October 19, 2025

Ататын контентке арналған 40 идея

Кіріспе: бұл гайдты қалай пайдалану керек

Бұл гайдта мен саған 40 идея беремін. Дәл қазір стористе, видеода, постта қолдануға болатын, нақты охват әкелетін тақырыптар.

Бірақ ең маңыздысы оларды өз блогыңның стиліне бейімдеу керек болады.

Көп адам қате жібереді:

біреудің идеясын көшіріп салады да, “неге өтпеді?” деп ойлайды.

Өтпеген себебі ол идея сенің аудиторияңа, сенің бағытыңа сай болмаған бастапқыдан.

1-қадам. Өз блогыңның негізгі 5–7 тақырыбын анықта

Мысалы, менің блогымда жиі кездесетін бағыттар:

• Ақша, баю

•    Өзіңді дамыту/самореализация

•.   Отбасы, бала тәрбиесі, күйеуіммен қарым-қатынас

•.   Блогинг

•.   Ойларым, өмірлік тәжірибем

Ал сенде бұл басқа болуы мүмкін:

спорт, хобби, уход, мотивация, ас әзірлеу, находкалар, кітаптар, саяхат…

Және адамдар сенен не күтеді, соны түсіну.

2-қадам. Осы тақырыптарға байланысты 50 идеяның ішінен таңда

Барлық идеяларды дәл қалай тұр, солай көшіріп емес, өз бағытыңа бейімде.

Мысалы, менің “үй алу үшін ойымды осылай өзгерттім” деген идеямды сен:

• “клиенттерім көбеюі үшін осылай ойлай бастадым”

• “фигурам өзгеру үшін осылай жасадым”

деп өзгерте аласың.

Негізгі мақсат - идеяны көшіріп алу емес, құрылым мен триггерді ұғу:

қалай басталады, қандай эмоция тудырады, неге қызығушылық оятады.

3-қадам. Қай идея не үшін өтімді екенін түсін

Әр тақырыптың астында мен түсіндірме қалдырдым:

неге өтеді және қандай эмоция береді.

Соны оқи отырып, сен өз блогыңда да дәл сондай эмоция тудыратын идеялар ойлап таба аласың.

Мысалы:

• Егер “ақша” тақырыбы сенде жоқ болса, “нәтиже”, “табыс”, “жұмыс”, “клиент” сияқты сөздерді қолдан.

• Егер “балалар” туралы контент жоқ болса, оны “оқушылар”, “клиенттер”, “менің командам” деп бейімде.

4-қадам. Контент формулалары

Міне, сен қолдана алатын 2 қысқа формула, олар кез келген тақырыпта жұмыс істейді:

1. “Мен осылай ойлаған кезде - өмірім өзгерді” өз тәжірибеңнен шынайы мысал келтіресің

2. “Көп адам осылай істейді, бірақ дұрыс жолы мынау” эксперттік позицияңды көрсетесің

Соңғы кеңес: Идеялардың бәрін бір күнде қолдануға тырыспа.

Аптасына 2–3 идеаны алып, рилс не каруселькаға айналдыр.

Кейін сен байқамай-ақ өзіңнің уникалды стильіңді қалыптастырасың.

40 идея

1. Ақша көп тапқың келсе

Түсіндірме: ақша тақырыбы бәріне өте өзекті, бәрі ақшаны табу, оны көбейту жолдарын үнемі іздеп жүреді. сондықтан ақша тақырыбындағы ойлар өтімді болады.

Ссылкасы:

https://www.instagram.com/reel/DPdX_0rDEIJ/?igsh=emRvd2RsN2RxenB2

https://www.instagram.com/p/DP_KWVJjJL9/?igsh=MXJibXpnNmM0ajF5eQ==

https://www.instagram.com/p/DPN5VjrjAnB/?igsh=MTB2N3c3dGZobXRpdQ==

2. Тезірек үй алу үшін осылай істедік

Түсіндірме: әр ересек адам өзінің үйі болғанын қалайды. бірақ бұл жердегі демеуші сөз “тезірек”, сондықтан тез деген сөзді қосып контент жасасаңыз өтімді болады. мысалы, тезірек права алу үшін, тезірек бай болу үшін, тб.

Ссылкасы:

https://www.instagram.com/reel/DOacSg4DDcw/?igsh=aTBwYzNxM2J1c3Jk

https://www.instagram.com/reel/DNkhnkEsZqD/?igsh=ZnBmeHZuZGIwODNj

3. Сендер “қой, ұят болады, кеш қой” деп сызылып жүргенде, 3 баламды ҚЗ қалдырып, Blackpink концертіне айқайлап өлең айтуға келдім

Түсіндірме: қазақ қоғамындағы стереотиптерге қарсы шығатын сөйлем болғаны үшін өтімді. 3 баланың болуы, концертке келу, ұят болады сөздері әсері.

