May 3, 2021

Жирма бірінші күн

Рамазан - кешірім айы, рахым айы, жақсылықтың айы, күнәлардан тазартарын мүмкіндік айы. Осындай мерекелі, керемет мүмкіндікке толы болған, сағынып күткен ай да өз мәресіне жетуге таяп қалды. Бүгін, міне, 9 күн қалды.

Бүгінгі тапсырма:

  • Бүгіннен бастап кері санақ жүргіземіз. Соңғы онкүндікке өте қатты мән беру керек. Себебі осы онкүндікте Қадыр түні бар. Соңғы он күннің маңыздылығы туралы Көркем әңгіме парақщасындағы соңғы посттардағы Пайғамбарымыздың (ﷺ) мысалынан біле аласыздар!
  • Соңғы күндердегі истиғфарды, салауатты көбейтіңіз! Алладан көбірек сауап алып, күнәларыңыздың кешірілгенін қаласаңыз, көбірек айтыңыз!
  • Әр күні тоқтатпай садақа беріңіздер. Қадір түніне сәйкес келіп қалса, 83 жыл садақа бергенмен бірдей сауап аласыздар Алла қаласа)
  • Ата-анаңыздан, жолдасыңыздан, аға-бауыр, таныстарыңыздан, Жаратушыдан кешірім сұраңыз. Өзіңіз де сізді ашық әрі жасырын түрде ренжіткен жандар болса, кешіріңіз.
  • «Қадір түнін Рамазан айының соңғы он күнінің 21, 23, 25, 27 және 29 сияқты тақ түндерінде немесе соңғы түнінде іздеңдер! Сауабынан үміттеніп Қадір түнін ғибадатпен өткізген адамның күнәлары кешіріледі.» (И. Ахмед) Яғни қадыр түні кеше 20-21қараған түн болуы да мүмкін.(2нен —3не қараған түн).Келесі түн 22-23қараған түн (мамырдың 4нен—5қараған түн)қарсы алып көп көп дұға жасасаңыз болады.

Рамазанның әр күнінде орындалуы керек әрекеттерді
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖАСАУ керек:

Истиғфар айту

Истиғфар дұғасы мынадай: Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи ла илаһа илла хууәл һайял қайюма уа әтубу иләйһ.

Салауат айту

Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала: «Сендер Мені еске алсаңдар, Мен де сендерді еске аламын. Маған шүкір етіңдер, күпір етпеңдер» («Бақара» сүресі, 152-аят) деп, Өзін еске алғандарды еске алып жарылқайтынын айтып, шүкір етуге бұйырған. Ал шүкір етпеу Аллаға күпір еткені екенін аңғартуда. Олай болса Раббымызға сансыз шүкірімізді арттырайық. Бүкіл әлемге рахым-мейірім етіп жіберілген Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болғай.

Дұға жасау

Уайым-қайғыдан құтылу үшін оқылатын дұға
ياَ حَىُّ يَا قَيُّومُ بِرَحْمَتِكَ اَسْتَغِيثُ

Оқылуы: «Я хайю, я қайюуму. Бирахматика әстағису».

Мағынасы: «Уа, мәңгі тірі тұрушы және әр нәрсені толық меңгеруші Раббым! Сенің мейіріміңе сиынып, сенен жәрдем тілеймін».

Алланың 3 көркем есімін жаттау/зікір ету

1.—Әл-Муһәймин

Кімде кім осы есімді жазып өзімен бірге алып жүретін болса,мал-мүлкі мен ризығын Алла Тағала қорғап,сақтайды.
Кімде-кім ғұсыл алып болған соң осы есімді 100 рет қайталаса,ол адамның сыртқы келбеті нұрлы,жарқырап тұратын болады .

2.—Әл-Мутәғали

Кімде-кім осы көркем есімді күнде 551 рет айтып жүрсе,қалаған мансабы мен атақ- дәрежесіне қол жеткізеді,көтеріледі

3.—Әл-Мухи

Тірілтуші. Ол денелерге жан салып тірілтеді. Егер біреу бұл есіммен Алла Тағалаға жалбарынса, шипа табады.

Құран оқу
Кітап оқу
тарауық намазын оқу
Шүкіршілік жазу

Ибрахим сүресінде Шүкір етсеңдер арттырамын деген Алланың уәдесі бар.Әр күніңізге шүкіршілік жазуды ұмытпаңыз тек жазып қоймай жүрекпен сезініңіз.