October 6, 2019

Внушаемый мозг

Эрик Ванс.

Сіздің жұлдызнамаға, кейбір медициналық ем әдістеріне немесе тіпті сиқырлы сөздерге сенетін достарыңыз барма? Ондай адамдарға ғылыми дәлел мен ғалымдардың сөздері де көмектесе алмайды. Бізде кейде санадан тыс өзімізді бір нәрсеге сендіргіміз келеді. Мидың қалауы да сол, бір нәрсеге сеніп нәтиже күту. Бұл кітаптың авторы Эрик Ванс мидың бір нәрсеге илануын, сенуін зерттеген. Кітаптқа қысқаша көз жүгіртіп өтейік.

Адамның миы бір нәрсені күткенді қалайды. Ал шынайы өмірде болып жатқан жағдай мидың күткенінен басқаша болса, онда ми барынша өзінікін дұрыс қылуға тырысады.

Егер сіз өзіңіз күткен нәрселер шын мәнінде болып жатыр деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Шынайылық ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі шынайылық сыртқы жағдайларға байланысты құралады. Бұл кейде бізге өзіндік пайдасы мен зиянын тигізеді, біздің ара-қатынасымызға, денсаулығымызға т.б.

Науқастың жәй дәрігерге қаралып отқанында, «кішкене дұрысталып қалдым» деп айтуы мүмкін. өйткені оның ойынша «дәрігер көмектеспесе енді кім көмектеседі». Адам миының бір нәтиже күтуіне әсер ететін эффекттер бар. Оның бірі Плацебо эффектісі.

Эффект Плацебо – кейбірімізге таныс. Мысалмен түсіндіргенде, егер басы ауырып тұрған адамға соңғы шыққан, ең жылдам әсер ететін эффективті таблетканы бір дәрігер ұсынып, оны ішсе, кейін науқастың айтуынша «шыныменде басым тез қойды» деуі мүмкін. Бұл дегеніміз өз-өзімізде соған сендіріп, мидың шыныменде солай болуын қалауынан болады. Бірақ бұл эффект қалай жұмыс жасайтыны туралы әлі толық зерттелмеген.

Келесі эффект Ноцебо. Бүл Плацебо эффектісінің керісіншесі. Сізге абайсызда бір қате сөз айтып жіберіп немесе «жаңағы ішкенің у» дегендегі, организіміңіздің соған байланысты ауырсынуы. Қысқаша айтқанда өзіңізді аурумын деп ойласаңыз, шыныменде жайсыз сезіне бастауыңыз мүмкін.

Біздің күтуіміз біздің тәуелділіктерімізбен тығыз байланысты. Ауырсынуды жеңілдететін дәрілерден қанша зиян екенін біле тұра құтылу қиын. Луан Коллоктың тәжірбиесінде науқастарды бірте-бірте таблеткаларды өтірік бос дәрілерге алмастырумен, екі жетістікке жеткен. Плацебо эффектісінің арқасында ауру жеңілдеп, оның үстіне зиян дәрілерден арылдырған.