Заставь его замолчать

Дэнни Грегори

Әркімнің ішінде сөйлей беретін “собеседник” бар. Ол ешқашан тоқтамайды, ол өзін көп білемін деп ойлайды. Жәй айтып қойса мейлі, ол “критиковать” етуге мастер. Ненің дұрыс ненің бұрыс екенін, ненің жақсы ненің жаман екенін айтуға құмар. Әрқашан бізбен бірге болғандықан, біраз келеңсіз жағдайлар тудырады. Бұл кітаптың авторы Дэнни Грегори, сол дауыспен жақсы қарым-қатынасқа түсіп, өзіміз қалайтын тыныш өмір сүрудің жолдарын айтып көрмекші. Міне, автордың ішкі дауыс туралы байқаулары.

1-ші байқау. Ішкі дауыстың мәні.

Бұл дауыс күнде бізбен бірге. Ол дауыс тек психопаттарда болмайды. Негізінде оның еш жаман жері жоқ, тек адамзаттың психикасының солай құралуына байланысты, бізде бар. Проблема мынада, ол дауыс бізді әр-кезде артқа тартады. Маңызды бір жиынға барайын деп отырсаң, ішіңнен “Сен әлсізсің, әзір керек емес, ондай қабілетің жоқ” деген сылатулар айтады. Ол дауыс қатты болған сайын, адам алаңдай бастайды, қолдары дірілдеп, алақаны терлейді. Тіпті сатқын асқазаныңда ыңғайсыз дауыстар шығарып жіберуі мүмкін. Ол қорқақ, тыныш жерде отырғысы келеді. Бүкіл атақты адамдар сол дауысты жеңе білген, яғни оны жеңуге болады. Автордың бірінші айтары, ол даусқа бөлек кейіп беру керек. Оны бір жануар деп елестетіңіз. Не айтып жатыр? Қалай айтып жатыр? Не туралы? Қандай тонмен және темппен?

2-ші байқау. Ішкі дауыс маймыл кейпінде.

Негізі кез-келген жануарға ұқсатуға болады. Бірақ, тоқтамайтын, айтқанынан қайтпайтын және барлығына күмән арта беретін болса, «скорее всего» бұл маймыл. Ішкі дауыс көп кейіпке енеді. Сәл басың ауырса «Болды өлесің» деп дәрігер болып кетуі мүмкін. «Сәл тағы жата тұр» деп жалқаубек болуы мүмкін. Ең бастысы беріліп кетпеу керек. Оның айтқанын тыңдай берсең, түксіз қаласың. Есесіне ішкі дауысың мәз болар.

3-ші байқау. Дауыс «идеальный» болуды қалайды.

Мінсіз болу мүмкін емес. Бірақ дауыс әр-қашан мін тауып тұрады. Қаншалықты жақсы істесең, соншалықты тырнақтың астынан кір іздейді. Я, өзіңіздің ойыңыз бойынша «жақсы» деген дәреже бар. Бірақ барлық кезде қателік іздеудің қажеті жоқ. Ойланып толғанып, ауыр ережелер тауып, барлық шешімді дұрыс қабылдау үшін тым «серьезный» анализ жасаудың қажеті жоқ. Біліп алыңыз, сіз – онсызда ақылды, криеативті және сенімді адамсыз. Қателіктер болады әрине, бірақ анау айтқандай үлкен емес.

4-ші байқау. Қорқып өмір сүру.

Адам миы ежелден қорғану деген жүйемен ойланады. Кезінде әрине пайдалы қабілет болған, жыртқыш аңдардан қашу немесе сұрапыл ауа райы. Қазір ондай қауіп қатерлер аз, бірақ мидың бұл іс-әрекеті қалып қойған. Не бастасыңызда «қалай болады, не болады, болмай қалса ше, адамдар не дейді, (лучше) істемей-ақ қояиық» дейді ішіңіздегі даус. Немен айналыссаңызда, сөгетін адамдар болады. Әдетте, дара адамдар – қандай критика болмасын, келесі жұмыстары мен туындылары жарық көрген (жауап ретінде). Сондықтан ішіңіздегі дауыс сабақ беретін критик дос деп қабылдауға болады. Бірақ бір есте сақтайтын жайт, критика – толықтай шындық емес.

5-ші байқау. Басқаның ойы бізді қызықтырмауы керек

Іштегі дауыстың келесі, қатері: айналаңдағылар не ойлайды. Құдай сақтасын, бір бөлмеге кіріп келгенде – саған ешкім сын айтпайды. Ешкімге қызық емес сенің қалай киінетінің, қандай адам екенің. Жай, жаңа адам көргенде сын көзбен қарағандай болып көрінеміз. Ал егер сізді сынға түсірсе, бұл сіз бір «сәтсіз» адам екен деген сөз емес. Тек, тағы бір дамитын күн деп ойлаңыз. Айналаңдағылардың көңілінен шығуға тырысу, сәтсісздікпен бақытсыздыққа апаратын төте жол. Шынайы бол.

Соңғысы

Ішкі дауыстың шынайы өмірге деген қатынасы болмашы ғана. Өміріңді өзгертуге бет бұрғанда, олда қатты іске көшеді. Бірақ сол жасалған қадамдар сізге күш беретін болады. «Сенде талант жоқ» деп айқайлауы мүмкін ішкі дауысың, бірақ жеңіске жеткендердің бірінші сөзі "жетістіктің талантқа еш қатысы жоқ". Бәрін анықтайтын еңбек. Бірақ қаншалықты талантты және еңбекқор болсаңызда, жеңілістер болады.


Кері тартатын ішкі дауыстың ауызын жабатын нәрсе, ойлағаныңызды бірден істеу (әсіресе қорқып журген). Жаңа бір нәрсе істеу, жаңа нейро клеткалардың пайда болуына әкеп соғады. Ол клеткалар сіздің қабілетіңізді жоғарлатады. Сондықтан, бір нәрсені дәл қазір жасаңыз, ішкі дауысыңыздың аяқтан шалуын күтпеңіз. Түсінгеніңіздей, ішкі дауысты пайдаға жаратуға болады екен.