July 7, 2019

Найди время: Как сфокусироваться на главном.

Джейк Кнапп. Джон Зарецки.

Әркімнің кітап жазуға деген уақыты бар. Әркімнің спортзалға баруға деген уақыты бар. Бірақ әркім оны істемейді. Қолы босамай жүрген, жұмысы көп адамнан – бүінге маңызы бар не істедің? - десек, басын ала қашады. Бұның барлығы уақытты дұрыс қолданбау. Бұл кітаптан сіз ешқандай жаңа ережелер мен әдіс-тәсілдер таппайсыз. Бірақ ненің маңызды екенін, неге бірінші уақыт бөлу керек екенін түсіндіруге тырысады.

«Бассейны бесконечности» - бұл дегеніміз сіздің YouTube-ты 10 мин қараймын деген видеоңыздың арты екі сағаттық уақыт жоғалтуға әкеп соғатындығы. Бұл дегеніміз ғаламтордағы ақпараттың саны шексіз көп екендігі. Тек бір қарай тұрайыншы деп басталған серфинг, бірнеше сағаттардан айырады.

Бұл кітаптың авторларының өздері Google мен YouTube-та адамдардың назарын аударумен жұмыс жасаған. Адамдарың бос уақытына талас үшін күрескен адамдардың, оған қалай қарсы тұруға болатыны туралы өз кітаптарынан оқыған жөн деп ойлаймын.

Авторлардың ең бірінші беретін кеңесі – бүгінгі күнге ең маңызды іс дайындап алыңыз. Бүгін сізге ең маңыздысы не? Осы сұрақ арқылы, сіз қайтсеңізде оған уақыт табасыз.

Бүгінгі күннің басты нәрсесіне ең жақсы уақыт – азаңғы уақыт немесе кешкі уақыт. Өнер адамдарына кешкі уақыт көбінесе ыңғайлы келеді.

Бір нәрсеге уақыт бөлсеңіз – ол уақытты тек соған жұмсаңыз. Ешқандай нәрсеге сізді алаңдатуына жол бермеңіз. Егерде жұмыста жүріп, үйдегі үтікті өшірдім ба, жоқпа деген ой келсе. Онда сіз жұмыста жүрген жоқсыз. Жұмысты жақсы жасаудың бірінші құпиясы – концентраця. Ұйқыдан тұрған соң сотканы қолға алмау. Әркімнің таңғы ритуалдары мен қайталап жасайтын жаттығулары бар. Көбіміздің ритуалдарымыз – әлеуметтік желілерді ақтару. Миыңыздың таңғы ойлау жүйесін таза сақтаңыз, таң атпастан танымайтын блогерге лайк басып қажеті жоқ.

Смарфонды өзіңізге бағындырыңыз – құлы болмаңыз.

Смартфондағы барлық қосымшалар және контенттер стимул үшін жасалған. Лайк, опрос, бір топқа деген байланыс. Сіз кейде смартфоныңызды керек болғандықтан емес, бір адамдар тобына деген байланысыңызды сезіну үшін ғана қарайсыз. Бұл ғаламторға деген тәуелділік тудырады. Сіз онсыз өзіңізді жайсыз сезінесіз. Сондықтан керек емес, сізге пайдасы шамалы қосымшаларды өшіріп тастағаннан басқа жол жоқ.

Бұл кітаптағы стратегиялар адамның дәл қазіргі сәттегі ненің маңызды екенін ұғынуға көмектеседі. Тәжірбиелерді өзіңізге жасап көріңіз. Бірте-бірте өз-өзіңізді сезінуіңіз жақсарып келе жатқанын көресіз. Бірақ ешқандай теория практикасыз орнынан қозғалмайды. Проблемаларға қарсы әлі ешкім дәрі ойлап тапқан жоқ.

 

Оқығаныңыз үшін рахмет!

Досыңызға жіберіңіз!