October 21, 2020

«ҚАЗАҚТАР НЕ ҮШІН «ӨЛІЛЕРДЕН» МЕДЕТ СҰРАЙДЫ?

көпшілік үшін маңызды тақырып, негізі)

Фото: oyla.xyz

Қазіргі сәтте қоғамымызда басталып жатқан діни кикілжіңдердің алдында бұл мәселенің нүктесін қазықтай қағып қою керек деген оймен жазып отырмын. Әсіресе, соңғы 10 жылдағы шетелдік діни пропаганданың әсерінен екіұдай ойда жүрген бауырларымыз өз көзқарастарын қайта қарап көрер.

Біздің даламызға Исламның келгеніне он ғасырдан астам уақыт өтті. Біздің бабалар бұл дінді қабылдағаннан кейін, Исламның дәрежесі одан сайын өсіп, әлемдегі мықты діндердің біріне айналды. Шын мәнінде, түркілер Исламды семиттердің локалдық діні болып, соңынан жойылып кету қаупінен сақтап тұрды. Біз Исламнан өте көп нәрсе алдық. Оны танымымыз бен тұрмысымызға белгілі бір деңгейге интеграциялауға тырыстық. Соңында бабаларымыз ұстанған дәстүрлі дін пайда болды. Бірақ, қанша жерден діннің негіздерін алсақ та, оның өзінің ішінде біз мүлдем қабылдамаған біршама мәселелер болды. Соның бірі «— қазақ танымындағы «әруақтар феномені» еді.

Қасиетті Құран Кәрімде:

«Егер оларға жалбарынсаңдар — дауыстарыңды естімейді. Мүбада, олар естісе де, сендерге жауап қайтара алмайды. Сондай-ақ, Қиямет күні олар сендердің ортақ қосқандарыңнан танады. Толық хабар беруші Аллаһтай сендерге ешкім түсіндірмейді» (Фатыр сүресі, 14-аят)

— деген ашық және анық аяттар келсе де, күні кешеге дейін біздің бабаларымыз өткендерден сұрауды тоқтатқан жоқ. Осы орайда, заңды сұрақ туады. Неліктен сондай ашық үкім бола тұра біздің бабалар оны қабылдамады? Бұл мәселенің күрделілігі соншалық, тәуелсіз қазақ еліндегі ең алғашқы діни алауыздықтардың негізгі себебі де, дәл осы сұрақтың жауабының болмауынан еді. Көптеген идеологиялық діни пропаганданың нәтижесінде бүгінгі қазақ не ары емес, не бері емес, анықсыздықтың ортасында қалып кетті. Өйткені, діни басқарма тарапы да, дәстүршiл қарттарымызда да бұл сауалға мардымды жауап жоқ еді.»

«Сонымен, әруақ деген кім? Бұл сұраққа кез-келген қазақтың жауабы бар деп ойлаймын. Бізден бұрын өмірден өткен ата-бабаларымыз, әрине. Олардың тап қазіргі статусына діннің қойып берген аты — әруақтар.

Күлтегін бабамыз сөйлеген көне қазақ (түркі) тіліндегі тасқа біткен жазуларды оқып отырып, қанша жерден іздесеңіз де, бірде бір жерінен «Рух», «Әруақ» сөзін таппайсыз. Өйткені, оларда аталмыш сөздер болмаған. Бұл сөздер біздің тілге Ислам дінімен бірге кірді. «Сонда көне түркілер әруақтарды қалай атаған?» деген сұрақ туары анық. Жауап біреу: Ешқалай. Мұның себебін сәл кейінірек түсіндіріп өтемін.

Осыдан біраз жыл бұрын менің атам өмірден өтті. Жер қойнына табыстағаннан кейін «сұмдық» бір айырылысу сезімі өртеп жіберетін шығар деп ойлаушы едім. Бірақ, ондай болмады. Біз атаның жетісін, қырқын, жылын өткізіп тұрдық. Жыл сайын еске алып та келеміз. Одан бөлек, әкем яки шешем қоңырау шалып атамның кеше түсіне кіргендігін һәм бүгін үйде жеті нан жасап таратып жатқандығын айтып жатады. Өзімнің де түсіме кірсе, үйге хабарласып, иіс шығарып жіберулерін сұраймын. Дәл осылай өзі айына кем дегенде бір рет болып тұрады. Меніңше қазір барлығы болмаса да, көптеген қазақ отбасыларында дәл осындай деп ойлаймын. Яғни, салтымыздан көрініс тапқандай, біздің танымда адамдар ешқашан «өлмейді». Анықтап қарасаңыз, үйіңіздегі қайтыс болған адам қандай да бір себептермен сіздермен қатар «өмір сүріп» жүреді. Келін түсірсек оларға сәлем бергіземіз, мазарына барған кезде сәлем беріп сөйлесеміз, түсімізге кірсе, көзімізге көрінсе сұрап ақысын беріп, нанын пісіріп, бір бәтиқасын арнап жатамыз. Әйтеуір, біздің атамыздың өлгенін сезген жоқ. Бұл не феномен?

