Он бірінші күн
Өмірде көп нәрсені асығып, ұзақ күтеміз де: уақыты келгенде зу етіп шығады. Ойлаңызшы: Рамазанның әр күні бәріне бірдей бір қап алтын беріледі. Алдағы бір жыл бойы тек осы алған байлықтарыңмен ғана күн көресіңдер, басқа берілмейді десе, не істейсіз? Бір де бір түйірін түсірмей жинап аласыз ғой ия?
Сол секілді, Рамазан айында берілетін сауаптың санын тек Алла біледі! Әрбір амалды жүрекпен жасауға тырысыңыз)
БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:
- Бүгін жұма бәрлық таныс туыстарыңызды жұмамен құтықтап,Жұманы мереке сияқты қарсы алыңыз
- Бүгін күнделікті садақадан бөлек, тағы қосымша садақа беріңіз! Садақа деген тек қана ақша беру ғана емес! Көркем әңгіме парақшасында соңғы посттардың ішінде садақаға не жататыны туралы айтылған.
- Өмірден өткен жақын-туыстарыңызға арнап Құран бағыштаңыз, дұға жасаңыз!
- Еліміз үшін де дұға жасауды ұмытпаңыз!
- Кәһф сүресін оқыңыз немесе тыңдаңыз.
Сүннет амалдар
- Балаларға да сәлем беру
Әнәс ибн Малик жеткізеді: "Алла Елшісі (с.а.с) мәлиналықтарды аралап, олародың балаларына сәлем беріп, басынан сипап, оларға дұға ететін" дейді.
Ауылдағы қариялардың балалармен амандасып, бата беруі осы жерден шыққан сүннет! - Ерлі-зайыптылардың әзілдесуі
"Алла ер кісінің әйелімен әзілдесуін ұнатады. Осы үшін екеуіне де сауап жазады. Һәм ризықтарына да адал етіп берекеттендіреді". - Есік қағу
"Барған үйлердің есіктерінің алдында емес жанында тұрып кіруге рұқсат сұраңдар. Рұқсат берсе кіріңдер, бермесе кері қайтыңдар".
Төмендегі әрекеттерді естен шығармаңыз:
Дұға жасау
Уайым-қайғыдан құтылу үшін оқылатын дұға
ياَحَىُّيَاقَيُّومُبِرَحْمَتِكَاَسْتَغِيثُ
Оқылуы: «Я хайю, я қайюуму. Бирахматика әстағису».
Мағынасы: «Уа, мәңгі тірі тұрушы және әр нәрсені толық меңгеруші Раббым! Сенің мейіріміңе сиынып, сенен жәрдем тілеймін».
Истиғфар айту
رَبَّنَااغْفِرْلِيوَلِوَالِدَيَّوَلِلْمُؤْمِنِينَيَوْمَيَقُومُالْحِسَابُ
_«Раббымыз! Есеп құрылатын күні, мені, әке-шешемді және мүміндерді жарылқа!»_
(Ибрахим сүресі, 41 аят).
Алланың 3 көркем есімін жаттау
-"Әл-Кәрим" есімі - аса Жомарт, ардақты-
Кімде-кім осы есімді күнде 270 рет қайталаса, ризық-несібесі мол әрі жомарт болады. Алла тағала істерін жеңілдетеді.
- "Әл-Қабид" есімі - жан алушы, рухты қысатын, ризықты қысатын.
Залымдардың зұлымдылығынан сақтану үшін осы есімді 903 рет қайталау керек.
- "Әл-Қадир" есімі - бар нәрсеге құдыреті жететін, Құдіретті.
Кімде-кім осы қасиетті есімді күнде 314 рет қайталаса, қалаған нәрсесін жасауға күші жететін болады.
Салауат айту
Салауаттың ең көп айтылатын түрі намазда оқылатын:
«Аллаһуммә солли» және «Аллаһуммә бәрик» салауаттары.
Аллаһуммә солли: «Аллаһуммә солли ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммадин кәмә солләйтә ала Ибраһимә уә ала әли Ибраһимә иннәкә Хамидум Мажид».
Аллаһуммә бәрик: «Аллаһуммә бәрик ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммадин кәмә бәрактә ала Ибраһимә уә ала әли Ибраһимә иннәкә Хамидум Мажид».
Кітап оқу
Шүкіршілік жазу
“Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты” деп жариялады» (14:7)
Хадисте былай айтылған: «Ақиқатында, әрбір желінген тілім мен әрбір жұтым үшін Алла Тағалаға шүкірлік ететін пендесіне Ол міндетті түрде разы болады» (Мүслим).
Шынайы шүкіршілік – Алла Тағаланың адам пешенесіне жазған кез-келген несібесі үшін разы болу. Иман Алла Тағала нәсіп еткен кез-келген нәтиже, кез-келген жағдай үшін Оған шүкіршілік етуден тұрады.