June 30, 2023
Қаңтарда қаза тапқан Елнар Қансейіттің сотында жарыссөз басталды
Прокурор күдіктіні 7 жылға соттауды сұрады
Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар Қансейіттің сотында жарыссөз басталды. Айыптаушы прокурор соттан күдікті Серікбол Мұратханды 7 жылға бас бостандығынан және аға сержант шенінен айыруды сұрады.
Елнар Қансейіт 2022 жылы 6 қаңтарда Алматыдағы Фурманов және Сәтпаев көшелерінің қиылысында оққа ұшқан. Әскерилер оның көлігін атқылаған.
Серікбол Мұратхан Талдықорған қаласындағы N18/404 әскери бөлімінде қызмет атқарған. Оған ҚР ҚК 451-бабының 2-бөлігі (билікті асыра пайдалану) бойынша айып тағылған.