Мирболат мырзатай
ТҮРКИЯ ЕЛІН ЖҰБАТУ. Ұлтыммен туыс, бір тегі, Айбарым еді Түрік елі. Қапыда төніп зобалаң, Қара бұлт көгін бүркеді. Қағылып дабыл тұн жара, Қара аспан төнді мұң жаба. Ғаламның алған үрейін, Орнады жойқын зілзала. Аспаннан соқпай жел боран, Күйзелді әлем, ел қоғам. Еңіреп тұрып жас төкті, Елі үшін туған Ердоған. Ер екен нағыз бас тұлға, Басылып темір, тас, құмға. Қаншама тағдыр болды опат, Көмбенің қалып астында. Қалғанмен шыбын жаны аман, Кемтар боп қалды сан адам. Талайлар қалды үй-күйсіз, Айрылып тұрақ панадан. Ұйқыға түнде матап ап, Алдаған тағдыр қатал-ақ. Үйінділердің астынан, Табылды туған шақалақ. Қанша жан қалған тасада, Келер жоқ қолдан не шара. Бесікте қорғап сәбиін, Жаншылып өлген жас ана. Көк түтін көгін тұмшалап, Басына туды сын сағат. Өлгеннің саны тапталып, Қосылып жатыр күн санап. Алланың қонып шілтені, Ежелден болған дін төрі. Жер ана неге кәрленді, Кетті ме қаптап жын, пері. Көнеден кетпей тым алшақ, Бабалар сөзін ұға алсақ. Аспаннан Ғайса лаң сап, Расыменен туды ма? Жерден Мәді шығар сәт. Тіреліп жолға тар, тұйық, Болжаусыз тартқан зар, күйік. Бауырлас Түрік халқына, Бер Алла өзің тауфих. Дәулетхан Әбілхайырұлы.