Ссылкасы:

https://www.instagram.com/reel/DNC70Afsfc9/?igsh=MWZtaTNva2Jvdjlq

https://www.instagram.com/reel/DNC-_JXsE9u/?igsh=YTZkdWt6ZDc3N25o

4. Мынандай жігітті таңдамаңдар қыздар

Түсіндірме: ақыл беретін контент түрі өтімді болып келеді, себебі қазір адамдарға пайдалы ақпараттар керек. жігіт тақырыбы қозғалған теманы жас қыздар көп көреді, бір біріне жібереді, сондықтан өтімді.

Ссылкасы:

https://www.instagram.com/reel/DMxQNdpMrei/?igsh=ZnE5djJncnR2Yjlk

5. Осындай жігітті таңдаңдар қыздар

Түсіндірме: 4- тің қарама-қарсы сөйлемі, бірақ бұл жерде айтатын ақпарат қоғамдағы нормаларға қарсы шығатын болса жақсы өтеді. мысалы, үй жұмысына көмектесетін жігіттерді таңдаңдар қыздар.

Ссылкасы:

https://www.instagram.com/reel/DLSkSEDskvb/?igsh=MWo0eXU3MmM3cWYwcQ==

6. Менің күйеуім грин флаг емес

Түсіндірме: жігіт, күйеу темасы қоғамдағы өте өзекті тақырыптардың бірі. грин флаг емес деген сөз бұл тақырыпты одан сайын ушықтырып тұр.

Ссылкасы:

7. Қыздар мынадай жігіттерге күйеуге шығыңдар

Түсіндірме: қыздар “қандай жігіт жақсы?” деген сұрақты жиі іздейді. кеңес түрінде айтылған контент тез тарайды.

Ссылкасы: https://www.instagram.com/p/DO5bBZyjLQQ/?igsh=cTk1djA3dXpkdWhp

8. Бай адам болу үшін не істеу керек

Түсіндірме: адамдарға нақты қадам керек. “не істеу керек” деген форматта айтсаң, бәрі түсінеді және байлық деген тақырып өте өтімді. себебі кез келген саналы адам көп ақшалы, бай болғысы келеді.

Ссылкасы:

https://www.instagram.com/p/DOpoKwjjIX2/?igsh=bHp0eTIzMTk4N3R2

9. Кез келген адамды бай ететін 5 әрекет

Түсіндірме: тағы да байлық туралы және 5 әрекет – қысқа, нақты, бәрі орындап көргісі келеді.

Ссылкасы:

https://www.instagram.com/p/DOxaG9LjIFh/?igsh=ZnJreTB4MjdkY2ts

10. Үй алу үшін ойымды осылай өзгерттім


Түсіндірме: бәрі “қалай ойлау керек еді?” деп ойланады. өз өміріңнен мысал келтірсең, шынайы көрінеді.

Ссылкасы:

https://www.instagram.com/reel/DOX9GdgjAa8/?igsh=cXZkaHZpd3U0YjJi

11. Блог бастамай тұрып осыларды естігенімде ғой

Түсіндірме: өкініш арқылы айтылған ойлар әрқашан әсерлі. адамдар қателескісі келмейді, сондықтан оқиды.

Ссылкасы:

https://www.instagram.com/p/DOFvptvjAcw/?igsh=MWp0bWF3bDR6ZHo2eg==

12. Астанадан бизнес класстан наличкаға үй алдық. ақша жинаудағы ережелерім

Түсіндірме: нақты жетістік айтылса, бәрі “қалай істеді екен?” деп қызығады.және үй алу тақырыбы қазір ҚЗ-да өте актуальная тема.

Ссылкасы:

https://www.instagram.com/p/DMXVwShsXaq/?igsh=d2w2ZDF3d3BmZWg4

13. Осы қыста өмірімде күтпеген нәрсе орын алды

Түсіндірме: мұндай сөйлемдер интрига тудырады, бәрі соңына дейін көріп не болғанын білгісі келеді.

Ссылкасы: https://www.instagram.com/p/DMFP4t2pZab/?igsh=a2RuM21saXdwYndj

14. Жетістікке жететін адамның бойында болу керек қабілет


Түсіндірме: кеңес, тәжірибе және мотивация араласқан контент болғандықтан көреді, жетістікке жеткісі келетін адамдар көреді. көп адамға пайдалы.

Ссыкасы: https://www.instagram.com/reel/DMA8uJjMyvy/?igsh=MXJiOHluMGliamZrNg==

15. 28 жастамын. Баймын, бақыттымын, оның себебі мына нәрселер


Түсіндірме: өміріңнен нақты мысал болса, адамдар “мен де сондай болғым келеді” деп шабыт алады. 28 жас деген де интрига туғызады.

