May 22, 2019

TEENAGER арманы

  • Өмірге келген күн мен неге келгеніңді түсінген күн маңызды дейді Твен. Сен өзіңді қалай таптың?

👼🏻 Жалпы тереңінен үңілетін болсақ, мен балалық шаққа өте байыппен қараймын. Ғылымда психосоматика деген түсінік бар, яғни біз өсе келе бала кезімізде алған травмаларымызбен жұмыс жасауымыз.

Үйде тек анасы жұмыс жасайтын отбасында өстім, кемсіту мен шантажы көп орта мектепте білім алдым немесе алдыңғы айтылғандардың «құрбаны» болдым. Үздік оқығандығымнан, физика-математикалық лицейге ауысуға тырыстым. Бірақ сонда да тек екінші мүмкіндіктен ғана түстім. Соның өзінде әрең-әрең, менің тырысқанымды көріп, «Жақсы, осы қызға бір мүмкіндік берейікші. Өзін қалай көрсететінін бақылайық» деп қана.

💸 Лицейдегі сыныптастарым өте бай еді. Тіпті, бір сыныптас баланың, әкесі темекі зауыттарының желісін басқаратын. Балаларын джиппен әкеліп-әкететін. Ал мен, қарапайым отбасыдан шыққан Медина, Алматы 1 ауданында тұратынмын, қаладағы мектепке жету үшін 1 сағаттан артық жол жүретінмін, дәл осындай уақыт кешкі 19:00-ден аса қайтадан үйге қайтатынмын. Сондағы жасым – 10.

Бесінші сыныпта химия-биология сабақтарын оқытатын. Оқушылар, артық айтпаймын, вундеркинд еді. Ал менде сенім болды, егер мен түсе алсам, онда мен бұны да алып кете аламын. Байлардың вундеркинд балаларымен бірге дамып, жақсы оқуға барымды салдым.

🙊 Тіпті мектепке барар жолымда автобустан 1-2 аялдамаға ерте түсіп, ары қарай жаяу баратынмын:менде жеке жүргізуші жоқ екендігін көрсетпеу үшін, өзімнің олар секілді бай емес екенімді білдіртпеу үшін. Айтуға ұяламын, бірақ дүкендерден тәттілерді ұрлауға дейін жеткенім есімде. Жегім келгеннен емес, сыныптастарыма мұз кәмпиттерді сатып алуға ақшам бар екендігін көрсету үшін ғана. Қазір осыған ұяламын, шыны керек. Бесінші сыныпта екі сабақтан ғана төрттік бағамен бітірдім. Үнемі баға үшін талпынып жүретін бай-бағландадың ерке балалары мені жек көріп кетті: мен жаңадан келіп, бестік бағаға оқып кеткенім үшін. Физика-математикалық лицей болғандықтан, «5» деген бағаны алу өте қиын. Осылай, 6-сыныпта менен барлығы теріс айналды, кедей отбасыдан екендігімді бетіме басты.

🚬 Алтыншы сыныптың оқушысына ауыр тиіп, темекі мен ішімдікті дос еткен нашар ортаға қосылдым, мектептегі үлгерімім түсіп кетті. Иә, алтыншы сыныпта. Лицейдегі мұғалімдер бор лақтырып: «Мендибаева, вы тупая» дейтін кездері де болды. Тіпті тақырыпты біліп тұрсам да, бәрібір «тупая» болатынмын, тіпті емтихандарымды ашпай жатып «2»-лікті қойып беретін. Себеп біреу – сынып солай ойлайтын, мұғалімдер солай ойлайтын. Күнде жылап, бас ауруларына дейін жетті. Балалық шағымның травмасы – осы. 

Бірақ дәл осы тәжірибенің арқасында баға жетпес сабақ алдым. Ақша – балаларды қалай құрдымға әкететінін түсіндім, қатыгездікке әкелетінін көрдім. 
Физика-математика бағытындағы сол мемлекеттік лицейде бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейін оқытылады. ҰБТ бойынша лидер болып табылады: 9-сыныпта мемлекеттік емтихандарының барлығы бестік болмаған және 11-сыныпта алғашқы сынақтан(пробныйдан) 90 ұпай жинай алмаған оқушы мектептен шығады. Осылай үш сыныптық 11-сыныптардан тек 15-тей оқушы бітіріп шығады. Директор колонияда математика пәнінің мұғалімі болғандықтан болар, ол дәлізге шыққанда тірі жан қалмайтын.

🇰🇿🇹🇷 Жағдай осыған дейін жеткеннен соң, анам Қазақ-түрік лицейлеріне түс деді. Емтиханға дайындалдым, Тараз қыздар қазақ-түрік лицейіне түстім. Травмадан соң стресс дегенге келдім. Қазақ отбасында дүниеге келгеніммен, еврейлермен оқыдым. Ал Тараздықтар қазақша сөйлейді, менде базалық қазақ тілі болғанымен, сөйлей алмаймын. Қиналдым, өзімді мықты етіп көрсетуге тырысқанымнан, жау тауып алдым. 20 күндік тіл үйрену курсына келмегендігімнен, ағылшын-түрік тілдерін мүлдем білмедім. Тіпті түрікшедегі “kravat” сөзінің аудармасын білмедім, ал сынып тіпті осыны білмегендігіме күлуші еді. Тілдік барьер қалыптасты, бұл тілдерге мүлдем сөйлемеймін деп шештім. Жақсылығы сол – биология олимпиадасына басыммен кеттім.

