June 7, 2019

КӨЗІМДІ АШҚАН СПОРТЗАЛ

Шамамен 8-сыныпта болу керек, лицейдің ауласында қыздармен волейбол ойнап жүрдік. Қарасам, орындықтарда(скамейка) Баян абла(әпке) отыр екен. Ол кісі денсаулығына байланысты тәрбиешіліктен кетті деп естіген едім. Лицейге қонақ болып келген соң, бірден қасына барып отырдым.Екеуміз отырып, әңгімелестік.

Сонда ол кісінің маған айтқаны: "Маржан, сенің потенциалың жоғары екенін білемін. Бірақ тек осы кішкентай ортамен шектеліп қалма. Біздің лицейдің сыртында да неше түрлі мықтылар бар. Солармен бәсекелес. Планкаңды жоғары қой"

Сол сөздің маңызын енді түсініп жатырмын Демеймін. Оны сол кезде есепке алып, сол ақылды қолданған болатынмын. Шынымен де көмектесті. Қазір есіме түсіп отыр сол сөздер. Тек бір ортамен шектелмеңіз. Тіпті біл істі талқылағанда біреумен ақылдасатын болсаңыз, сіздің көрмегеніңізді көріп, оқымағаныңызды оқып, естімегеніңізді естіп жүрген адамдардан да міндетті түрде сұраңыз.

Сіздер де, кім болсаңыз да, мейлі мұғалім, мейлі бизнесмен, өз ортаңыздан шығып, сізден жоғары жаққа қыдырып қайтыңыз.

Мектепте жүрсеңіз - сапалы университетке немесе сіздікінен де дамыған мектепке барыңыз, экскурсия жасаңыз, танысып келіңіз, тіптееен мүмкіндік болмай жатса, олимпиадалар, форумдарға қатысыңыз.

Көзіңіз ашылады, жаңа шабыт пен идеялар пайда болады. Тексерілген.


Менің оқушы кезімдегі идеямды ашқан, 250 адамдық аквариумнан үлкен әлемге жол көрсеткен YIPC жобасы болатын.

Ол - Қазақ-түрік лицейлері мен колледждері арасындағы Республикалық Жоба Жарысы. Халықаралық мектептің спортзалында болды.

😱Кіріп кіргендегі үлкеен спортзалдағы галереяны көру, ондағы түрлі саладағы дарынды, қабілетті оқушылар, ақылды тақырыптар.

😦 Біреулер адамның бейнесін 3Д принтерден шығарып үлкен қылып ұстап жүр, екіншісі мүгедек адамдарға қол жасаған. Тағы біреуі Қазақ тілді кітаптарды жаңаша басылыммен шығарған, тағы біреуі Қазақ тілінің ортақ платформасының телефон қосымшасын жасаған, айта берсең - көөөп. Менің күнделікті айналысып жүрген тірлігің жай кішігірім дүние екенін көрсетіп, өмірімді мың бояулы етуге тағы құштарланып қайтатынмын. 5 жылдық лицейлік өмірімде 3 рет қатыстым. Үшіншісінде ардагері мен болып, біздің топтың алып барған жобасы АЙША БИБІ FM мектеп радиосы ерекшеленіп, біздің бағыт бойынша абсолют 1-орынды жеңді.

😍 Ол атмосфера мен жобаны жақсы көретіндігім сонша - жаңа баннердің иісін сезсем, қасына барып иіскеп тұрамын😂 Оқушылар өздерінің жобасы жайлы 3 баннер дайындайтын. Соны өздеріне берілген жерге іледі. Дайындық барысынды тыыырр деп бүктелген жерінен ашылып жатқан жаңа баннерлердің дауысы мен иісі❤️😍

Көзім ашыла жүріп, ораторлық қабілетті практикада үйрендім. Практикада бірден қолданып көрмесең, оқып жатқан кітаптарыңыз бес тиын болып қалады. Жобамды ағылшын тілінде дайындап, оны қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде қорғауды үйрендім. Жағдайдан шығуды және профессорлар мен кәсібилік деңгейлерін мен тек түсімде көретін адамдар төрешілік етті.

Сондай дәрежені көрдім - өміріме үлкен пайдасын тигізді. Сондықтан өз аквариумыңыздан мұxитқа ұмтылыңыз. Ең азында басқа судың дәмін көріп келу үшін. Ол үшін берілетін мүмкіндік өте көп - аздап еңбектенсең, мұны да көрерсің:)

#СтдуентКөзқарасымен #Постотдуши #Marjommi_күндедігінен