Ссылкасы: https://www.instagram.com/reel/DL9LTU_o_oJ/?igsh=a3ZjaXYyNDF2Zm9n

16. Осындай жігіттерді таңдаңдар қыздар

Түсіндірме: әркімге таныс общий тақырыптардың бірі. сен өз көзқарасыңмен айтсаң, пікір көп туады.

Ссылкасы: https://www.instagram.com/reel/DLSkSEDskvb/?igsh=MWo0eXU3MmM3cWYwcQ==

17. Өзімді дамытуды мынадан бастаушы едім

Түсіндірме: жеке тәжірибеңді айтатын формат өтімді болады, себебі әр адамның тәжірибесі әртүрлі. “мен де солай істей алам” деп ойлайды.

Ссылкасы: https://www.instagram.com/p/DJ8QcuVptEB/?igsh=dTFzZmF6Ym11aGxp

18. Бір кездері армандаған, қазір сүріп жатқан өмірім

Түсіндірме: арманнан шындыққа жеткен историялар әрқашан жүрекке өтеді.

Ссылкасы:  https://www.instagram.com/p/DJtbfFgMMwF/?igsh=MW8wdXFicm93NG5tMA==

19. Соңғы 2 айда қабылдаған, мені бақытты еткен кішкентай шешімдер

Түсіндірме: адамдарға үлкен өзгеріс емес, кішкентай шешімдер жақын болады, істеуге оңай болса жасап көрейін деп ойлайды.

Ссылкасы: https://www.instagram.com/p/DJbpD0rJ1Gz/?igsh=dHk4NmIxcnpneXFn

20. Өмірім өзім қалағандай болмаса

Түсіндірме: ішкі ойға жетелейтін контент. әр адам өз өмірін еске алады.өз өмірін өзгерткісі келетіндер көреді.

Ссылкасы: https://www.instagram.com/p/DIn_VqIKl_V/?igsh=azJmaHZyam55OXRy

21. Мені бай еткен құндылықтарым

Түсіндірме: тек ақша емес, ой, мінез, ұстаным туралы айтсаңыз, адамдар терең ойланады.

Ссылкасы: https://www.instagram.com/p/DH3YuF2M2um/?igsh=MXB1M3NudmhiZm91NA==

22. Туыстардан ұялсаң, былай деп айт

Түсіндірме: бәрінің басында бар жағдай: туыстарым не дейді деген ой. қазақ аудиториясына қатты әсер етеді.

Ссылкасы: https://www.instagram.com/reel/DHsoYt0sHeH/?igsh=MW12aHNpaDlucGYxYw==

23. Потенциалыңды ашатын техника

Түсіндірме: адам әрдайым өзінің мүмкіндіктерін пайдалануды ойланады, сондықтан осы контент өтімді.

Ссылкасы: https://www.instagram.com/reel/DHGEz7xp_jW/?igsh=Ym9wa2N2eTdsejRk

24. Күнде таңғы 6-да тұру ол…

Түсіндірме: күнде таңғы 6-да тұру тргиггерная тема, көбісі ерте тұру әдетін қалыптастырғысы келеді, сондықтан өтімді.

Ссылкасы: https://www.instagram.com/p/DGw8vQBoOiQ/?igsh=MWV6ZTZrbTVmeXp0dA==

25. Балаларымның болашағы үшін бүгін не істеп жатырмын?

Түсіндірме: эмоция мен әрекеттер бар. ата-аналар мұндай контентті соңына дейін көреді.

Ссылкасы: https://www.instagram.com/p/DCtW6MjMfPk/?igsh=MTZrdm56ZmwxbnBrcA==

26. Сенің өміріңді өзгертетін 3 кітап

Түсіндірме: кітап тақырыбы бәріне ортақ, пайдалы. бәрі бір кітап болса да жазып алады.

Ссылкасы: https://www.instagram.com/reel/DA3EjFEtHaC/?igsh=bnpkcXoyMHp5c2lm

27. Жалқаулық пен кейінге қалдыруды жоятын техника

Түсіндірме: бәрінің мәселесі кейінге қалдыру. нақты шешім айтсаң, жақсы өтеді.

Ссылкасы: https://youtu.be/AlfjtnjSF00?si=---cSpkgjcWMYSIc

28. Телефонға тәуелділіктен арылу үшін осы 3 нәрсені жаса

Түсіндірме: қазіргі уақытта бәрі телефонда көп отырады. “осыны жасап көрейін” деп көреді.

Ссылкасы: https://www.instagram.com/reel/DNn0RigstoL/?igsh=Nml6M3hvMWtvbW1r

29. Мені көп ақшаға әкелген 10 әдет

Түсіндірме: нақты әдеттер туралы айту адамға түсінікті әрі пайдалы болады.