Енді, бұл мәселенің арабтарда және Исламды қабылдаған басқа ұлттарда қалай екенін сұрасаңыз айтайын. Оларда өлілерге деген мұншалықты құрмет болған емес. Бүгінгі жағдайларына қарап, ешқашан болмайды деп те айта аламын. Адам өлді. Көріне тығады да, одан соң еш шаруасы жоқ. Еске алса бір алар басында, бірақ, кейіннен тірі мен өлінің арасындағы ол байланыс та «үзіледі. Әйтеуір, мұсылман елдерінде біз сияқты жеті атасын дұғасына қосып, олар үшін жайлылық сұрап отырған ұлттарды көргем жоқ.

Яғни, бүкіл мұсылман ареасында өлілермен ең жақын қарым-қатынасты сақтап келе жатқан біздің ұлт қана.

Жоғарыда айтып өткенімдей, көне қазақ (түркі) тілінде «әруақ» деген сөз жоқ. Неге екенін білесіз бе? Қасиетті бітіктерімізде мынадай жолдар бар:

Inim: Kültegin: kеrgеk: boldi: (c) Күлтегiн бiтiгi, 2/9 жолы, 732 жыл

Яғни, бұл жерде «өлді» деген сөз жоқ. Мағынасы жөнінен «кетті» дегенге келеді. Қарап тұрсақ, бабалар танымында өлген адамға ешқандай арнайы статус берілмеген. Себебі, олардың танымында адамдар ешқашан өлмеген. Жай ғана «өткен». Олжас Сүлейменовтің «Орыс ертегілеріндегі „Кощей Бессмертный“ деген ешқандай арнайы персонаж емес, ол өзіміздің «Өлмес Көшші/Көшпенді” деген мағынаны білдіреді» деген сөзі осы сөзімізді тағы да айқындай түскен сияқты. Демек, Құрандағы «өлілер» туралы үкімдердің біздің танымдағы «өлілерге» мүлдем қатысы болмаған.

«болмағандықтан жай ғана өткізіп жібере салған. Бұның бәрін не үшін ұзын сонар етіп жазып отырмын?

Өкінішке орай, Кеңес заманында ұлттық танымымыз көп зардап шегіп, Егемендік алған соң, асығып-үсiгiс жастарымызды араб елдеріне оқуға жібере бастадық. Әйтеуір, тезірек етек басымызды жинап алып, руханиятымызды қайтарайық деген игі бір ниет еді ол да. Бірақ, Кеңестік тәрбиені көріп, Ұлттығымыздың нәзік мәселелері саналарына әлі толық жете қоймаған жастарымыз ол жақтың ілімін тез сіңірді де, елге қайтып келген соң, аталмыш үлкеен мәселеге жолықты. Сөйттідағы барлық әруақ мәселесін жоққа шығара бастады. Ал, ол кезде білімі аз жергілікті молдаларымыз ілімі өздерінен мықты, Құранды заулатып тәпсірлеп тұрған жастардың аргументтеріне қарсы келуге шамалары жетпеді де, амалсыз солардың сөздеріне ілесті. Ол жастардың шок жағдайын түсінуге болар еді. Қазіргі таңда да, өз ұлтын танып үлгермеген жастардың шетте діни сауат ашуының пайдасынан көре зияны тиіп жатқандығы осындай «болмағандықтан жай ғана өткізіп жібере салған. Бұның бәрін не үшін ұзын сонар етіп жазып отырмын?

Өкінішке орай, Кеңес заманында ұлттық танымымыз көп зардап шегіп, Егемендік алған соң, асығып-үсiгiс жастарымызды араб елдеріне оқуға жібере бастадық. Әйтеуір, тезірек етек басымызды жинап алып, руханиятымызды қайтарайық деген игі бір ниет еді ол да. Бірақ, Кеңестік тәрбиені көріп, Ұлттығымыздың нәзік мәселелері саналарына әлі толық жете қоймаған жастарымыз ол жақтың ілімін тез сіңірді де, елге қайтып келген соң, аталмыш үлкеен мәселеге жолықты. Сөйттідағы барлық әруақ мәселесін жоққа шығара бастады. Ал, ол кезде білімі аз жергілікті молдаларымыз ілімі өздерінен мықты, Құранды заулатып тәпсірлеп тұрған жастардың аргументтеріне қарсы келуге шамалары жетпеді де, амалсыз солардың сөздеріне ілесті. Ол жастардың шок жағдайын түсінуге болар еді. Қазіргі таңда да, өз ұлтын танып үлгермеген жастардың шетте діни сауат ашуының пайдасынан көре зияны тиіп жатқандығы осындай «мәселелердің түп-тамырын білмеуінде болып тұр. Міне, содан бері келе жатқан мәселе бүгінгі күні шиеленіскен күйі өз шегіне жетіп отыр.

