February 26, 2021

Төртінші КҮН

Ассалаумағалайкуалайкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ!
  
Қасиетті жұма баршамызға мубарак болғай

Пайғамбарымыз )саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дұға етеді екен:
"Аллаһым, өлім келіп мені оятқанша, менің ұйқыдағы жүрегімді оят!"

Не деген керемет дұға иә? Расымен керемет, терең мағыналы...
Бұл дұғаны күнә жасауған қорғалған Пайғамбарымыз тілеген болса, енді онда өзімізді ойлайық...

Ниетіміз асыл, дұғамыз қабыл болсын...

БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:

  • Бүгін жұма жұмамен құтықтаңыз туыс таныстарыңызы.
  • Үйіңізде болсаңыз құран бағыштаңыз 1фатиха+3ықылас.
  • Ғұсыл дәрет алып.Таза киініп шығыңыз.
  • Алланның 99 есімдерін оқыңыз.
  • Кафирин сүресін оқыңыз
  • Көп дұға тілеңіз. Үйден шығардағы дұғаны оқыңыз.
  • Бастаған дәптеріңізге жұманың жоспарлары мен жасайтын ізгі амалдарыңызды жазыңыз.Бір адамға болсын бүгін көмегім тиіп алғысын алу.

Пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айтыңыз


Ықылас сүресін тартыңыз.


Садақа құтысына 100тг—50тг салуды ұмытпаңыз.
Ниет ету есіңізден шықпасын


Алланың 20дан-30шы есімінен жаттап алыңыз.