May 6, 2021

24-25тапсырма

Қайырлы күн, ханымдар, қыз-келіншектер мен аяулы арулар!
Жақсылыққа ұмтылған ниеттеріңізге қарай, Алла ниеттеріңізді қабылдап, қуанышты жағдайларды нәсіп етсін! Бүгін бейсенбі яғни соңғы Рамазан айының жұмасына дайындықты ертеңге бүгінен дайындықты бастайтын күн.

ТАПСЫРМА:

  • Ертеңге ниеттеніп бүгін тазалық жасап, ертеңгі жұмаға жоспар құрыңыз.
  • Үй тазалағын жасағанда ниеттеніп істеріңізбі Бисмилламен бастаңыздар
  • Әрбір істі жасамас алдын ниетіңізді жаңалап отырыңыз!
    Көп тапсырмаларды адамзаттың Ардақтысы болған, мінсіз Пайғамбарымыздың (с.а.с) әрекеттерінен алып жасап отырыңыз
  • Жоспарыңыз болса оны өзгертпеңіз (егерөте срочный болмаса)
  • Күніне ең кемінде 3 адамға көмек көрсетіңіз: балаңыз, күйеуіңіз, коллективіңіз, жолдағы бейтаныс адам, анаңыз, т.б. адам болуы мүмкін. Ең бастысы шын жүректен жасаңыз! Алла өте Әділетті: сіздің әрбір әрекетіңізді есепке алып отырады!

Рамазанның әр күнінде орындалуы керек әрекеттерді
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖАСАУ керек:

Истиғфар айту

Күнә істеген адам өкініп, дәрет алып намаз оқыса және күнәсының кешірілуі үшін истиғфар айтса, Алла Тағала ол күнәны әлбетте кешіреді.
Алладан кешірім сұраудың ең жеңіл әрі қарапайым дұғасы – Истиғфар айту, яғни, «Астағфируллаһ!»деп айту. Мағынасы: «Аллаһ мені кешірсін!».
Истиғфар – Алланың құлына деген үлкен мейірімі. Алла Тағала құлынан ешқашан бетбұрмайды, Оның кешірім есіктері үнемі ашық. Алла – Кешіруші, кешіргенді жақсы көреді. Сондықтан, тәубе етуді кейінге қалдырмай, дәл қазірден бастап Алланың кешіріміне ұмтылуымыз керек.

Салауат айту


Мұсылманның ең үлкен тілегі, қалауы – Қиямет күнінде Мұхаммед Пайғамбармен бірге болу. Оның қасынан артық әрі лайықты орын жоқ. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Салауатты көп айтқан адам Қиямет күнінде маған ең жақын адам болады»-деген.
Біз Алланың елшісіне салауат айтқан кезде Алла Тағала бізге он есе мейірімін төгеді, жарылқайды екен.Ендеше сол сауаптан құр қалмайық!!!

Дұға

Алла Тағала «Бақара» сүресінің 186-аятында: «Егер де сенен (Мұхаммед) құлдарым Мен туралы сұраса, Мен оларға жақынмын. Менен сұраушының сұрағанын беремін. Ендеше Менің әмірімді орындасын және Маған сенсін. Мүмкін олар дұрыс жолға түсер» деген.
Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла Тағала Ұялшақ
әрі Жомарт. Ол құлының созған қолдарын құр қай таруға ұялады», – деп айтқан (Әбу Дауд, Тирмизи). Келесі бір хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Бір мұсылман Алладан
күнәсіз күйде және ағайынмен араздаспастан дұға тілесе, Аллаһ оған үш нәрсенің бірін береді: сұрағанын береді немесе оны Қиямет күніне қалдырып қояды немесе сұрағанына тең келетін жамандықтан сақтайды», – деген.
1. «Я, Алла! Мені кешіре гөр, маған рақым ете гөр, мені тура жолға бастай гөр, мені Өзің оңдап, маған есендік бер. Маған ризық-несібе бер, әрі мені жоғары (дәрежеге) көтер».
«Аллаһуммә-ғфир ли, уәрхамни, уәһдини, уәжбурни, уа’афини, уәрзуқни, уәрфә-’ни».

Алланың 6 көркем есімін жаттау

Ар-Раззәқ есімі
Бұл есімді күніне 315 рет қайталаса,ризық несібесі мол болады.
Кімде-кім күнде таңғы намаздан соң 315 рет қайтпласа, Алла Тағала оған жеткілікті ризық-несібе береді.
•Ар-Рақиб есімі
Құпиясы мол және керемет қасиеті бар көркем есім.Бұл есімді әдетке айналдырып үзбей оқып жүргендер Алланың қорғауында болады.
Егер бала таба алмаған әйел 7 күн ораза ұстап(Әл-Мусаууир, Әл-Бәри,Әл-Халиқ) деп 21 рет айтып суға дем салып ауызды сол сумен ашып,шынайы ықыласпен жалғыз Алла Тағалаға дұға етсе,Инша Алла оған Жаратушы осы есімдерінің құрметіне перзент сыйлайды.

Ар-Раууф есімі
Бұл есімді зікір етіп жүрген адамның жүрегі мейірімге толып,рухы жеңілдей түседі.
•Ар-Рахман есімі
Кімде-кім осы көркем есімді 298 рет айтып қайталаса,дүниеде және ақыретте Алланың сүйген құлы болады.
•Ар-Рахим есімі
Ерекше мейірімді, Рахымды. Бір жақсы іс үшін бірнеше есе береген және ешқашан сауап істерді жоймайды. О дүниеде тақуа мұсылмандарға мейірімді болады.
Бұл есімді рухани және материалдық ризық үшін күнде 258 рет оқуға кеңес беріледі.

Кітап оқу
Құран оқу
Тарауықнамаз оқу
Шүкіршілік жазу

Шынайы шүкіршілік – Алла Тағаланың адам пешенесіне жазған кез-келген несібесі үшін разы болу. Иман Алла Тағала нәсіп еткен кез-келген нәтиже, кез-келген жағдай үшін Оған шүкіршілік етуден тұрады. Алла Тағалаға шүкіршілік етудің себептері көп, төменде солардың бірнешеуін келтірдік:
1. Алланың нығметі шексіз.
«...Егер Алланың нығметін санасаңдар, санына жете алмайсыңдар...» .
«Жаратушы біреу, жарата алмайтын біреумен тең бе? Енді де түсінбейсіңдер ме? Алланың нығметін санасаңдар санына жете алмайсыңдар. Рас, Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді. Алла (Т.) жасырын және көрнеу не істегендеріңді біледі».
Шүкіршілік білдірмеу – шайтанның жетегінде кету.