Әлем 2050 жылы
Андрей Черемных
Бұл кітап футурологтардың болжауларының кезекті жинағы ғана емес. «Әлем 2050 жылы» беделді экономистер, саясаткерлер және әлеуметтанушылар байыпты қарастыратын болашақтың нұсқаларын көрсеткендіктен ғана сіздің назарыңызға лайық. Келешекке бір сәтке көз жүгіртейік.
Демография
Бүгінгі өзгерістер өте үлкен қарқынмен жүреді және олардың ұзақтығы ондаған жылдармен өлшенеді, бірақ бұлай әрдайым бола бермеген. Адамзат саны бірінші миллиардты XIX ғасырда бағындырған, оған 250 мың жыл қажет болған. Ал 2011 жылға қарай адамзат саны 7 миллиардқа жетті. Халық саны тоқтаусыз өте қарқынды өсуде. 2050 жылға қарай жер бетіндегі халық саны тоғыз миллиардқа жетеді, олардың жартысы Африкаға кетеді, бұл дегеніміз Еуропадағыдан үш есе көп. Тек Нигерия халқы 2050 жылға қарай 390 миллионға жетеді, ал 50 жылдан кейін Нигерия әлемдегі үшінші ірі мемлекетке айналады.
Урбанизация процесі баяғыда басталған болатын, бірақ 2050 жылға қарай 10 миллион халқы бар қалалардың саны 30-ға жететін болады. Әлем халқының жартысынан көбі қалаларда тұрады. Кейбір өңірлер өркендей бастайды, көбінесе қазіргі кезде туудың жоғары деңгейі байқалған қараларда, ал басқа аймақтарда туу коэффициенті тұрақты түрде төмендейді. Қазіргі кездегі туудың жоғары деңгейі бар аймақтар «демографиялық дивидендтер» болып саналады, өйкені болашақта экономиканың дамуына ықпал етеді. Кейбір елдерде халық тез қартаяды және бұл экономикалық өсуді бәсеңдетеді. Африкада әлі де жасөспірімдердің мөлшері жоғары, және болашақта тек өсе береді. Арзан жұмыс күші нарығы қалыптасуда, егер барлығына жұмыс орындары жеткіліксіз болса, ондай штаттардағы саяси режимдер қатты күйзеліске ұшырайды. Дамушы елдердегі әйелдердің жағдайы толығымен олардың білім алу мүмкіндіктеріне байланысты болады. Дамыған елдерде әйелдер маңызды қызметтер атқаратын болады.
Жұқпалы, генетикалық аурулар, сондай-ақ қартаю 2050 жылы да адамдар үшін қауіпті болып қала бермек. Бірақ жаңа препараттар пайда болады. Бұрын 20 ғасырда кенеттен пайда болған СПИД-ке ұқсас белгісіз аурулар пайда болуы мүмкін. Адамдар жасанды мүшелермен қоса, ағзаларды трансплантациялайды. Бұл операция қарапайым санатқа енеді. Ал әл-ауқаттың артуы семіздіктің таралуына әкеледі.
Экономика
Қазіргі дамушы елдер 2050 жылға қарай жоғары дамушылардың қатарына енеді. 2050 жылға қарай Goldman Sachs Қытайдың ЖІӨ 70 трлн долларға жетеді және АҚШ ЖІӨ-нен асады деп болжайды. Әлемдегі жұмыс істейтін халықтың 70%-ы қазіргі дамушы елдерде тұрады және олардың саны 3,9-дан 5,3 млрд-қа дейін артады.
Қазіргі дамушы елдер дамыған категорияға ауысатынына және инновациялар олардың экономикаларында маңызды рөл атқаратындығына қарамастан, мұндай елдер бұрынғыдай бір артықшылықтан айырылады- арзан жұмыс күшін жоғалтады.
Ұлттық экономиканы дамыту сценарийі барлық жағдайларда шамамен бірдей: кедей елдер ауылшаруашылығынан тыс өмір сүреді, өнеркәсіптері бай елдер, ал ең бай елдер қызметтерге сүйенеді. Дамыған экономикалар бір-біріне өте ұқсас, сондықтан олардың арасында қарқынды сауданың қажеті жоқ. Экономикалық дамудың орташа деңгейі одан сайын жақсарады, ал бай және кедей елдер арасындағы алшақтық азаяды.
