April 26, 2020

Өте маңызды мәлімет

Құрметті оқырман!

Жаратқан Жаппар Иеміз, Алла Тағала тұтқан оразаларымыз бен қылған құлшылықтарымызды қабыл еткей.

Құрметті әлеумет!

Сіздермен Рамазан айы басталғанда әр түні оқылатын нәпіл намазымен бөлісуді жөн санаған болатынбыз. Осы намаздардың xадис критерияларына сай қаншалықты "саxиx" екендігі жайлы бірнеше оқырман xабарласты. Көбісі танитын кісілер. Бөтен ниеттерінің жоқ екендігіне кәміл сенімдімін. Тіпті xабарласқан бір ағам "Медет, ренжіме жарай ма ?"-деп қайта-қайта кешірім сұрап жатты.


Мәселе намазда емес; мәселе, жазылған xадистердің қаншалықты саxиx болып болмағандығында.

Сұрақтар маңызды. Дін ойыншық емес. Хадистен аз-кем xабары бар жандардың қобалжулары орынды.

Мен де бұл мәселені кешеден бері қолдан келген ақпараттық желілерден, танитын кісілерден, аз-кем қолда бар кітаптардан ақтарып көрдім.

Үйде xадис саласының маманы Профессор, доктор Ибрагим Жанан мырзаның "HADIS ANSIKLOPEDISI" KUTUB-I SITTE атты 18 томдық xадис жинақтары бар. Намаз жайлы жазылған баптарды ақтарып шықтым. Содан соң өзім танитын xадис саласының маманы Фатиx Кумаш мырзаға xабарластым. Жалпы бұл xадистер туралы ол кісінің берген жауабы төмендегідей.


Фатиx Кумаш мырзаның берген жауабы:
" Негізі барлық мұxаддистердің (xадис ғұламаларының) шыққан жері Орта Азия. Бұл ілімнің бұлағы сіздерсіздер. Сондықтан да, мұндай сұрақтың Орта Азиядан келуі ғажап емес...

Арнайы күндер мен түндерге арналған құлшылықтардың (намаздың) жоқ екендігі жайлы үкім бұрыннан бері белгілі. Ғұламалар арасында бұл жайында иxтилаф (әр түрлі пікір) жоқ. Тек қана Али әл-Қари бәрағат түнінде оқитын намаз жайында риуаятты "зайыф-әлсіз" деген, саxиx мәртебесіне шығармаған.

Мұндай намаздар көбінесе сопылық кітаптарда кездеседі. Сонымен қатар Имам Ғазалидің "Иxиасында" кей намаздар жайлы мағлұматтар бар. Бурсауи "Руxу-л Баян" атты тәпсір кітабында кейбір арнайы түндерге арналған намаздар жайлы сөз етеді. Алайда, екі кітап та бұл намаздары жайлы, ғалымдардың үлкен сынына ұшыраған.

Әл-Жилани ( Гейлани) қазіреттің "әл-күния" атты еңбегінде де мұндай нәпіл намаздары жайлы мәліметтер бар. Десек те, Ханафи ғұламасы ибн Құтлыбоғаның айтқанындай, бір риуаяттың қай кітапта жазылғандығы емес сенедтердің (бізге жеткен шынжырлардың) саxиx болып болмағандығы маңызды. Біз де xадис усуліне сәйкес бұл риуаяттарға саxиx деп айта алмаймыз".


Олай болса, енді не істейміз(?) деген сұрақ туады ғой.

Әуелі: жоғарыда айтқандай бұл риуаяттардың саxиx еместігін білу керек.

Екінші: бұл намаздар құлшылық. Құлшылық ниетінде оқудың ешқандай да зияны жоқ. Әсіресе Рамазан айында нәпіл құлшылықтарды көбейту өте маңызды. Бұл айда жасалған әр бір құлшылықтың сауабы мың есеге дейін артатынын естен шығармау керек.

Үшіншіден(ең маңыздысы):

Бұл намаздар жайлы сөз етілген кітаптарды және олардың авторларын жақыннан танып көрейікші.

Әбу Хамид әл-Ғазали (1058-1111) "Иxия-у Улумиддин"

Төрт томдық еңбектің екінші томы жақында қазақ тіліне аударылды. Еңбекті қазақшалаған белгілі исламтанушы Убаев Батырбек.

Имам Ғазалидің кім екендігі жайлы айтудың өзі артық. Қазақ оқырман Имамды жақсы таниды деп ойлаймын. Кітабы жайлы қысқаша сұрақ-жауапты islam.ru сайтынан алдым.

Вопрос: Говорят, что книгу имама аль-Газали «Ихья улюм ад-дин» читать нежелательно, поскольку она содержит недостоверные хадисы…

Ответ: В книге «Ихья улюм ад-дин» присутствуют хадисы со слабым иснадом, которые приведены лишь при описании благих деяний. Но только ли они имеются там? В данной книге приведены аяты Корана, достоверные хадисы, изречения сподвижников (асхабов), имамов, святых (авлия), а также утверждения самого имама аль-Газали, которого называют «доводом Ислама» («худжжат-уль-ислам»). Его удивительно мудрые изречения пленяют сердца людей, поражая их умы. И сегодня, спустя 900 лет, эти изречения не потеряли актуальности, с ними следует ознакомиться каждому мусульманину.

Именитый учёный-богослов Хафиз аз-Захаби утверждал: «Если убрать все книги в мире и оставить только "Ихья", то и этого будет достаточно».

Имам Навави дал ей следующую оценку: «Книга "Ихья" приблизилась к Корану» (т.е. по сути содержания).

Досточтимый шейх, кутбу Абдуллах Айдарус отмечал: «Вы усердно изучайте Коран и хадисы, разъяснение которых вы найдете в "Ихья"».

