Умри, но сделай.
Тодд Генри.
Бұл кітаптың авторы 16 жасында, бір күні түнде өз аяғын сезбей қалады. Қолмен сүйретіліп ата-анасының алдына барып есінен танады. Бұдан соң ауруханада оянып, әке-шешесінің жылап жатқан хәлін көреді. Денесінен табылған қатерлі ісік, ми нервтарының дененің төменгі бөлігін қимылға қосатын жерін басып қалған. Сөйтіп 2-ай төсек тартып, шыққаннан кейін біз секілді қарапайым жүруду қайта үйрену керек болған. Аураханада жатқанда, сол жылдары Mike & The Mechanics тобының «Өмір жылдары» атты әні радиода қайталана беретін айтады. Бірақ ол әнді қайта-қайта тыңдай беруден жалықпаған, оған себеп өлең жолдары. Мысалы: «мойындаудың еш пайдасы жоқ, егер өміріміздің аяғында бір-бірімізде түсінбей кетсек» -деген сөзер Генриді қатты ойландырған. Осылайша ауруханадан шыққанда, мынадай қатал шешім қабылдайды: өміріндегі әр-бір ісі тек мағыналы болады, ешбір минуты босқа кетпейді. Небәрі 16 жастағы бала, өмірдегі ең маңызды ережелердің бірін бойына сіңіреді. Бұл дегеніміз – ешқанадай мүмкіндікті жіберіп алмау. Туыстары қоштасуға дайын болғанда, тірі қалған Тодд Генридің «Өлсеңде, істе» атты кітабына қысқаша шолу жасайық.
Ажалдан ешкім құтыла алмайды.
Атақты милиардер Стив Джобс «бүгін менің соңғы күнім болса не істер едім» деп айнаға қарап өзіне осы сұрақты күнде қойған. Бұл сұрақ тек маңызды іс-әрекеттерді жасауға итермелейді, бұдан кейін смартфон шұқылап жатқанның өзң ыңғайсыз. Көпшілігіміз бүгін жасаған істеріміз біреуге немесе қоршаған ортамызға пайда әкеледіме деген оймен жүреміз. Өтйкені күндердің бір күні біздің уақытымыз келгенде, бүгін артымызда қалдырған нәрселерді әлем есінде сақтайды ма? Сондықтан, алдымызға келген мүмкіндіктердің ешқайсысын жіберіп алмауымыз керек. Ойлаған істерімізбен жоспарларымыз жүзеге асыру керек, өйтпегенде өлерде бізбен болатын тек өкініш қана.
Делдалдық өмір.
Делдалдық өмір деп аталатын өмір салтын таңдау оп-оңай. Өйткені мұндай күйде өмір сүретіндер, өз өмірінің алдында жауапкершілікті мойынынан алып тастайды да, басқа ға іліп қояды. Сәйкесінше басқа адам онымен өз білгенін істейді. Бұл қадамға әрине адамдар саналы түрде бармайды, тек басында оригиналды идеялар келіп жұмыс дәрежесін бірнеше есе жақсартуға болатын әдістер айтады. Бірақ та қалыпқа еніп қалған жұмыс кестесін ешкім бұзғысы келмей, айналасындағылар өзгерістерге қарсы шыға бастайды. Оның үстіне кез-келген өзгеріске күш-жігер мен уақыт керек, ал бұл әрине көпшілігімізде жоқ. Осылайша біздің тәуелсіз тұлға болып қалыптасуымзға кері әсерін тигізеді.
Делдалдық өмірдің 7 күнәсі.
Бірінші күнә: іштің пысуы. Адам іші пысқандай творчестволық энергиясын құртып дамуға деген құштарлығынан айырылады. Көбінесі профессионалдардың ауруы, олар бәрін үйреніп, жетер жеріне жетіп ары қарай дамымай қалғаннан болады. Бұл жағдайда ең жақсы дәрі – фантазия. Арман мақсаттарыңызға қалай жетуге болатыны туралы ойлап, стратегиялық жоспар құрып жүру – өте пайдалы. Немесе жоспарды қағаз бетіне түсіріп, талқылау. Бастысы іштің пысуы табиғи нәрсе, бірақ бұлда адам таңдауы.