Олимпиада жолы да аса жақсы болмады. КБО-ға (Kатев Білім Олимпиадасы) бірінші жылы өтпедім, 8-сыныпта РЕЗЕРВТЕН өтіп, орын алмадым. 9-сыныпта облыстық білім олимпиадасына қатысып, тек 4-орын грамотамен ғана марапатталдым. Өмірім жеңілістерге толы болды, өзіме деген көңілім қалып бастады. 7-сыныптан басталған бұл стресс оқиғаларынан кейін айналамды жек көріп кеттім, 25-30 кг салмақ жинадым. Организмім, әрине, шок болды. Булимиямен ауырдым: тамақты тым көп жейсің, оны құсып тастайсың. 9-сыныпта мемлекеттік емтихандарды әрең-әрең тапсырдым: Ақзер апай төрттігімді қойып берген болатын. Өзімнің ойлауым басқаша екендігін түсінгеннен соң, ешқандай жетістікке жете алмағаным ауыр тигеннен соң және ақымақ екендігімді күнде қайталап айта беретіндігінен, енді тағы шыдасам, сынып түсетінімді түсіндім. Анаммен сөйлесіп, кететінімді айттым. Ол external, яғни екі сыныпта бір жылда бітіру жүйесін ұсынды.


🤷🏻‍♀️ Осылай Астана қыздар қазақ-түрік лицейіне келдім. Барлығы әдемі, өздерін жақсы күтетін (ухоженные) қыздар. Бастапқы кезде «Бұл менің ортам: орыстілді адамдар, барлығы дамып жатыр» дедім, бірақ оқи келе, бай адамдардың өз проблемалары бар екен: шоу-бизнестің, моданың өсектері – қайтадан қажетсіз информация легі. Бұл жер де мені қанағаттандырған жоқ: мен қайтадан өзімді бай отбасыдан келгендей көрсетуім керек болды, олар бір party-ге шақырғанда «Жоқ, өзімді нашар сезініп тұрмын» деп алдауым қажет болды. Ал шындығында ақшам жетпеуші еді. Орта менікі емес болғандықтан, өтірік айтуды үйрендім.

Жалпы Қазақстандағы қай мектепті алсаң да, мектеп – қажетсіз ақпарат мекені.

🤪 Қыста «Зерде» мектебінде external басталды. Жаңа сыныптастарым әртүрлі жерді көрген, жаңашыл адамдар еді: біреу Германиядан, екіншісі Кореядан келген қазақтар. Барлығының алға қойған мақсаттары бар. Бірақ ортақ тіліміз жоқ, ағылшыннан басқа. Ал менің ағылшын деңгейім дубты соққандай еді. Бір нәрсе жасау қажет болды, тырысу қажет болды. Қасыңда Лондонда IELTS 8,5 жинаған қыз немесе 4-5 туған тілді меңгерген жігіт отыруы – мен үшін «Уау» болды.

КТЛ-де оқып жүріп «Біз - генийміз» деп жүрсек, бізден де анағұрлым дамыған жастар бар екен. Олар – NON-stop машиналар.

Күндіз Астана КТЛ-ге барып 10-сынып, түстен кейін экстернал мектебіме 11-сыныпқа барып жүргенде, таңертеңгілік мектебіме барғым келмейтін. Ол жерге кіріп қалсам: «Ким Кардешьян осынша лайк жинапты» дегенді естимін, ал түстен кейін: «Квантовая физика, соңғы жаңалықтарды оқыдыңдар ма, Оксфордта....» деген әңгімені естисің. Айырмашылығын өзің бағамдай бер.

🔝 Екінші әңгімені айтып отырған оқушылардың барлығы қазір TOP университеттерде оқып жатыр: Garward, KAIST, UNIST. Ал мен қалып қалдым. Қалып қалдым, өйткені өкінішпен өмір сүрдім: мені лицейде ағылшын тіліне үйретпеді деп. Ал менің БІР ЖЫЛ уақытым болды. Бір жыл ішінде ағылшынымды көтеріп алуым қажет еді, ал менде сенімсіздік болды.

Қазақстандық мектептердің басты проблемасы сол – оқушыларды түртпектеп, төбесінен міндеттеп қояды. Содан сенімсіздік пайда болады. Бұл – КТЛ-дерде де кездеседі.