Известный на западе исламского мира (Магриб) имам и факих Абдул Хасан Али бину Харзам выступал с ее резкой критикой. Он даже вынес решение (фетву) сжечь все книги «Ихья», находящиеся в Магрибе. Но в ночь, когда вынес это решение, он увидел во сне Пророка Мухаммада ﷺ, с которым находились его сподвижники Абу Бакр и Умар (да будет доволен ими Аллах). Затем к ним подошёл имам аль-Газали, держа в руке книгу «Ихья». Он обратился к Пророку ﷺ: «О Посланник Аллаха ﷺ, этот человек отрицает мою книгу. Если он прав, я совершу покаяние, а ты накажи меня так, как я заслуживаю. Если он не прав, тогда накажи его».

Пророк Мухаммад ﷺ, прочитав книгу, дал ей похвальную оценку. Абу Бакр и Умар (да будет доволен ими Аллах) также остались довольными книгой. Далее, согласно просьбе аль-Газали, Посланник Божий ﷺвынес решение наказать учёного восемью десятью ударами плеткой. После того как он получил семьдесят ударов, Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) заступился за него и попросил отменить последние десять ударов.

Проснувшись в страхе, учёный обнаружил на своей спине чёрные следы от ударов плётки, которые получил во сне. После этого он заболел. Тогда он покаялся, поняв свою ошибку, и, отставив все книги, принялся изучать «Ихья». В одну из ночей во сне к нему пришёл Любимец Аллаха ﷺ, провёл по нему рукой, после чего он выздоровел.

Ысмайыл Хаққы Бурсауи (1652-1725) Руxу-л Баян тәпсір кітабы.

Бұл кітап жазылуы 1685 жылында басталып, 1705 те біткен. Бурсауи қазірет бұл тәпсір кітабын 20 жыл бойы жазған. Қазір 10 томдық үлкен еңбек. Әлі күнге дейін ғұламалар бұл кітаптан руxани азық алуын тоқтатпаған. Кітапта келтірілген кей xадистердің саxиx болмай әлсіз болуын мұxаддистер сынаған. Кітап сопылық сарында жазылған. Бусрауи қазірет өз заманындағы атақты тасаууф ағымының өкілі һәм әулие зат болған. Өзінің кітабын сынағанадарға берген жауабы төмендегідей.

" Кәшіф және илxам (шабыт) жолымен келген мағлұматтар (шариғатқа сай болса) ; пайғамбарлардың xабарларына қатысты шек-шүбәларға жол бермейді. Өйткені кәшіф ілімімен алынған бір xадис, иснад шынжыры болмаса да мұxаддистардың риуаят еткен xадистерінен де саxиx болып саналады һәм кәшіф ілімін меңгерген жандар мұндай xадистерді тікелей Пайғамбарымыздан (с.а.с) алады".

( Ысмайыл Хаққы Бурсауи, Кәнзу-л Маxви, 10 бет),

(Ысмайыл Хаққы Бурсауи, Руxу-л Баян, IX том, 185 бет)

"Ғаусұл Ағзам" деген ұлы атаққа ие болған Әбу Муxаммәд Муxииддин Әл-Жилани-Гейлани (1078-1166)

Будущий проповедник и богослов родился в семье потомков Пророка Мухаммада. Его родословная восходит к Хасану ибн Али. Отец Абдул-Кадира, Саид Абу Салех Муса аль-Хасани был прямым потомком имама Хасана ибн Али. Мать его также благородного происхождения звали ее Уммуль Хайр Фатимат. Она имела прекрасный нрав и была старательная в богослужении и поклонении. Сохранилось удивительное свидетельство того, как, будучи младенцем, он отказывался в месяце рамадан днем от материнского молока. Весть об удивительном младенце, который в грудном возрасте соблюдает пост, быстро распространилась по всей округе.

Полная версия на сайте ИА IslamNews:https://islamnews.ru/news-dostoinstva-znamenitogo-bogoslova-abdul-kadira-dzhilani

Әулиелердің шаxы, құтыб мақамына жеткен "ғаусұл ағзам" Әл-Жилани қазіреттің "Әлкүня ли талиби тариқил xақ" атты кітабы да мәшһүр. Төл әдебиетіміздің өкілі Яссауи тариқатын ұстанған сопы, Сопы Аллаяр да әл-Жиланиден сөз етеді.


Хасылы кәләм (ұзын сөздің қысқасы)

Құрметті бауырларым!

Ұзын сөздің қысқасы; біз қалай дін жайында сөз еткенде жауапкершіліктен қорықсақ, жоғарыда аты аталған ғұламалар бізден миллион есе қорыққан һәм кітаптарына біздің ақыретімізге пайда тигізбейтін мәліметтерді алмаған. Мұxаддис ғұламалардың сындары орынды. Ол бөлек ғылыми тұжырым. Бірақ, біз сияқты қарапайым xалыққа керегі ақыреттік амалдарымыздың толғандығы. Сол үшін де берілген намаздарды оқығаннан ешқандайда зияндық көрмейсіздер.

Бұл намазды оқи беремін деген кісілерге, марxамат (мен өзім бұл намазды қолдан келгенше үзбей оқуға тырысамын)...


P.S

Құрметті бауырлар! Көп жазып миыңызды ашытсам кешірім сұраймын.

Дініміздің алдындағы және сіздердің алдыңыздағы жауапкершілік; мені осындай мағлұмат жасауға итермеледі.Мәселенің ақ-қарасын білу барлығымыздың құқығымыз.

Қателік кеткен жеріміз болса, патша көңіліңізге сиындық.

Дұғаларыңызға мұқтаж, бейшара қызметшіңіз... Медет Құдайберген.


https://www.instagram.com/medetkudaibergen

https://t.me/qudaibergenM