May 12, 2021

Соңғы күнің тапсырмасы

Ассаляму алейкум!
Бүгін қасиетті Рамазан айынын соңғы күні, бүкіл тілеген дұға-тілек,арман-мақсаттарыңызды Алла ең жақсы түрде қабыл етсін!
Келесі Рамазан айына,аман-есен жетуге жазсын🤲
Отбасыларыңызға амандық, бақ-береке берсін Раббым! Қәуіпті қатерден, ауыру-сырқаттан, тіл көзден сақтасын!Әмин

Иә соңғы күн мен де соңғы тапсырмамды тәмамдайтын күн.

Рамазан айын шапағатын түсініп сезінуге барынша көмектесуге тырыстым шамам жеткенше. Ал енді соңғы тапсырмаларымызбен бөлісейік.

Тапсырмалар:

  • Мұхаммед Пайғамбарымыздың (ﷺ) әр сүннеті біз үшін өте маңызды.
    Сүннет - бұл барлығымыз үшін өмірді пайдалы әрі жақсы өткізуде керемет нұсқаулық болмақ. Сондықтан бүгінен бастап сүнеттерді өзіңізге өмірлік тірегі етіп ұстаныңыз.
  • Садақа беріп ертеңгі айтқа кәдімгідей мерекеге дайындалғандай дайындалып, әшекейлеріңізді тағып, әдеміленіп, үйіңізді жинап дастархан жайып қойуға ниеттеніңіз .
  • Бүгінгі күн Рамазан айының соңғы күні . 30 күн. Әрбір күнде Алла Тағала 60мың құлды тозақтан азат етіп жатқанын ұмытпаңыздар. Алла баршамызды Тозақтан азат етіп, Жәннаты болуымызды нәсіп етсін.
    (Олжас Ханафин) сондықтан көп дұға жасап келесі Рамазанайына аман есен жетуге дұға тілеңіз. Басқа да мұсылман бауырларымыз үшін дұға етіңіз
  • Пітір садақасынбермеген болсаңыз айт намазына дейін беріп үлгеріңіз.
  • Туыстарыңызды туғандарыңызды қонақ (зиарат) еткге ниеттеніңіз, Хадис шәрифтерде былай делінген: «Бір дін бауырын зиярат еткен адамға бір періште "Қандай бақыттысың, сен жәннатқа кірдің" дейді. Хақ та’ала: "Мен үшін зиярат еткен пендеме жәннатта оған ұнайтын сияпаттарын беремін" дейді.» (Бәззар)
  • Салих достарды зиярат ету де үлкен сауап. Салих туысқандарды ең болмағанда аптада немесе айына бір зиярат етіп тұру керек, қырық күннен асырмау керек! Алыс жерде тұратын болса хатпен, телефон арқылы көңілін аулап, ренжулі болса ренішін басу керек. Зияратты тек Аллаһ разылығы үшін жасау керек. Хадисте: «Дін бауырын Аллаһ үшін зиярат еткен әрбір мұсылманға бір періште "Бұл істегенің қандай жақсы болды, жәннат саған халал болсын" дейді. Аллаһу та’ала да: "Құлым мені зиярат етіп келді. Менің де оған сый-сияпат көрсетуіме тура келеді" дейді.» (Әбу Яла)
  • Отыз күн байлаулы тұрған шайтандар босасымен қайта нәпсіні алдап көңілді бұза бастайды сондықтан Көңілге мән беру керек, Көңілге төрт түрлі ой келеді. Рахманнан, періштеден, шайтаннан және нәпістен. Рахманнан келген ой ғафлеттен оятады және жаман жолдан тура жолға қауыштырады. Періштеден келген ой ғибадатқа ынталандырады. Шайтаннан келген ой күнәны әдемі етіп көрсетеді. Ал нәпістен келгені дүниенің пайдасыз нәрселерін талап еткізеді. Шайтани және нәфсани ойлардан құтылу керек ол үшін көп дұға жасаңыз Дүниені қолымнан алма жүрегіме салма деп. Жақын адамдарыңызға ренжімей кешірімді болыңыз,ренжісеңізде өкінішіңізбен тез лезде кешірім сұрай салыңыз, сонда сіз көңіліңіз тыныш болады.
  • Адам ораза ұстау арқылы періштелерге ұқсайды және нәпсін қинаған болады. Хадис құдсиде: «Ораза маған тән ғибадат, оның сияпатын мен беремін, оның сауабы шексіз» делінген. Хадис шәрифте: «Ораза тозақтан қорғайтын қалқан»делінген. Ораза тұтып көңілді бақытқа, тыныштыққа қауыштыру керек және шайтанның жолын жауып, оған тосқауыл жасау керек.Сондықтан Шәууал айының оразасын ұстауға ниеттеніңіз.
  • «Жақсылықтар жамандықтарды кетіреді. Раббысын рахаттық және молшылық кезінде зікір еткен (еске алған)адамды Аллаһу та’ала қиындық кезде құтқарады.» (Әбу Нуайм) Аллаһу Та'аланы көп еске алып дұға етуден жалықпаңыз,уақытымен Алла да сені қиындықа,бақытсыздыққа тастамайтынын түсініңіз.
  • Айтта балаларға,немере,бауырларыңызға көп көп тәттілер беріп Аттың құрметіне деп ұсыныңыз.
  • Айтта бәрінен кешірім сұрап смс пен болсын хабарламып жылы лебіщдеріңізді білдіруге тырысыңыздар. Қолдарыңыздан келсе сыйлық сыйлаңыздар.

