May 23, 2020

Ардақты Пайғамбарымыздың ﷺ Айт намазында жасаған сүннеттері

Айтта тәкбірді* көптеп айту

Пайғамбарымыз аләйһи-с сәләм Рамазанның соңғы күні күн батқаннан айт намазына дейін көптеп тәкбір айтатын.[1] Алла Тағала Құран-Кәрімде былай деп бұйырады:

...وَلِتُكْمِلُوا۟ ٱلْعِدَّةَ وَلِتُكَبِّرُوا۟ ٱللَّهَ عَلَىٰ مَا هَدَىٰكُمْ وَلَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ

"... Рамазан айын бітірулеріңді, сізге тура жолды көрсеткені үшін Раббыларыңа тәкбір айтып тағзым етулеріңізді қалаймыз" [2]

Ғұсыл дәрет алу

Ардақты Пайғамбарымыз аләйһи-с сәләм, айттың алдында (түнде) айт намазына бармас бұрын [3] ғұсыл-дәрет алатын және жанұясына да ғұсыл-дәрет алуларын талап ететін.[4]

  • Таза және әдемі киімдерді кию
  • Жағымды иіс су себу
  • Тістерді тазалау
  • Рамазан айтында намаздан бұрын құрма немесе қандай да бір тәтті нәрсені жеу

Құрбан айттың алдында намаз оқып болған соң жеу.

Пайғамбарымыз Рамазан айтында бір-екі құрмадан жемейінше үйінен шықпайтын. Көбінесе құрманы бір,үш,бес сияқты тақ сандармен жейтін.

Құрбан айтта болса, керісінше, айт намазынан кейін жейтін.[5]

  • Айт намазы оқылатын жерге жаяу бару
  • Намаз оқитын жерге бару да басқа жолмен, қайту да басқа жолды қолдану.[6]
  • Күлімдеп жүру
  • Жолда тәкбір* айту
  • Садақа беру
  • Айт намазын оқып, құтбаны тыңдау
  • Айт күнін қасиетті біліп, күнәларынан кешірім сұрап, дұға жасау
  • Айт намазын оқып үйге қайтқаннан кейін, үйде 2 рәкәт намаз оқу.[7]
  • Ағайынды айтымен құттықтау
  • Айттап зиярат қылу
  • Айтқа келген қонақтарды шын-ықыласпен күту
  • Балаларды, әсіресе, жетім балдарды қуандырып, айтымен құттықтау
  • Айтқа қараған түнді; намаз,дұға,зікірмен өткізу.[8]

Айт намазында оқылатын тәкбір

Аллаһу Әкбәр, Аллаһу Әкбәр. Лә иләһә иллаллаһу уаллаһу әкбәр. Аллаһу Әкбәр уә лилләһи-л xамд


[1] Бұxари, ыйдәйн,12 [2] Бақара сүресі/185 [3] Муатта, ыйдәйн, 1; Аxмәд ибн Ханбәл,Мүснәд,4/79 (16840) [4] ибн Мәжә,иқәмәту-с салауат,169 [5] ибн Мәжә,Сыйәм,49 [6] Бұxари, ыйдәйн,24; Тирмизи,Жұма,30; Тирмизи,Жұма,37; ибн Мәжә, иқәмәту-с салауат,161,162 [7] ибн Мәжә, иқәмәту-с салауат,160 [8] ибн Мәжә, Зекет,68


https://www.instagram.com/medetkudaibergen

https://t.me/qudaibergenM

#medet_qudaibergen