 литр су далаға кетеді екен.
Ысыраптың жамандығын білдіру үшін Аллаһу та’ала былай бұйырған:
«Жеңдер, ішіңдер бірақ ысырап етпеңдер! Аллаһу та’ала ысырап еткендерді әлбетте жақсы көрмейді.» (Араф 31)
«Ысырап етпе! Ысырап еткендер шайтанның бауырлары.» (Исра 26, 27)
«Ысырапшыларды опат қылдық» (Әнбийа 9)
«Мал-мүліктерін ысырап еткендерге ешнәрсе бермеңдер!» әмірімен ысырапшыларды жаман түрде сипаттап «Мал-мүліктеріңді сәфихтерге (зауқы, нәпсі үшін ақша шашатындарға) бермеңдер» деп бұйырылған. (Ниса 5)
«Ішіп-жеңдер, киініңдер және садақа беріңдер. Бірақ ысырап және тәкаппарлықтан сақтаныңдар!» (Бұхари) х/ш