💆🏻‍♀️ Қатарластарым 11-сыныпқа көшкенде, мен ҰБТ тапсырдым. 59 балл жинадым. Өте төмен, тіпті проходной емес. Таңдау пән бойынша кемінде 15 болуы керек, менде 14-тен. Өмір өзімді дамыту қажеттігін әрдайым еске салып отырды, ал мен өзімнен басқасының бәрін кінәліп, тек өкінумен ғана өткіздім. Әрбір жеңілістен соң ешкімді күтпей, ізденіске түсіп, ағылшынымды дамытып, олимпиадама жақсылап дайындалуым қажет еді. Олай жасамадым, бұл жолы өмір 59 баллмен шапалақпен берді. Осыдан кейін 1 жыл моральды тұрғыдан демалыс қажет еді. Университетке ақылы түрде оқығанымның өзінен ол жақта да стресске толы уақыт күтіп тұрар еді.

Мектепті бітіріп, қаламаған немесе өзі білмейтін мамандыққа түсіп, өзін-өзі құрдымға кетіретін студенттер бар. Міне, солар GAP year алу қажет.

Ата-анаңа барып: «Анашым, Назарбаев Зиятркелік Мектептерінде 12 жыл оқиды. Мен НЗМ-де оқығанымда да мені 11-сыныптан соң шығарып алмайтын едіңіздер ғой. Олай болса осы жылды маған берші, бір жыл жұмыс жасап, өмірді көрейін. Жемқорлықтың не екенін, өз ақшаңа өмір сүрудің не екенін, өмірдің соқпақтарын Өзім көретін едім. Өмірді сезінуім қажет, Назарбаев Университетіне түскенімнің өзінде алғашқы жылды foundation оқитын едім ғой. Маған бір жылды жеке дамуыма берші» деп айт.

🤦🏻‍♀️ Қазіргі 11-сыныптар «Мен академиялық GAPyearалуды қалаймын, бірақ ата-анам қарсы» дейді. Жаным-ау, ал сен оны алу үшін бір нәрсе жасадың ба? Аузыңды қимылдатқаннан басқа, қолың мен миыңды іске қосып көрдің бе? Ата-анаңа нақты жоспармен келсең, рұқсат бермейтініне күмәнім бар.

Мысалы мен анама келіп: «Анашым, Асем(туған әпкем ) босанды.Мен оның баласына қарайтын боламын. Ол маған айына 50 000 теңге төлейді. Оның 40 000-ын мен «Достық» білім беру орталығына төлеймін. Өзім ҰБТ-ға дайындаламын, өзім қаржысын төлеймін. Ал қалған 10 000-ы менің жүріп-тұруыма қалады. Ал сіздерден керегі үй мен тамақ қана» дедім.

Анам сөзге келместен келісті. Сен тіпті жұмыс жасамасаң да, SAT, IELTS емтихандарына үй жағдайында дайындалу – реально дүние. Қазір ХХІ ғасыр. Курстарға қатыс, мастер класстарға бар. Менде ақша болмағандықтан, интернеттен тегін курстар көрдім. Үйде отырып, қалай әдемі сурет түсіруге болатынын, фотоаппаратпен қолдану тәсілдерін, торт пісіруді, сатылым посттарын жазуды үйрендім.

👩🏻‍💻 GAP year-ымда SMM-manager, PR manager болып жұмыс жасадым. Тапсырысқа торт пен пряник пісіріп саттым. Клиенттер іздедім. Бұл мен үшін баға жетпес тәжірибе болды.

Мен ата-анасы 1 000 000 теңге төлегені үшін ғана университеттің партасын тоздыртатын студенттерден артық болдым.

👩🏻‍🏫 ҰБТ тапсырдым. 99 алдым. Тағы аз. Бірақ мен Грантқа тапсырдым. Қызығы сол, өтіп кеттім. Бұл жылы менің факультетіме 200 грант беріпті. Мамандық менікі емес екендігін түсіндім, бірақ Асфендияровтың ішкі кухнясын көргім келді. Өзіме айттым: «Медина, егер саған ұнаса, қаласың және максималды дәрежеге жетесің, профессорлармен жұмыс жасайсың және стипендиялар табасың. Ұнамаса, кетесің» дедім. Бізді түрлі фондтар бар. Мысалы нақты ғылыммен жұмыс жасайтын студенттерге Есенов фондын айта алмын: 2-курстан бастап құжат тапсырасың, сенің тұратын жерің, тамағың мен оқуың – бәрін төлеп береді. Ынта болса адамда – қиын іс жоқ ғаламда – осыны түсіндім. Сондықтан университетке арнайы шартпен келдім: «Медина, сен ғылыми жұмыс жасайсың, мақалаң осында жариялануы үшін еңбектенесің, ең жақсы профессорлармен жұмыс жасайсың». Бір жылға жуық уақыт оқЫдым – Асфендияровта зеріктім. Ең мықтылар болмады.


❓ GAP year-да қалай сынып кетпеуге болады және осы жылы не істеу керек?
❓ Алдағы 3 ай демалысты оқушылар/студенттер қалай өткізсе болады?
❓Жасөспірімнің арманын барлығын жасадың, бірақ қазір барлығынан бас тартып, Исламға келдің. Қалай?

🔔 Осы сұрақтардың жауабы 23.05.2019 16:16

Достарыңмен бөлісуді ұмытпа🤪💔

🌞 Marjommi

Маржан Әбдіғалиқызы