June 30, 2023

Гүлмира Сатыбалды тағы 8 жылға сотталды

Ол бұған дейін 7 жылға бас бостандығынан айырылған

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды 441 миллион теңге жымқырды деп айыпталып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

2018 жылы «Ария-Жаңа Астана» компаниясы Сырдарияның сол жағалауына жылу желілерін тарту бойынша тендерді жеңіп алған. Тергеу кезінде оған Гүлмира Сатыбалдының ықпал еткені анықталған.

Сатыбалды кәсіпорын басшысымен бірлесіп, 441 миллион теңге жымқырған.

Гүлмира Сатыбалды бұған дейін, 4 мамырда «адам ұрлау» бабы бойынша 7 жылға сотталған.