May 1, 2021

Он тоғыз, жирмасыншы тапсырма

Уақыт деген расымен зуылдап өтіп бара жатыр: рамазанның аяқталуына 11-10 күн ғана қалды. Алда мың айдан қадірлі болған Қадір түні бар.Соған дайындық жасауды бастайық

Тапсырмалар:

  • Бүгінен бастап қадір сүресін жаттаңыздар, каналға салып қоямын.
  • Екі күнде алдында жасаған бүкіл сүнеттерді орындаңыз, сүндетпен жүру өміріңіздің принцптарын жеңілдетеді.
  • Жаттаған Қадір сүресін аудио жазып,инста @Lizzi_yasik парақшаға жіберсеңіз болады.
  • Немесе өз историянызға салып Біздің историяңызға белгілесеңіз болады. Араларыңыздан екі ханымға арнайы сыйлық береміз.

Жаттау 21не дейін жалғасады.

Рамазанның әр күнінде орындалуы керек әрекеттерді
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖАСАУ керек:

Салауат айту;

Салауат айтпау – сараңдық. Пайғамбарымыз ﷺ:
«Әрбір дұға-тілек аспан астында бүркеліп тұрады. Егер маған айтылған салауат келсе дұға көкке көтеріледі», – деген. Салауат айту – дұға-тілектің қабыл болуына үлкен себепкер.
Салауаттың түрлері көп. Ең қысқасы - Пайғамбарымыз есімін естігенде «алейһис соләту уәс сәләм» немесе «салла Аллаһу алейһи уәс-сәләм» деп айту.

Истиғфар айту

Истиғфар дегеніміз – жасаған күнә мен қателіктері үшін Алла Тағаладан кешірім сұрау.
Құран Кәрімде жасаған жаманшылықтарынан пұшайман болып тәубе және истиғфар жасағандарды мақтауда. [Әли Имран, 135].
Дерек көздерінде “истиғфар дұғасы” деген арнайы бір дұға жоқ. Алайда мазмұны жағынан “истиғфар” мағынасын білдіретін көптеген дұғалар бар. Хазірет Пайғамбар (с.ғ.с.) “сәййдил истиғфар” (истиғфарлардың ең көркемі) деп атаған дұғасы мынандай:
“Алла Тағалам! Сен – менің Раббымсың! Сенен басқа құдай жоқ. Мені Сен жараттың. Мен – Сенің құлыңмын; күш қуатымның жеткенінше Сенің уәдеңе ұстануға тырысамын. Жасаған жамандықтарымның сорынан Саған сиынамын. Бойымдағы бар нығметтеріңді мойындаймын: күнәмді де мойындаймын. Мені кешір; себебі Сенен басқа ешкім күнәларды кешіре алмас”. [Бухари, Дәават, 2].

Дұға жасау

Көлікке мінген кезде айтатын дұға

Алланың атымен, Аллаға шүкір! «Бисмилләһ(и), әлхамду лилләһ”.

Ұйықтар алдында оқылатын дұғалар

Екі алақанын біріктіре жайып, көкірек тұсына әкеледі де, кейін: «Ықылас», «Фәлақ», «Нәс» сүрелерін оқып, алақанына үрлеп дем салады. Кейін Әятул – Курсиді оқиды.

Алланың 3 көркем есімін жаттау/зікір ету

1.-"Әл-Мунтақим" есімі - кінәлілерді жазалаушы

Кімде-кім осы есімді күн сайын 630 рет қайталаса, зұлымдық пен жамандықтан қорғалады

2.-"Әл-Мусаууир" есімі - бейнелеуші, кескін-келбет беруші

Егер бала таба алмаған әйел 7 күн ораза ұстап, "Әл-Бәри, Әл-Халиқ, Әл-Мусаууир" деп 21 рет айтып, суға дем салып, ауызды сол сумен ашып, шынайы ықыласпен жалғыз Алла Тағалаға дұға етсе,ИншАлла, оған Жаратушы осы есімдерінің құрметіне перзент сыйлайды.

3-"Әл-Мутәкәббир" есімі - нағыз ұлылық иесі.

Кімде-кім осы есімді 664 рет қайталаса, мол дәулет пен рухани кемелділікке қол жеткізеді, халықтың сүйіспеншілігіне бөленеді. Сонымен бірге игі істері мен сауаптары артады.

Кітап оқу
Құраноқу
Тарауық намаз оқу
Шүкіршілік жазу

Әр шүкіріңіз сіздің иманыңызды арттыра түседі.
Алламен байланысыңызды арттыру үшін шүкіршілік дәптеріңізге үлкен-кіші шүкіріңізді жазып отырыңыз.