Рамазанның соңғы күніндегі тапсырма,
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖАСАУ КЕРЕК:

Истиғфар айту

Истиғфар дегеніміз – жасаған күнә мен қателіктері үшін Алла Тағаладан кешірім сұрау.
Хазірет Пайғамбар (с.ғ.с.) “сәййдил истиғфар” (истиғфарлардың ең көркемі) деп атаған дұғасы мынандай:
“Алла Тағалам! Сен – менің Раббымсың! Сенен басқа құдай жоқ. Мені Сен жараттың. Мен – Сенің құлыңмын; күш қуатымның жеткенінше Сенің уәдеңе ұстануға тырысамын. Жасаған жамандықтарымның сорынан Саған сиынамын. Бойымдағы бар нығметтеріңді мойындаймын: күнәмді де мойындаймын. Мені кешір; себебі Сенен басқа ешкім күнәларды кешіре алмас”. [Бухари, Дәават, 2].

Салауат айту

Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала: «Сендер Мені еске алсаңдар, Мен де сендерді еске аламын. Маған шүкір етіңдер, күпір етпеңдер» («Бақара» сүресі, 152-аят) деп, Өзін еске алғандарды еске алып жарылқайтынын айтып, шүкір етуге бұйырған. Ал шүкір етпеу Аллаға күпір еткені екенін аңғартуда. Олай болса Раббымызға сансыз шүкірімізді арттырайық. Бүкіл әлемге рахым-мейірім етіп жіберілген Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болғай.

Дұға жасау

Тамақтанар алдында оқылатын дұға
Ей, Алла! Бізге бұл тамаққа береке бер және бізге одан жақсысын нәсіп ет.
«Аллаһуммә бәрик ләнә фиһи уә атъимнә хайрам-минһ».
Немесе, «Бисмилләһ» (Алланың атымен ) деп айтуларыңызға болады.

Алланың 8 көркем есімін жаттау

📍•Әл-Уәһһаб есімінің мағынасы (Сый беруші)
Адамдарды Өз нығметтерімен ризықтандырады. Берем деген нәрсесін береді. Кімде-кім дұғада бұл есіммен Аллаға жалбарынса, ол ешқашан қайыршы болмайды.
📍•Әл-Фаттах есімінің мағынасы (Жеңуші, Ашушы).
Асқан мейірімінен құлдарына төгіп беріп, жақсылық істейді. Шындықты әшкерелеп, өтірікті өрге асырмайды. Кімде-кім өзінің оң қолын кеудесіне қойып Алла Тағаланың бұл әдемі есімін таң намазынан кейін 70 рет қайталаса, жүрегі нұрланады, көңілі шаттанып жәй табады.
📍•Әл-Хабир есімінің мағынасы (Бәрінен хабардар)
Барлық істер оның қалауымен жасалады. Ол ешқашан хабарсыз қалмайды. Жаратушының бұл көркем есімін қайталаған адамды Алла Тағала қанағатты етеді.

📍•Әл-Хакам есімінің мағынасы (Қазы)
Кімде-кім дәрет алып осы есімді күніне 99 рет зікір етсе ,Алла Тағала сол адамның жүрегін нұрландырады.
📍•Әл-Хаким есімінің мағынасы (Даналық Иесі, қате жасаудан пәк) Қате жасау Оның даңқына сай келмейді. Ол барлық нәрсені өз орнына қояды.
"Я Хаким" деп көп мәрте қайталауды әдетке айналдырған жанға Алла Тағала білім мен хикметтің есігін ашады.
📍•Әл-Хаққ есімінің мағынасы (Шындық иесі)
Хақ Тағала әрбір нәрсені өз даналығымен жаратты. Қабірдегілерге есеп беру үшін және жәннат немесе тозаққа жіберу үшін тірілтеді.
Бұл есімді көп қайталаған адамдардың иманы берік,тұрақты болады.

📍•Әл-Халим есімінің мағынасы (Ерекше Мейірімді, Өте Жұмсақ) Азабын тездетпейді, бірақ малғұн шайтанға еріп, күнәлі іс жасағандарға азабы жақын.
"Я Халим " деп 88 мәрте қайталаған жанды Алла Тағала түрлі апаттардан қорғап табысын көбейтеді.
📍•Әл-Халиқ есімінің мағынасы (Жаратушы) Мақұлықтарын Өз еркімен жаратады. Ол әр нәрсені көркем түрде жаратады.
Кімде-кім осы есімді түнде қайталаса Алла Тағала бір періште жаратады және сол періштенің қияметке дейінгі құлшылығының сауабы сол адамға жазылады.

Кітап оқу
Шүкіршілік жазу

Әрбір кішкене болсын шүкір - Алланы еске алуыңыз. Ал Алла Тағала өзін еске алғандарды, әсте, біледі. Ендеше Алланы жиі еске алып, шүкіршілік дәптерін толтыруды жалғастыра түсіңіз.

Рамазанда бөлек шүкіршілік дәптерін жазып, әр шүкіріңізді жазып отырыңыз. Сіз шүкір еткен сайын Алла ризығын аямайды🤲