October 6, 2019

Похвалите меня

Джеймс Крейг. Рапсон Инглиш

Кез-келген адам, мақтау сөз естігенде жақсы күйде болатыны сөзсіз. Бірақ барлық уақытта жұрт қалауын орындап, "жақсы адам" болуға тырысудың салдары басқа.

Бәрінің көзінше жақсы адам болуға тырусыдың зияны. Созылмалы сыпайылықтың (хроническая любезность) себебі. "Жақсы адам" синдромын жеңіп, эмоционалды денсаулықты қайтару және тағы басқа пайдалы инсайттарды Джеймс Рапсонның "Похвалите меня" кітабынан біле алсыздар.

Кітаптан алынған қысқаша инсайттарға көз жүгіртіп өтіңіз.

"Жақсы адамдар" тыныштық күйде жүргенді қалайды. Сондықтан олар кез-келген алаңдататын нәрсе келсе, іштей жабылып қалады. "Жақсы адамдардың" проблемасы жас кезінен бастау алған, ата-анасымен дұрыс әрі сенімді байланыс орнатудың орнына, олар тәуелді байланысты болған. Сәйкесінше екеуініңде қалауларын орындау үшін, олардың көзінше жақсы бала болып көріну үшін, өз қалауларын ысырып тастаған. Толық емес отбасыда өмір сүрген балаларда, аналық махаббатты қалайды. Есейген кезде де, іштей тәуелділікті сезініп, басқалардың назарын аударуға тырысады.

Өз сезімдеріңді ұғын. Өз ойларыңа, сезімдеріңе, физикалық сезіміңе назар аудар. Алаңдау кезінде қандай іс-әрекеттер жасайтыныңа мән бер. Мүмкін шынайы өмірден тығылатын шығарсың. Мүмкін "идеальный" өмір ойдан шығарып, аяғына шейін соған жабысып алатын боларсыз. Немесе алгокольге, шопингке немесе теледидарға қашатын шығарсың. Қандай да бір іштей нашар сезім туса, басқа іс әрекеттер арқылы дым болмаған секілді жүре беруге тырысамыз. Оның орнына, бойыңызды қандай эмоция алып бара жатқанына үңіліп, шыдамдылық танытыңыз. Өз-өзіңізге шыдамды болыңыз. Эмоция кетеді, содан соң өзіңізді жақсы сезінетін боласыз.

Жалғыз қалу. Қазір шыныменде жалғыз қалу мүмкін емес. Бірақ біз өз сезімдерімізбен жұмыс жасауымыз үшін керекті. Мүмікн сіз, өзіңіз туралы қарапайым нәрселерді білмейтін шығарсыз.

Дәл өзіңізге ұнайтын нәрселерге үңіліп көріңіз. Ішкі дауысты тыңдаңыз. Сіздің гардеробыңыз өзіңізге ұнайдыма? Ал бөлмеңіз ше?

Сіз жалғыз қалғанда, сізді алаңдатып жүрген нәрселер кетпейді. Олар әлі сізбен бірге екенін түсіненсіз. Ал бұған дейін, оған кінәні басқалардан іздедіңіз

. Адам жалғыз қалғанда ойлар, күресу керек сезімдер барлығы анық бола түседі. Сәйкесінше енді дұрыс жұмыс жасауға болады.

Достық қарым-қатынас. Романтикалық емес жәй ғана достық қатынас құру, трансформация, яғни "жақсы адам" синдромынан арылу кезінде өте пайдалы. Әйелдер жәй ләззат алу үшін, достарымен кездесіп, бас қосса, ал еркектерге көбінесе жиналуға бір себеп керек.

Шындығында, мұндай достық қатынас құру оңай емес. Кез-келген адам сатқындықтан немесе бәсекелестіктен қорқады. Сондықтан толықтай ашыла алмайды. Басқа адамға назар салып, жақсы тыңдарман бола білу, сіздің ішкі сезімдеріңізбен жұмыс жасауға көмектеседі.

Бірақ ешқандай адам жүректегі жалғыздықты толтыра алмайды

"Жақсы адамдар" мінсіз қарым-қатынас іздейді. Оның жұбы өзінің қалауларын толықтай өтегенін қалайды, бірақ парадокс болсада шындық, олар бір сәтте ондай махаббаттың яғы қайғыға әкеліп соғатынына сенеді.

Олар жақындастықты қатты қалайды, бірақ жұбы тастап кетеді деп ойлап, өздері толық ашылмайды. Бұл иллюзия. Мінсіз қарым-қатынас иллюзиясы. Шын мәнінде екі жұп бір-бірне жақсы серіктес болғуа тырысу керек.

Әркімнің жеке кеңістігі бар. Және серіктестіңде кеңістігін сыйлап, өзіңіздікінде қорғаңыз. Бұған адалдық пен ашықтық көмектеседі.

Қорыта келе "Жақсы адам" болуға тырысатындардың ішінде бір, өздері басқара алмайтын эмоциясы бар. Сол сезіммен жұмыс жасаудың орнына, ештеңе болмағандай басқалардың көңілінен шығуға тырысады. Осы арқылы проблеманың бетін жауып қойып кейінге қалдырады. Ал бұл әдетке айналады. Осы кітапта берілген кеңестер арқылы, эмоциялық денсаулықты қайтарып, ашық таза сезімдермен өмір сүріңіз. Адал ашық достық қарым-қатынас құрыңыз. Жақсы көңіл-күйде жүруге тырысыңыз. Өзіңізге уақыт бөліңіз. Өзіңіздің кемшіліктеріңізді мойындап, зиянды мінсіз фантазиялардан арылыңыз. Өзгерістерді "жақсы" қарсы алыңыз.