Рамазан айының амалдары
Ассаляму алейкум уа рахматуллахи уа баракятух, жақсылар!
Күніміз берекелі болсын.
🌙Рамазан айының небәрі алда 13күні қалды)Күнделікті жасалатые әрекеттер:
- 📿- Пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айту еді
“Аллаһүммә салли ала Мухаммәд уә ала али Мухаммәд”
«Маған көп салауат айтқан адамның дерттері кетеді, күнәлары жойылады.» (Тирмизи)
- 🛐- Истиғфар айту
Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи ла илаһа илла хууәл һайял қайюма уа әтубу иләйһ
Әрбiр айтқанда «Менi кешiре гөр Аллаһым» деп мағынасын ойлап айту керек.
«Иза жәа» сүресiнде «Маған истиғфар етiңдер. Дұғаларыңды қабыл етемiн, күнәләріңді кешiремiн»- делiнген.
- 🕋- Құран оқу,тыңдау,қазақша (кирилл әріппен)оқу
Құран кәрімді оқу сүннет, ал тыңдау фарзи кифая
Құран кәрім оқыған адамды тыңдайтындар бар болса, олардың парыз орындауына себепкер болғандықтан, Құран оқыған адам бөлек сауапқа қауышады
- ✨- Алланың көркем есімдерін жаттау / зікір айту,
Алланың беріліп жатқан көркем есімдерін сол күндері жаттап зікір етіп жатқан боларсыздыр.
- ❣️- Садақа беру!
Рамазан айында соның ішінде рамазан айының соңғы 10 күнінде, күнде берілген садақа жақсы.
Жоғарыдағы амалдарды күнделікті қайталап жүрсеңіз болады. Зікір де, салауат та,дұға да артық болмас