Бірақ экономиканың дамуы бір көрінгендей қиындықтарсыз болмайды. 2050 жылға қарай ең болмағанда бір ірі экономикалық дағдарыс басталады. Оның қашан болатыны және оған қандай адамдар әсер ететіні белгісіз. Бұл дағдарыстың қалыптасу механизмі бұрынғы дағдарыстардың пайда болу тетіктеріне ұқсас болуы мүмкін. Бұл механизм келесідей: «Адамдар ақшаны мүлікке салады және осы бойынша несие алады. Адамдар әлі күнге дейін елдегі экономикалық өсім мен олардың жеке басының әл-ауқатының тиісті деңгейде болатындығына сенімді, сондықтан несиеге көп мөлшерде кірісуді жалғастырады және несиеге алынған мүліктің құны артады деп үміттенеді. Бірақ олай емес. Ауа мен үрілген көпіршік жарылып, адамдар жинақталған мүліктен тез арада құтылуға тырысады да, дағдарыстан қашып құтылу мүмкін емес болады».
2050 жылға қарай үлкен қорғаныс кешендерін салудың қажеті болмайды, ал ядролық қарулар ХХ ғасырдың екінші жартысындағыдай әскери күштердің өлшемі болмайды. Болашақта қарулар арзандайды, интернетте әскери операциялар жасалады. Қытай, ең болмағанда, ең мықты аймақтық державаға айналады, ал АҚШ өзінің жаһандық көшбасшылығына күмәндана бастайды.
Прогресс туралы
2050 жылы көптеген маңызды жаңалықтар биологиямен байланысты болады. Адамдар геномның мүмкіндіктерін зерттеуді жалғастыруда. Болашақта ауруларға жеке бейімділіктер анықталады.
Ғарышты игеру жалғасады және бүгінгіден гөрі практикалық саласы дамиды. Жер орбитасында көбірек спутниктер, зертханалар мен зондтар пайда болады. Ұшқыштарды жасанды интеллектпен алмастырады.
2020 жылға қарай сақталатын және өңделетін ақпараттың мөлшері 2012 жылмен салыстырғанда 50 есе көп. Экономика мен қоғамдағы көптеген жаңалықтар мен жетістіктер мобильді құрылғыларды қолданумен байланысты болады.
Болашақ адамдар неғұрлым тұрақты экономикаға қызығушылық танытатын болады. Биотехнология өнімдері мен энергия, негізінен, арзан болады. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың шығысы төмендейді.
Болашақтың адамы шынымен де коммуникациялық технологияларға берік болады. Шығармашылық қуат краудсорсингке енеді. Байланыс технологиялары қазіргіден арзанырақ және әлдеқайда жеңіл болады. Барлық дерлік құрылғылар желіге қол жеткізе алады. «Желілік мемлекет тұжырымдамасы» жасалады, адамның жеке өмірі бұдан былай жеке болмайды - мемлекет пен бизнес адам туралы мәліметтерді белсенді жинайды. Бірақ кері процессте күтілуде – адамдар өзі туралы ақпараттарға сақ болады.
Желілік технологияларды дамыту арқасында мәдениет ұлттық кедергілерді жеңеді. Қытай тілі болашақ әлемде үлкен салмаққа ие болады, бірақ ол ешқашан толықтай ағылшын тілінен бас тартпайды.
Болашақ қоғамындағы діннің рөлі толығымен айқын емес. Бір жағынан, бүгінгі таңда қоғамдағы атеистердің үлесі тарихи шекті деңгейге жетті, бірақ сонымен бірге, діни көзқарасы басым мемлекеттерде халықтың өсуі байқалады. Жалпы, болашақ әлемі бүгінгіден гөрі діни болады.
Өзгерістер саяси салаға әсер етеді. Демократияға әлеуметтік идеал ретінде қатынас қайта қаралады, оның мүмкіндіктерін теріс пайдалану жағдайлары болады. Кейбір қазіргі демократиялық режимдер авторитарлы бола бастайды, ал қазіргі авторитарлық режимдер ашық болады. Мемлекеттік бюджетке түсетін салмақ айтарлықтай артады, өйткені мемлекет халықтың көптеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жауапкершілікті өзіне алды, бірақ демографиялық тенденциялар ескерілмеді. Мемлекет азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін одан әрі орындай алмайтын болады. Салықтар өсуі мүмкін, экономикалық өсу баяулайды. Қоғамдағы тұрақсыздық артады. Мемлекеттік органдар жеке ұйымдармен (мемлекеттік-жеке меншік әріптестік) тығыз ынтымақтастық орнататын болады.
Енді климат туралы. 2050 жылға қарай климат біркелкі өзгереді, бірақ қаншалықты болатыны белгісіз. Қытай экономикасы мен халқы қарқынды дамып келеді, ал Қытай бүгінде көптеген елдерге қарағанда қоршаған ортаға қатты әсер етеді. Болашақта Қытай, пайда болатын климаттық проблемалардың негізгі бөлігін - әлемдік мұхит деңгейінің жоғарылауы, шөлейттену немесе жаһандық жылыну проблемаларын шешуге мәжбүр болады.