April 28, 2021

17-18күндік тапсырма

Екі күндік тапсырмаларды қатарынан ұсынбақпын, себебі көбіне солай ыңғайлы сияқты,екі күнде бұл тапсырманы жаттапта аларсыздар. Бұл сіздер үшінде жақсы сияқты.Тек Алланың көркем есімдерін жаңартып салып отырайын.

Бейсенбі - Жұмаға дайындалатын дайындық күні. Яғни, мүбәрәк айдағы мүбәрәк күнді ерекше дайындықпен қарсы алу күні. Ал жұма күні арнайы көпкөпдұғажасаңыз

ТАПСЫРМАЛАР:

  • Үйіңізді күнде жинайтыныңыз белгілі. Алайда, бүгін ерекше тазалық жұмыстарын жүргізіңіз: аулаңызды жинаңыз, киім қоятын сөрелеріңізді жинаңыз, артық заттар болса, олардан арылыңыз, жуылатын киімдеріңіз болса, жуып тастаңыз. Жұма күні дұғалардың қабыл болатын мерзімі болғандықтан, бір сәт болса да алтын уақытыңызды құлшылыққа жұмсауға тырысыңыз.
  • Бейсенбі күніңізді балаңызға арнаңыз. Оған исламнан бір пайдалы нәрсе үйретіңіз: сүре жаттатыңыз, дұға жаттатыңыз, сүннетті түсіндіріңіз, Пайғамбарымыз (с.а.с) жайлы айтыңыз. Өз қалауыңызда)
  • Ал жұма күні бірге зікір тартыңыз.

(Алланың есімін тартқызасызба өз қалауыңыз)

  • Жұма күні Өмірден өткен жақын-туыстарыңызға арнап Құран бағыштаңыз, дұға жасаңыз!
  • Еліміз үшін де дұға жасауды ұмытпаңыз! Балаңызға да дұға тілеуді көрсетіңіз (мүмкін баланың дұғасы тіптен қабыл болар)
  • Кәһф сүресін оқыңыз немесе тыңдаңыз.
  • Алланың көркем есімдерін жаттап жүрсіздер ме?
  • Алла қаласа есімдер бойынша сұрақ жауаппен тексереміз?

Сүннет амалдар

Есінеу
"Алла есінеуді ұнатпайды. Есінеу шайтаннан болатын нәрсе. Намазда есінейтін болса өз өзін ұстауға тырыссын. "Һа" деген дауыс шығарушы болмасын. Өйткені бұл шайтаннан болатын нәрсе. Бұл шайтанның оған күлуі деген сөз"

Түшкіру
"Алла Елшісі (с.а.с) түшкірген кезде жүзін киімі немесе қолдарымен жабатын. Даусын да бәсеңдететін" деген.

"Алла түшкіргенді ұнатып, есінеуді жақсы көрмейді. Кімде-кім түшкірген кезде "Әлхамдулиллаһ" десін. Оны естіген адам да "Ярхамукаллаһ" деуі қажет"

Рамазанның әр күнінде орындалуы керек әрекеттерді
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖАСАУ керек:

Салауат айту

Құран Кәрімде:«Расында, Алла пайғамбарға рахмет етеді. Және періштелер салауат айтады. Әй, мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер»,деп әмір етілген. Алла тағаланың пайғамбарға ﷺ салауаты – періштелерге мақтауы, періштелер
салауаты – пайғамбарға дұға етуі.
Риуаятта сахабалар пайғамбарымыздан ﷺ: уа, Алла елшісі! Сізге қалай
салауат айтамыз?,-дегенде пайғамбар ﷺ:

«Аллоһумма солли ала Мұхаммадин уә әзуәжиһи уә зурриятиһи, кәмә солләйтә ала әли Ибраһимә, уә бәрик ала Мұхаммәдин уә әзуәжиһи уә зурриятиһи, кәмә бәрактә ала әли Ибраһимә, иннәкә Хамидум Мажид»,деп айтыңдар],-деген екен.

Мағынасы: Аллаһым, Мұхаммедке, оның жұбайлары мен ұрпағына Ибраһим отбасына салауат еткендей рақымет ет. Және Мұхаммедке, оның жұбайлары мен ұрпағына Ибраһим отбасына берекет еткеніңдей береке бер. Расында, Сен Хамид (мақтаулысың) Мажид (даңқтысың).

Истиғфар айту

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім мына дұғаны шынайы сеніммен таңертең оқып, сол күні кешке жетпей дүниеден озса, жұмаққа барады. Сондай-ақ, кімде-кім шынайы сеніммен кешке оқып, таңға жетпей көз жұмса, ол да жұмақтық болады», − деп, осы дұғаны аузынан тастамай оқып жүретіндерді сүйіншілеген болатын.

Ә‘уузу билләһи минәш-шәйтаанир-ражиим! Бисмилләһир-Рахмәәнир-Рахиим Аллаһуммә әнтә Рабби лә иләәһә иллә әнтә Халәқтәни уә әнә ‘абдукә уә әнә ‘алә ‘аһдикә уә уа‘дикә мә-стәта‘ту ә‘уузу бикә мин шәрри Мә сана‘ту әбуу'у ләкә бини‘мәтикә ‘аләйя уә әбуу'у ләкә бизәнби фәғфир ли фә иннәһу лә яғфируз-зунуубә иллә әнтә (3 рет)
Дұға жасау

Үйден шыққан кезінде оқылатын дұға
Алланың атымен, Аллаға тәуекел еттім. Алла (Тағаланың) күш–қуатынан асатын ешқандай күш – қуат жоқ.

«Бисмилләһ, тәуәккәлту ъаләллаһ, уә лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһ».
Алланың 3 көркем есімін жаттау/зікір ету
  1. -"Әл-Музилл" есімі - қалағанының мәртебесін төмендетуші, дәрежесін түсіруші. Дұшпандарды жеңу үшін осы есімді күнде 800 рет оқу керек.
  2. - "Әл-Муғизз" есімі - қалағанын абыройлы ететін, кез-келгеннің мерейін үстем етуші. Кімде-кім "Я, Муғиз" деп күн сайын 117 рет қайталаса, осы дүниеде және ақиретте мерейі үстем болады. Оған жаманшылық пен зәбір жасағысы келген адам ойынан бас тартуға мәжбүр болады. Өйткені, Алла Тағаланың ұлықтаған пендесін ешкім қорлай алмайды. Абырой сондай бір нұр, ол залымдардың өздерін көрсоқыр қылады.
  3. -"Әл-Муқит" есімі - қорек беруші, пенделердің қажеттіліктерін меңгеруші, құдыретті. Алла Тағала бұл есімді айтып жүруді әдетке айналдырған құлдарының ризық-несібесін жеңілдетеді, оларды әртүрлі жаманшылықтан қорғайды.
Кітап оқу
Құран оқу қазақшасында оқысаңыз болады.
Шүкіршілік жазу
Әрбір кішкене болсын шүкір - Алланы еске алуыңыз. Ал Алла Тағала өзін еске алғандарды, әсте, біледі. Ендеше Алланы жиі еске алып, шүкіршілік дәптерін толтыруды жалғастыра түсіңіз.