January 12, 2024

Суықпен күресуге арналған гайд (денсаулықты бафать ету)

Үйде мен всегда кофта киіп жүретінмін және жылы төсектен тұрғым келмейтін. Себебі суық болатын.

• 19 жасыма дейін мен мүлдем салқын душ қабылдап көрмегенмін

• Суыққа қарсы қатаюға мүлдем қызықпағанмын

• Суық кезде үйден шығу - туралы айтпайақ қойайын

19 жасымда мен еркектердің дамушы клубына қосылдым. Нәтижесінде салқын душқа түсуді басында міндет ретінде қабылдап, кейін күнделікті қайталанатын сүйікті ісіме айналдырдым және жалпы суыққа төзімділіктің пайдасын байқай бастадым.

Негізінде біздің организмде суық қана емес, жалпы температуралық ауытқулармен күресетін керемет механизм бар. Бірақ қазіргі таңда ол механизмге қатты мұқтаждықтың болмауынан, ол күннен күнге әлсірейді. Любой затты күтіп қарап, қолданбасаң солай болады емеспе? Мысалы бір затты ұзақ қолданбасаң - ол тот басып, шіріп, жұмысқа жарамсыз болып қалады. Түсіндіре алдым деп ойлаймын.

Сол үшін де организмнің барлық функцияларын толық мөлшерде қолдану керек. Бірақ бүгін бір ғана тақырып таңдағандықтан, суыққа төзімділік және суықпен күрес туралы ғана айтамыз. Бірден пайдалы жақтарынан бастайық.

• Иммунитет көтеріледі
• Ноадреналин сағынышпен және сондай ыңғайсыз эмоциялармен күресуге көмектеседі
• Тері сапасы жақсарады (мен нәтижені 3 айдан кейін байқадым, бірақ әркімде әр қалай. Бастысы тоқтамай жасау)
• Қабынуға қарсы әсер береді
• Ақ майды қоңыр майға айналдыру (Майлар туралы пост шығарам жақында, бірақ осыған дейінде бір-екі рет түсіндіріп өткен болатынмын)
• Митохондрия санының тұрақты өсуі

Бұдан бөлек тағы ондаған плюстары бар. Таң ертең 30-60 секунд бөлудің өзі ауыру қауіпін 36%-ға азайтады.

Бірінші енді салқын душты өмірімізге қалай кіргіземіз. Себебі бірінші салқын душтан бастау керек. Ал ары қарай ауыр қаруларды қолданамыз (жоскыййй жігіттер үшін).

Салқын душқа қалай дайындалу қажет?

1. Бірінші өз денсаулығыңнын жағдайын дұрыстап біл

Егер ауырып тұрсаң, душқа түсіп одан бетер ауыруды күшейтіп алма.

2. Салқын душты таңғысын қабылдаған дұрыс (денені қыздырып барып еще)

Салқын душқа дейін (душтан кейін салқын су ішкен дұрыс) 1-2 стакан суды ішіп алуды (отырып ішесіңғой желательно) және жаттығу жасауды ұсынамын: отжумания, приседоние деген секілді.

Ал енді оны қалай қабылдаймыз?

1. Бірінші денеңді босат, расслабон ұста. Тырысып, бырысып тұрсаң некомфорт болады әрине. Сразу душқа кіре салысымен мұздай суды тарс етіп қоса салудың еш қажеті жоқ.

2. Бәрін ақырындап жасау керек. Кортизол көп бөлініп, организмге пайда емес бәле алып келіп алуың мүмкін. Сондықтан алғашында "сәл салқындау" судан бастауға кеңес берем. Прям температурасымен айтып мазаңды қашырмаймын - себебі әркімде "сәл салқындау" өлшемі әртүрлі. Осы кезеңнен өтіп барып қана температураны ақырындап салқындатып бастайсың (бірден емес).

3. Аяқтан бастаған жөн

Салқын суды бірден басыңа құя салу - фатальная ошибка дейінші. Ақырындап аяғыңнан бастада, дәл солай ақырындап жоғары көтеріле бересіңғо крч. Егер қиын болса суды ақырындап тигізіп денеңді үйретіп барып су құюға да болады. Агрессивті музыка қосып қоюғада болады (салқын душ недегенмен тестостеронға көмектеседіғой, сондықтан айқайлап ақырып өзіңе рух берсеңде ешкім қарсы емес).

4. Өзіңе рахмет айтуды ұмытпа

Салқыннан кейін бірден жылы душ қабылдауғада болады (бұл әрине басында). Бұл кайф алып, миымызда салқын душты күнделікті қолданылуы тиіс жақсы естелік ретінде сақтау үшін қажет.

Міне саған примерный план:

1 апта: салқын сумен (шамамен 15 C) белдікке дейін құясың.

2 апта: өзіңді белдікке дейін жуып бастайсың, ал қол және аяқты тек 10 С сумен.

3 апта: аяғыңды салқын су құйылған тазикке 15-30 секунд саласың.

4 апта: аяғыңды әліде 15-30 секунд көлемінде мұздай суға саласың, онымен қоса соңында сол суды үстіңе шашасың.

Сен енді салқын процедураларға дайынсың. Аптасына 2 реттен артық қайталама бірақ (кеңестерді айтам).

№1 Схема

Қанды бүкіл дене бойынша 15 минут көлемінде кез келген амалмен жүгірту. Жүгіру жолағы, отжимания, д/ш жаттығулары, любой нәрсе. Себебі бізге дененің максималды қызған температурасы және жылдам айналған қан көлемі маңызды. Ваннаны алдын ала дайындап қоямыз. Температура 0-5 градус.

Ваннаға 15 секунд кіріп тұрамызда бірден шығамыз, аяғымызды ысқылаймыз, сол сумен бетімізді жуамыз.

Бірінші кіріс: Суда 15 секунд
Ысқылау
25 секундтық физ. белсенділік

Екінші кіріс: Суда 25 секунд
Ысқылау
25 секунд физ. белсенділік

Үшінші кіріс: Суда 30 секунд
Ысқылау
25 секунд физ. белсенділік

№2 Схема

Температурасы 5-10 градусты болатын ванна дайындаймыз. Тек 1 кіріс қана болады және тек 45 секундқа.

№3 Схема

Тағыда мұзды ваннаға ораламыз, примерно 0-5 градус. Алдыңғы схемаларды қолданған болсаңыз және жеткілікті мөлшерде шыныққан болсаңыз, осы схема сізге сай келеді.

Алғашқы кіріс: Суда 1 минут
Ысқылау
3 минут демалыс

Екінші кіріс: Суда 45 секунд
Ысқылау
3 минут демалыс

Үшінші кіріс: Суда 15 секунд
Ысқылау

Барлық ақпарат дәл қазірге сәтте осы. Алдағы уақытта ақпарат тағы қосылады. Ал қазіргі сәтте ең бастысы - Ол жоғарыда айтылғанның бәрін қолдану!!!