Енді, негізгі ойыма оралайын. Менің әкемнің көзі тірі. Мен ол кісіден қазір ақыл сұрап тұрамын. Ол да өз ақылын аяған емес. Істеріміз алға баспай кеткен кезде, рухани қолдауын білдіріп, барынша жанашырлық танытатын да сол әкелеріміз ғой. Әйтеуір, не сұрасақ та қолдап, көмегін беруге тырысады. Ал, олардың берген қолдаулары үнемі плүс энергияға жұмыс істейді. Мұны бір ойға алып қойыңыз.

Не үшін біз қазақтар әруақтардан сұраймыз? Дәл осы сауалдың жауабын жоғарыдағыны оқып келе жатсаңыз әлдеқашан түсінген боларсыз. Біздің қазақтарда адам өлмейді. Ал, егер адам өлмейтін болса, онда одан сұрау абсолютті норма нәрсе, түсінесіз бе? Біз дәл осы тұстағы көпірді жоғалтып отырмыз ғой бүгін. Яғни, менің тірі әкемнен яки «қайтқан» атамнан қолдау сұрауымда ешқандай айырмашылық тұрған жоқ. Өйткені, ол атамыз қазақтың танымы бойынша өлген болып саналмайды. Біз аталарымыздан «не сұраймыз? Рухани медет сұраймыз! Және бұл нәрседе тұрған ешқандай ағаттық жоқ. Ал, Дүние я мал-мүлікті әруақтардан сұраған ешкімді көрмедім. Әдетте біз оны құдайдан сұраймыз.

Бұрынғылардың «Жаратқан жар болып, Бабалар қолдасын!» деп жауға шапқан я ісін бастаған себебі де осы. Ол Құрандағы «өлілер» туралы аяттардың қазақтың танымына сіңбегенінің себебі де дәл осы. Тірің мен «өткеніңнің» статусы бірдей, ал, кей жерлерде «өткеннің» құрметі әлдеқайда биіктеу екендігінде.

Ислам кіргеннен кейін де, біршама әсері болғанымен қазақ ешқашан осы танымынан жаңылған емес. Һәм біздің санамыздағы бұл таным кез-келген діни ережелерден биіктеу тұрды. Сондықтан, құрметтiлерiм! Бабалар танымынан жаңылмай, ата-бабаңыздан медет сұраудан еш қысылмаңыз. Оның үстіне, өмірі ерлікпен өткен бабаларымыз «бізді шақырар екен» деп, аты аталған сәтте келіп рухани дем беруге даяр жатқандықтарына күмәнім жоқ.

Бәлкім, арабтардың үстін тегістеп тастаған көрлерінде ешкімге керексіз «боп басылып һәм шіріп жатқан бабалары өз ұрпақтарының даусын естімейтін де, шығар. Бірақ, біздің екі дүниеде де өлмес Бабаларымыз бізді естуге, көруге һәм ұрпақтарына медет те беруге де құдіреттері жетеді.

Бүгінгі рухы әлсіреген қазақ қоғамына сөз жоқ, сол атабабалардың медеті ауадай қажет болып тұрғаны ақиқат қой. Ал, қазақтың бұл танымын дін призмасындағы серік қосуға балап, қазақтарды кәпірге шығарып жатқандар шын мәнінде — өздігін жоғалтқан ең сормаңдай адамдар деп білемін. Оларға жек көріп емес, керісінше жанымыз ашып қарауымыз керек. Бір күні өздіктерін табар деп үміттенейік. Түсіндірейік барынша. Түптің түбінде ұлттық құндылықтарымыз бен болмысымызды діни радикализм һәм рухани деградациядан арашалап алатын жалғыз жол қалған болса, ол — біздің ата-бабаларымызбен осы байланысымыз. Ал, енді қалған осындағы барлығымыз бабаларды бір шақырып, көңілдерін шат етіп қойсақ, нұр үстіне нұр болары сөзсіз:

«— УА, САН МЫҢ ЖЫЛ БҮКІЛ ЖЕР ЖАҺАНДЫ БИЛЕГЕН, ЕШҚАНДАЙ ЗҰЛЫМ МЕН ҚИЫНҒА БАСЫН ИМЕГЕН МЕНІҢ ӨЛМЕС БАБАЛАРЫМ! ЕСІН ЕНДІ ЖИЫП ЖАТҚАН БҮГІНГІ ҰРПАҚТАРЫҢА ӨЗДЕРІҢДЕЙ ҰЛЫ БҰДЫН ҰЛТ БОЛУ ЖОЛЫНДА МЕДЕТ БЕРГЕЙСІҢДЕР! СӘӘӘӘӘТ!»

Sadyk Sherimbekтің “Juz” кітабынан...