April 28, 2020
Бүгін рамазан айының 5 күні
Жаң
Бүгін шын жүрегіңізбен не нәрсе шүкір айта аласыз соны ойлап шүкір етіп,зікір етіп дұға тілеңіз.
Пайғамбарымыздың сүндеттерін білесізбе?
Пайғамбарымыз ﴾с.а.у.﴿ былай дейді: «Сендерге Алла тағала дәрежені көтеретін амалды айтайын ба? Сонда сахабалар:-Әрине,- дейді. Сонда Алла елшісі (с.а.у.): «Саған жауластық қылғанға сабыр етуің, зұлымдық қылғанды кешіруің, бермегенге беруің, сенімен қарым-қатынасты үзген адаммен байланыс орнатуың.»-деген
Сондықтан туыстарыңызға. Ренжіген болсаңыз іздеп хабарласып Рамазан айымен құтықтап, ораза жайлы айтыңыз.
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен.
«Ескерт! Өйткені ескерту мүміндерге пайда береді». (Зарият, 55)
Қазір көбіңіз отбасыңызбен біргесіздер. Демек, бір біріңізге деген махаббатты көрсете алуға керемет мүмкіндік болып жатыр, Аллаға шүкір! Әрбір істің хайыры бар) Бүгін отбасыңыздағы барлық адамға жақсы көретініңізді айтыңыз. Жолдасыңыз, ата-анаңыз, балаңыз, бауырлаңыз, бәріне бәріне айтыңыз! Егер жүзбе жүз айтуға ұялсаңыз, ватсап арқылы айтыңыз.
Кейде бір ауыз сөздің өзі қаншама жақсы істердің бастамасы бола алады!
- Енді бір сүнет:
Бүгінгі сүннет амал - оянғаннан кейін үш рет қол жуу. "Ұйқыдан тұрған кезде үш рет қолын жумайынша қолдарын ыдысқа салмасын. Өйткені ол түнде қолын қайда салғанын білмейді" деген хадис бар.
Және: тамақтанып болған соң қол жуу.
"Тамақтың берекеті - астан бұрын және одан кейін қол жууда".
2 ші сүнет кешке ауыз ашқасын кішкене тұз жалап кейін су ішу, Тұз ауыздағы көзге көрімбейтін микроптарды өлтіреді,сондай ақ судың қаншалықты тәтті екенін сезінесіз.