July 15, 2020

Білім беру грантын тағайындау конкурсы

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге арналған білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін «магистр» дәрежесін алуға өтініштерді қабылдау

Конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдау а.ж. 20 тамызға дейін жүргізіледі.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурста білім беру бағдарламалары тобының бейіні, шет тілі, білім алуға дайындығын анықтау бойынша тестілеу нәтижелерінің балдары ескеріледі.

КТ нәтижелерінің көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестілеу нәтижесі бойынша балы жоғары тұлғаға басым құқық беріледі, одан кейін білім алуға дайындығын анықтау бойынша тест нәтижесі, бұдан әрі шет тілі бойынша тестілеу нәтижесі, одан кейін дипломға қосымшадағы (алдыңғы білім деңгейі) GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) және жұмыс өтілі ескеріледі

«Магистр» дәрежесі мемлекеттік білім беру гранты берілетін конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына немесе ақпараттық жүйе арқылы:

  1. Белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті;
  2. Жоғары білімі туралы құжатты (құжаттарды ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқа);
  3. КТ сертификатын (құжаттарды ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
  4. "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы;
  5. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.

Магистратураға түсуші өтініште білім беру бағдарламасының тобын және үш ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді.

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға қабылдау

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу үшін КТ және (немесе) түсу емтихандары және (немесе) шығармашылық емтихандар бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады:

  1. Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық және бейінді магистратура үшін, оның ішінде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы, араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламалары топтары бойынша – кемінде 75 балл;
  2. Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратура үшін – кемінде 50 балл;

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау

Магистратураға тұлғаларды қабылдау КТ қорытындылары бойынша оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 150 балдық бағалау жүйесінің шкаласына сәйкес кемінде 50 балл, оның ішінде: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылад

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға тұлғаларды қабылдау КТ қорытындылары бойынша оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 100-балдық бағалау жүйесінің шкаласына сәйкес кемінде 25 балл, оның ішінде оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға қабылдау КТ және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандардың нәтижелері бойынша кемінде 50 балл, оның ішінде: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша әр шығармашылық емтиханнан - кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

Әр шығармашылық емтиханнан ең жоғары балл – 35 балл.

Араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға ақылы негізде қабылдау КТ және араб тілін білуді талап ететін түсу емтихандардың нәтижелері бойынша кемінде 50 балл, бұл ретте: араб тілі бойынша – кемінде 25 балл, бұл ретте оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуден босатылатын жағдайлар

«Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы» білім беру салаларының білім беру бағдарламаларының топтарына, сонымен қатар «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін магистратуруға түсу үшін КТ-дан босатылады.

GRE стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін КТ балдарына ауыстыру шкаласы

«Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы» білім беру салаларының білім беру бағдарламаларының топтарына, сонымен қатар«Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратуруға түсу үшін КТ-дан босатылады.

GRE стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін КТ балдарына ауыстыру шкаласы

«Бизнес және басқару» мамандарын даярлау бағыттарының білім беру бағдарламалары топтары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар Graduate Management Admission Test (грэдуэйт мэнэджмент адмишентест) GMAT стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін магистратураға түсу үшін КТ-дан босатылады.

GMAT стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін КТ балдарына ауыстыру шкаласы


Біздің әлеуметтік желілер ( магистратура сұрақтары мен жауаптарын таба аласыздар)

Телеграм арна

Инстаграм парақша