January 11, 2024

Тендерден ақша табудын 5 қадамы 

01 ЭЦҚ кілттерін алыңыз

Әрбір дерлік азаматта ЭЦҚ бар. Жоқ болса, сізге ЦОН орталығына хабарласып оны eGov веб-сайтында онлайн алу қажет. Немесе Ютуб желісінен қалай алу керек екенін көрсеніз болады.

02 ИП немеме ТОО ашу

Жеке тәжірибемнен айта аламын, жеке кәсіпкерлік (ИП) ашу оңай, бірақ әркім өзі шешеді. Ашу үшін elicense.kz сайтында тіркеліп, «Жеке кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы хабарлама» қызметін алу қажет. Әрі қарай сайт өзі көмектеседі.

03 Банктен счет ашу

Ол үшін банкке хабарласып немесе заңды тұлға ретінде тіркелу қажет (мысалы: KaspiPay, Halyk Business).

04 Тендер ойнататын сайттарға тіркелу

Тендерлік сайттар – ГосЗакуп, Самұрық-Қазына және т.б. Тіркелу үшін сізде ЭСҚ кілттері, телефон нөмірі және электрондық поштасы болуы керек.

05 Қорытынды кезең

A. Тендерлерді іздеу, өзіңізге ыңғайлы фильтр орнату (сумма, атауы, жеткізу орны және т.б.).

B. Тендерлік құжаттамамен танысыңыз, тендердің пайдасын есептеңіз (қатысудың табыстылығын анықтаңыз).

B. Жеткізушілерге/сатушыларға хабарласыңыз, тауардың бағасын салыстыру үшін интернет желісінен іздеңіз (егер тауарға тендер болса).

D. Қажет болса, алдыңғы жеңімпаздардың бағаларын салыстыру үшін ұқсас *аяқталған* тендерлерді іздеңіз.

Д. Осылай заявка беремәіз «Доступные действия» -> «создать заявку».

Егер сізді «Тендер» тақырыбы қызықтырса, менің инстаграмыма жазылыңыз, онда көптеген пайдалы ақпарат болады.

Жане осы айтылған барлық ақпаратты видео форматы арқылы салатын боламын.