July 15, 2020

Кешенді тестілеудің форматы

Магистратураға түсуші тұлғалар:

оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші тұлғалар: шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын кешенді тестілеу тапсырады;
оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші тұлғалар: ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі тесттен тұратын кешенді тестілеу тапсырады;

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар:

  • шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын КТ;
  • білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша екі шығармашылық емтихан тапсырады.

Араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар:

  • араб тілі бойынша түсу емтиханын;
  • білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын КТ тапсырады.

Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар мынадай тілдер бойынша магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады:

  • ағылшын тілі: International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 6.0;
  • IELTS INDICATOR (АЙТЛС Индикатор), шекті балл – кемінде 6,0;
  • Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи), шекті балл – кемінде 543;
  • Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 60;
  • TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг) Test of English as a Foreign Language Paper-based testing, шекті балл – кемінде 498;
  • Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш Тест), шекті балл – кемінде 95;
  • CEFR (Common European Framework of Reference - СиИэФаР (Коммон Юуропиан Фреймуорк Ов Рефэрэнс), шекті балл – В2;
  • неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, NiveauC1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (NiveauC1/С1 деңгейі);
  • француз тілі: Test de Franзais International™ -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise – Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл).

Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің форматы

Тест тапсырмаларының саны – 130

Тестілеу уақыты – 235 минут (3 сағ. 55 мин)

* араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға түсу үшін араб тілінен түсу емтиханы тапсырылады.

** шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға түсу үшін шығармашылық емтихандар тапсырылады.

Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің форматы

Тест тапсырмаларының саны – 130

Тестілеу уақыты – 235 минут (3 сағ. 55 мин)

Біздің әлеуметтік желілер ( магистратура сұрақтары мен жауаптарын таба аласыздар)

Телеграм арна

Инстаграм парақша