Алтын Сарай
Дана Бәһлул атты әулие кісі мен сол кездегі xалифа Харун Рашидтің арасында өтті деген қиссалар қызық болып келеді. Сол қиссалардың бірі:
Бір күні Дана Бәһлүл Халифа Рашидтің сарайының алдында отырып, жерге қолмен үй сызып жатқан көрінеді.
Мұны көрген Халифа:
⁃ Не істеп отырсыз?- деп сұрайды таңдана.
⁃ Үй соғып отырмын.
⁃ Жерге сызғаннан үй бола ма екен?- дейді күліп
⁃ Күлме, Рашид. Мүмкін бұл үйді сатып алатын адам да шығып қалар?
Харун Рашид болса; бұл дәруіштердің істерін адам түсініп болмайды- деп ойлайды іштей.
Осы кезде Харун Рашидтің бәйбішесі, екеуінің арасындағы әңгімені терезеден естіп тұрады. Мына ақсақал бұл істі әшейін жасап тұрған жоқ, мұнда бір xикмет бар, Харун Рашид оны түсінбей тұр ғой-, деп топшылайды ішінен.
⁃ Ақсақал ана үйді сатасыз ба?- дейді терезеден басын шығарып.
⁃ Ия, сатамын.
⁃ Бағасы қанша?
⁃ Бір динар алтын.
Халифаның бәйбішесі сарайдан шығып Дана Бәһлүлге бір динар алтын беріп, үйін сатып алады.
⁃ Сатып алған шаңырағыңызға құт дарысын, бегім- деп бір алтынды қалтасына салып, жерге сызған үйін өшіріп, Дана Бәһлүл кетіп қалыпты.
Харун Рашид болса ешнәрсеге түсінбей; "бір жынды аз еді, енді үйде тағы бір жынды пайда болды"-, деп шырт түкіріп жұмысына кетеді.
Ертесіне, түнде түс көріпті, түсінде ғажап іс көріпті ,дейді Харун Рашид. Түсінде жұмақта жүр екен.Жұмақты аралап келе жатып үлкен сарайдың алдына келіпті. Ақ сарайдың әдемілігі көздің жауын алады.
⁃ Бұл кімнің сарайы?, деп сұрапты таңдана.
Қасындағылар: Сіздің үйдегі бибіңіздің сарайы. Кеше Бәһлүлден сатып алды-, депті. Шошып оянады Харун Рашид. Үсті малмандай су.
" Ақымақ деген қатын бізден ақылды болып шықты. Бұл түсті айтсам қатынға мазақ болам. Одан да тіс жарып ешкімге айтпайын"- деп шешеді, xалифа.
Бірақ қарап жүрейін, тағы сатылса сатып алармын- деп іштей түйіп қояды, сол түні.
Таңертең сарайдан шықса, Дана Бәһлүл кешегідей тағы жерге үй сызып отыр. - әп, бәлем енді осы жолы құр жібермеспін-, деп іштей қуанып Дана Бәһлүлден:
⁃ Үйіңді сатасың ба?- деп сұрайды
⁃ Әрине, xалифам- дейді Бәһлүл жымиып.
⁃ Қанша тұрады?
⁃ Он мың динар алтын, Төрем.
Мұны естіген Халифаның төбе шашы тік тұрады.
⁃ әй, қазірет. Кеше бір алтын динарға сатқан үйіңді бүгін он мың дегенің қалай?- дейді таңырқап.
Сонда Дана Бәһлүл:
⁃ Харун, кешегі алған адам үйді көрмей алды... деген екен.
" Әлсіз" xадистерді риуаят еттің - деп басымызға келмеген қалмады. Рамазан айының әр бір түніне байланысты нәпіл намаздарды айтамын. Жіберуін жіберіп алып; әй, осы істеген ісім бекершілік болды-ау.
Тыныш жатқан бүркіттің, артын түртіп үркіткен жоқпын ба(?) Онсызда оқып жатқан тарапы (тарауиx) намаздары бар, оның үстіне мен де қай қайдағыны бықсытып. Әй, мені де ұратын адам жоқ- деп өзіме жекіп отырғанда мына xикаяның еске түсіп кеткені. Пайда-зиян Алладан, мұнда үлкен мән бар дедім-, дәруіштігім ұстап. Қой,бұл xикаямен бөлісу керек- деп шештім.
Мен Дана Бәһлүл емеспін. Сіз де Харун Рашид емессіз. Десек те, бұл қиссадан керегін алар адамның да бар екеніне кәміл сенімдімін.
Жұмақтағы үйлерін көрмей сатып алатындарға сәлем болсын...