Ссылкасы: https://youtu.be/2au6t1W6d8k?si=m4t7xx_EjRCsLOxZ

30. Адамдармен қарым-қатынаста осы 7 қателікті жасама

Түсіндірме: қателік туралы контент өтімді, себебі бәрі өзінің қателіктеріне анализ жасап жүреді.

Ссылкасы: https://youtu.be/90HFuLUmTf4?si=FEVasLQU1SVIZUgU

31. Өзіңе дұрыс сұрақтар қою арқылы өміріңді өзгерт


Түсіндірме: адамдарға өз өмірі туралы ойлануға итермелейді. сұрақтарды қарап жазып алуы да мүмкін, сондықтан соңына дейін қарайды.

Ссылкасы: https://youtu.be/iTZ9oNqIRDE?si=q-1NJvsW7ISNQsj_

32. Өмірімді өзгерткен 5 әдет

Түсіндірме: қысқа, пайдалы және нақты әдеттер болса соңына дейін қарайды. көп адам осындай контентті сақтап алады.

Ссылкасы: https://youtu.be/v0AagAetT7k?si=SLnYFnIxITL6ZAgU

33. Тұрмысқа шықпаған қыздарға айтар кеңесім

Түсіндірме: жеке тәжірибеден шыққан кеңес сенімді естіледі.тұрмысқа шықпай жүрген қыздардың көбісі көреді.

Ссылкасы: https://www.instagram.com/reel/DLR48iVMPYN/?igsh=MW00NG9paWIycndvbg==

34. Үй сатып алуға көмектескен 7 қағида

Түсіндірме: нәтиже көрсетіп, “осылай істесең, сенде де болады” деп айту форматы өтімді.

Ссылкасы: https://youtu.be/GSHHq6fl8D4?si=v0W1pefWv2VO9nPs

35. 15-18 жаста жасауға болмайтын 5 нәрсе (3-іншісі жесткий)


Түсіндірме: жас аудитория үшін қызық формат. “жесткий” сөзі интрига қосады.

Ссылкасы: https://www.instagram.com/reel/DIY5aQFs2-g/?igsh=MW1uM3E3MzVodjh0aQ==

36. Менің өмірімді жеңілдеткен ТОП 5 приложение

Түсіндірме: пайдалы, күнделікті өмірге керек контентті бәрі көреді, сақтап алады.

Ссылкасы: https://www.instagram.com/p/DOMKXxRjS-o/?igsh=MWRlazY0dDNhNGpmeg==

37. Көп ақшам болуы үшін, мына 5 нәрсемен жұмыс істедім

Түсіндірме: нақты тәжірибе айтылғанда, сенім туады. бәрі сол қадамдарды көргісі келеді.

Ссылкасы: https://www.instagram.com/reel/DJYP0_fsULC/?igsh=NG5qemJ3b2NxYTFs

38. Қызым ақылды, өзіне сенімді болып өсуі үшін былай сөйлесемін

Түсіндірме: ана жүрегі мен тәрбиелік ой қосылған контент әрқашан өтеді, аналар өзіне сақтап алады.

Ссылкасы: https://www.instagram.com/reel/DOp17fJjFuJ/?igsh=MTdvOHZybDdhOWtuNw==

39. 90 млн-дық үйді алу үшін мына нәрселерді жасадым

Түсіндірме: үлкен нәтиже мен нақты іс қатар айтылса, адамдар сенеді.

Ссылкасы: https://www.instagram.com/reel/DNkhnkEsZqD/?igsh=ZnBmeHZuZGIwODNj

40. 28 жасыма дейін кредит, ред, рассрочкасыз өмір сүріп келемін. менің қаржылық 5 принципім

Түсіндірме: көпшілік қарызсыз өмір сүруді армандайды, мақсат қояды. егер нақты әрекеттер айтылса көбісі көріп, өзіне сақтап алады.

Ссылкасы:https://www.instagram.com/p/DOQSUwmjEU0/?igsh=aXQ4OTZzM2s0azFh

Осындай контент идеяларының бәрі Блогинг курсының ішінде болады. Курста Контент челленджі бар. Челленджде студенттер осы әдістер арқылы өз парақшаларын дамытып, аудиториясын өсіріп, нәтиже көріп жүр 💥

Студенттердің нәтижелері:


Контенттің “атып кетуі” кездейсоқ емес, нақты жүйе мен стратегияның нәтижесі 😉

Сен де осындай нәтижеге жеткің келсе, Блогинг курсына қосылып, өз блогыңды бастап, контентіңді жаңа деңгейге көтер 🚀

Егер сізде блогты жүргізіп бастағыңыз келсе, Ноябрьдегі потокка күту листіне жазылыңыз, осы ссылка арқылы өтіңіз:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScfAedXM6xH8e4Va6dCqNHy-cmPKAROb6BAAA5Am6JlnF5LVw/viewform?usp=header