Шет тілі бойынша түсу емтиханының форматы

Шет тілі бойынша түсу емтиханына тест 3 бөлімнен, ұсынылған 4 жауаптардың біреуін таңдауға болатын 100 тапсырмалардан тұрады.

Тестілеу уақыты 125 минут.

1-бөлім – Тыңдалым. Тест тапсырмаларының саны – 32. Орындалу уақыты – 45 минут. Бұл бөлімде 4 аудиомәтін тыңдалады. Сұрақ-кітапшалырында әр аудиомәтінге үміткердің тыңдалатын мәтіндерді түсінуін тексеретін 8 тапсырма берілген. Әр мәтін минуттық үзілістен кейін қайталанады және сәйкес тапсырмаларды орындауға уақыт беріледі. Әрі қарай келесі мәтінді тыңдау басталады. Аудиомәтін жазылған диск тек қана бір рет тыңдалады!

2-бөлім – Лексика-грамматикалық тест. Тест тапсырмаларының саны – 32. Орындалу уақыты – 30 минут.

3-бөлім – Оқу.Тест тапсырмаларының саны – 36. Орындалу уақыты – 50 минут.

Бұл бөлім 3 мәтіннен тұрады және әр мәтінге 12 тест тапсырмалары берілген.


Кешенді тестілеудің үлгілік тест тапсырмалары


Шет тілдерінде


Тест спецификациясы


Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратура


Кешенді тестілеу


Біздің әлеуметтік желілер ( магистратура сұрақтары мен жауаптарын таба аласыздар)

Телеграм арна

Инстаграм парақша