August 6, 2019

Прокачай себя!

Кристин Лоберг. Джон Норкросс. Джонатан Норкросс.

Әбір адамның өмір сүруге кедергі келтіретін әдеттері бар. Ішімдік, темекі, артық тамақтану – жалғастыра берсек таусылмайды. Жаман әдеттер қоршаған орта мен дұрыс гармониялық қарым-қатынас құруға кедергі жасайды. «прокачай себя» атты өзгеріс курсы, дәл осындай жағдайларға арналған курс. Бұл курста құрғақ мотивациялық сөздер емес, барынша нәтиже әкелетін әдіс-тәсілдер. Және кітапта бұл курс 90 кунге созылатындығы жазылған. Бұл кітапта адамның өзгерісіне байланысты 5 мифке қарсы шығады. Олар:

Бірінші миф. Адамдар әлсіз, сондықтан бірден бірнеше әдеттерден құтыла алмайды. Практикаға сүйенсек, көбісі бас тарта алатындығын көрсетті.

Екінші миф. Адамдар өз бетінше өзгере алмайды. Ал іс бойынша 75% адамдар өз беттерінше, ешқандай сырттай көмексіз өзгере алды.

Үшінші миф. Тұқым қуалаушылықтың кінәсі. Бұл тек адамның кейбір істерге деген икемін келтіреді. Бірақ адамның әдеттерін басқара алмайды.

Төртінші миф. Өзгеру үшін ерік күші керек. Ерік күші керек әрине, бірақ одан барлық нәрсе тәуелді емес.

Бесінші миф. «Мен тырысып көрдім, бірақ қолымнан келмеді». Таныс фраза ма? Бірақ іс жүзінде адамдар басқаша жүреді. Дұрыс істемеді. Көбісі қалай дұрыс екендігін білмей жатып тез беріле салады.


Өзгеріс катализаторлары.

Өмір сүру салтыңызды өзгертемін деп шешсеңіз, бірнеше жаман әдеттерден арылу дұрыс қадам. Мысалы жейтін тағамдарыңызды тағы бір тексеру. Рационыңызды өзгерту. Ал бұл физикалық жаттығуларды бастауға әкеліп соғады.

Өзегерудің катализаторы – бұл өзегрістерді тездедетін және басқаратын дүрыс стратегяилар жиынтығы. Осының арқасында сіз бір стратегиядан екіншіге көшіп, ортаңызды өзгертіп жеңістер үшін өзіңізді марапаттайсыз. Міне алғышқы бес қадам.

Бірінші қадам. Мақсат қою.

Алдыңызға мақсат қойып өзгеріссіз мүмкін емес екендігін түсінңіз. Мақсат барынша анық болуы керек. Бірақ шынайы болуы тиіс. Прогрессті тексеріп тұру үшін күнделік арнаңыз, кесте құрыңыз. Өз проблемаңызға барынша кіріп – мәнін түсініңіз. Қайдан пайда болды, неге әсер етіп жатыр және жеңудің жолдары.

Екінші қадам. Нық әрекеттерге дайын болу.

Өзгерістер көп адамдар үшін сәтсіз аяқталады. Өйткені жаман әдттерге итермелейтін факторлар тым көп. Сіздіңде жаман әдеттерге не үшін тартып тұратынын іздеп көріңіз. Достарыңызбен туыстарыңыздан көмек сұраңыз.

Енді сізде жоспар бар. Оны қағаз бетіне шығарып іліп қойыңыз. Көп адамдардың сәтсіздігі жоспарды дұрыс құрмау, майда детальдарға мән бермеуден болады. Белгілі бір уақыттан кейін мотивацияңыз төменге түсіп кетуі мүмкін. Бірақ алғашқы нәтижелерге дейін шыдасаңыз болғаны. Мотивацияңыз көтеріліп кетеді.

Үшінші қадам. Әрекет етіңіз.

Бұл күн келді. Енді сіз әрекетті бастайсыз. Бұл этапта сіздің катализаторыңыз силықтар болуы мүмкін. Мысалы бүгін темекі шекпегеніңіз үшін кинога бір билет алсаңыз болады. Әрине барлығы бірден бола бермейді. Қасыңыздағы адамдар сіздің өзгергеніңізді қаламауы мүмкін. Ондай адамдардан қашыңыз. Қазір сізге керісінше тіреу керек.

Төртінші қадам. Берілмеу.

Сіздің тәжірбиеңізде жоспар бойыншағы жолдан үзілістер болған шығар. Әсіресе тәуелділік тудыратын нәрселерден болады. Темекіні тастауға бел бұрасызда, біраз салауатты өмір салтын ұстанып жүргеннен кейін қайтадан баяғы қалпыңызға аспаннан түскендей бірақ түсесіз. Сосын өзіңізді қатты кінәлі сезінесіз. Мұндай жағдайлардың алдын алу керек. Бірақ егерде болса, онда одан саман қатты иілудің қажеті жоқ. Қателеспейтін адам болмайтынын түсініңізде, бұдан әрі олай істеймейтін деп өзіңізге сөз беріп, жолыңызды жалғастырыңыз. Бірақ өзіңізге берілген уәде ауыр тиетінін ұмытпаңыз.

Бесінші қадам. Табысты нықтаймыз.

Бұл сатыда ауыр проблемалармен айналысудың қажеті жоқ. Керісінше ендігі күнге дайындалып жаңа күш жинау керек. Деструктивті әдеттерден құтылыңыз, олардың орнына жақсы әдеттермен алмастырыңыз. Адамдар екіге бөлінеді. Баяғы қалпына түсіп кетуі мүмкін екендігін ойлайтындар, және өзінің әлсіз тұстарымен мәңгі айырылдым деп ойлайтындар. Екінші типтегі адамдардың қатарында болыңыз. Өмір сүру салтыңызды бұрынғы жаман әдеттерге орын қалдырмайтындай етіп құрыңыз.

Техника туралы.

Бұл техника кімдерге арналған? Негізінде барлығына. Өзінің теріс мінезінен құтылғысы келетіндерге арналған. Көмек іздеуден қашпаңыздар – достарыңыздан, туыстарыңыздан тіпті психотерапевттерден. Бірінші-екінші қадамдарда бір-екі апта қажет болады. Үшінші-төртінші қадамдарда бірнеше ай. Ал соңғысына 75 күн. Авторлардың ойынша бұл техника тұлғаның өзіне ғана емес, қоғамдық бастамаларында да көмектеседі.

Оқығаныңыз үшін рахмет!

Досыңызға жіберіңіз!