Екінші күнә: мақсаттың болмауы. Егер адамда мақсат болмаса, оның орындалуынан келетін рахаттанда айырылады. Өмірлік мотив пен алға деген ұмтылыс, сол жолда адамға мағына береді. Ал ол әрине адамда болмаса, мүлде бір нәрсені істеуге деп ұмтылыс болмайды. Сіздің іс-қимылыңыз автоматты түрде болады, өз қалауыңызша өмір сүрмейсіз, сәйкесінше өзіңіздің өміріңізді сүрмейсіз. Бұл дегеніміз мақсаттың ойнайтын ролінің маңыздылығы.
Үшінші күнә: адасу. Өз армандарымызға бармас үшін ғана біз бірнеше сылтау тауып аламыз. Өз күшімізді бағаламай дамуға деген жолды кесіп тастаймыз. Сондықтан ештеңеге қарамай, арманымызды орындауға күш салу – істеп көруге тұрарлық іс.
Төртінші күнә: эгомен ойнау. Эгоист адамдар ұтылғанды қаламайды, сәйкесінше тек жеңіл ойындарды ойнайды. Ал сізге тапсырма керісінше, мықты қарсыластармен ойнап, даму. Қателіктен қашпау, одан сабақ алу. Жеңілістен кейін қайта тұрып, ойынды жалғастыру. Бұл жерде ойын дегеніміз әрине, өмірлік проблемалар.
Бесінші күнә: мүмкіндіктерден қашу. «Зона комфорта» да жата бермей, әрбір мүкіндіктерді пайдаланыңыз. Бәрі баяғыдай болып қала беретінін қаласаңыз, онда сізге өзгерістер керек емес. Өзгерістер керек емес болса, не үшін осы кітапты оқып отырсыз?
Алтыншы күнә: қорқу. Қорқыныш әрине табиғи құбылыс. Бірақ көп жағдайда шынайы факттерден емес өзіміздің болжамдарымыздан қорқамыз. Осының кесірінен мықты және ауқымды қадам жасауға бет бұрмаймыз. Ажалдың кез-келге сәтте келетінін біле тұра, несіне кейінге қалдырамыз.
Жетінші күнә: жабықтық. Интроверт адамдар адамдармен араласудан немесе іскерлік жұмыстардан басын ала қашады, оның дамуға ауадай қажет екенін біле тұра. Сондықтан ұялшақтық – сіздің даму жолында еш мағынасы жоқ құбылыс деп есептесек, жабық адамдар құр босқа өз мүмкіндіктерінен айырылып жатыр.
Тодд Генридің өмірді жаңадан бастап сүрдің 5 ережесі:
1) Ар-намыс кодексі. Сіз өзіңізге қағаз бетіне, қандай салт-дәстур болсын, әке-шешеңіздің тәрбиесі болсын, тек өзіңізге маңызды деген өмірлік ережелерді жазып қойыңыз. Болашақта, қандай жағдай болмасын, осы ережелерге сай қимыл жасайсыз.
2) Миссияңыз. Жаңа өмірлік жоспарлар мен стратегиялар сіздің миссияңызға қайшы келмейді ме қарап алыңыз.
3) Кіммен біргесіз. Дамуға көмектеспейтін, тек кері тартатын пайдасыз адамдардан арылыңыз. Бірақ та қандай адам болмасын, кездескенде бір пайдаңызды тигізуге тырысыңыз.
4) Маңызды тапсырмалар. Күнделікті маңызды деген тапсырмаларды жазып қойыңыз. «Кешке тыныш үйықтау үшін не бітіруім керек?» - деген сұрақ жақсы көмектеседі.
5) Өзіңізді ойлаңыз. Басқа адамдар мен жұмыстарды ойлай бермей, өзіңізге көңіл бөліңіз. Өзіңізге қарауға уақыт таппасаңыз, кейін ауруға уақыт табатын боласыз.
Осылайша өмірде шынайы прогресске қол жеткізу үшін осы 5 пүнктті сақтаңыз. Бұл сіздің алтын уақытыңызды дұрыс қолдануға көмектеседі.
Керек кітап каналы сізге оқығаныңыз үшін рахмет айтады! Досыңызға жіберіңіз!